Балалар аурулары пәні



Pdf көрінісі
бет49/65
Дата15.03.2024
өлшемі3.24 Mb.
#495630
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   65
СТАНДАРТТАР жинағы балалар аурулары

Қолдану көрсетілімдері: бүйрек аурулары. 
Ресурстар: сыйымдылығы 200 мл кең мойынды 8 таза, құрғақ бір 
реттік конейнерлер (немесе шыны банка), этикетка жазып әрбір контейнерге 
желімдеп 
жапсырыңыз 
(бөлімше, 
палатасынын 
№, 
зерттеу 
мақсаты,порциянын №, жинау уақыты, айы-күні, мейірбикенің қолы), 
зертханаға жолдама. 
Іс-әрекет алгоритмі: 
 
1. Анасына немесе баланың туысына зәрді зерттеуге жинау тәртібі туралы 
науқасқа нұсқау жүргізіңіз: 


- зерттеуді жүргізу алдында зәр шығаратын препараттарды қабылдау 
тоқтатылады; 
- анализді жинау кезінде баланың тамақтануы мен сұйық ішуі бұрынғы 
тәртібінде қалдырылады, өйткені диурездің көбейуін және зәрдің 
салыстырмалы тығыздығының біршама төмендеуін болдырмау үшін; 
- зәр жинау кезінде бір тәулікте (24 cағатта) ішілген сұйықтық есепке 
алынады.
2. Таңертең сағат 6-да науқас қуығындағы зәрді унитазға босатуы керек. 
3. Жеке нөмірленген банкілерге әрбір 3 сағат сайын зәрді жинаңыз. 
№1 порция – сағат 6-дан 9-ға дейін, №2 порция – сағат 9-дан 12-ге дейін 
№3 порция – сағат 12-ден 15-ке дейін, №4 порция – сағат 15-тен 18-ге 
дейін 
№5 порция – сағат 18-ден 21-ге дейін, №6 порция – сағат 21-ден 24-ке 
дейін 
№7 порция – сағат 0-ден 3-ке дейін, №8 порция – сағат 3-тен 6-ға дейін. 
4. 24 сағаттан таңертеңгі 6-ға дейінгі кезеңде зәрді жинау үшін мейірбике 
баланы оятып отыруы керек. Ерте жастағы балаларда тең уақыт 
аралығында емес, «қалауы» бойынша жинауға болады. 
5. Келесі күні таңертең зәрдің барлық 8 порциясын зертханаға апарыңыз. 
 
 
Ескерту: 
- дайындалған ыдысқа зәр сыймаса, онда қосымша ыдысқа жинап, оның 
сыртындағы этикеткаға «қосымша зәр порциясы №» деп белгілеңіз 
- порцияның біреуінде зәр болмаса анализге бос банкі жіберіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет