Балалардың құқықтарын қорғау


Ата-анасы немесе олардың орнындағы адамдар өздерiнiң қабiлеттерi мен мүмкiндiктерiне сәйкес баланың күтiлуi мен жан-жақты дамуына қажеттi өмiрлiк жағдайларды қамтамасыз етедi



бет6/6
Дата05.05.2024
өлшемі0.78 Mb.
#500589
1   2   3   4   5   6
Тақырып 10. Бала құқықтарын қорғау

2. Ата-анасы немесе олардың орнындағы адамдар өздерiнiң қабiлеттерi мен мүмкiндiктерiне сәйкес баланың күтiлуi мен жан-жақты дамуына қажеттi өмiрлiк жағдайларды қамтамасыз етедi.

Мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес балалардың сауықтыру, спорт, шығармашылық және бос уақытын пайдаланатын өзге де ұйымдарын, лагерьлер мен санаторийлердi құрады және оларды қолдап отырады.

Мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес балалардың сауықтыру, спорт, шығармашылық және бос уақытын пайдаланатын өзге де ұйымдарын, лагерьлер мен санаторийлердi құрады және оларды қолдап отырады.

Мемлекет балалардың демалуға, сауығуға және бос уақытын пайдалануға құқығын қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асырады.

Баланың мiндеттерi 20-бап.

Баланың мiндеттерi 20-бап.

Әрбiр бала Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандығын, ар-ожданы мен қадiр-қасиетiн, Республиканың мемлекеттiк нышандарын құрметтеуге, еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға, тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қам-қарекет жасауға, тарих және мәдениет ескерткiштерiн сақтауға, табиғатты сақтауға және табиғи байлықтарға ұқыпты қарауға мiндеттi.

3. Сотта қорғау

Сотта қорғау кәмелетке толмағандардың құқықтарын сотта өкілдік ету арқылы жүзеге асырылады.

Сотта өкілдік етудің мақсаты – процеске қатысушы тараптарға кәсіби көмек көрсету. ­Өкілдік сот арқылы қорғауға және білікті заң көмегін алуға конституциялық құқықты жүзеге асыруға ықпал етеді.

Сотта істі өкілдер арқылы жүргізу (57-бап)

Сотта істі өкілдер арқылы жүргізу (57-бап)

1. Азаматтар өз істерін сотта жеке өздері немесе өкілдері арқылы жүргізуге құқылы. Азаматтың іске өзінің қатысуы оны бұл іс бойынша өкілінің болу құқығынан айырмайды.

2. Заңды тұлғалардың істерін сотта өздеріне заңмен, өзге де нормативтік құқықтық актілермен немесе құрылтай құжаттарымен берілген өкілеттіктер шегінде әрекет ететін олардың басшылары және (немесе) олардың өкілдері жүргізеді. Заңды тұлғаның басшысы сотқа өзінің қызмет бабын немесе өкілеттігін куәландыратын құжаттарды ұсынады.

Өкілдіксіз кәмелетке толмағандардың, әрекетке қабілетсіз азаматтардың, заңды тұлғалардың және т.б. мүдделерін қорғау мүмкін емес.

Өкілдіксіз кәмелетке толмағандардың, әрекетке қабілетсіз азаматтардың, заңды тұлғалардың және т.б. мүдделерін қорғау мүмкін емес.

Демек, өкілдік сот ісін жүргізуге қатысушы тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін тиісінше қорғауға ықпал ететін маңызды процессуалдық институт ­болып табылады



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет