Мақсаты: дыбыстық жаттығулар арқылы, әріптерді дұрыс айтуға машықтандыру.
|
№ 27
Еңбек: «Әдемі гүлдер»
Мақсаты:Гүлзардағы гүлдерді суару.Өсімдіктерге қамқор болу, аялау, күту.
Қимылдық ойын: «Орамал тастау».
|
Серуеннен оралу
|
Сөйлеуді дамыту.
«Менің қалам» (тәрбиешінің сұрағы бойынша әңгіме құрау)
Мақсаты: Туған қаласы туралы білімдерін жүйелеу және байыту,
Өзінің тұратын көшесі туралы әңгімелесу, зат есімдерді жекеше, көпше қолдануға үйрету.
|
Серуеннен келгеннен кейін киімдерін ұқыпты ілуді қадағалау.
Қолдарын жууға үйрету.
|
Серуеннен ішке қатармен, саппен жүруді үйрету.
Балаларға қимылды ойын түрінде үйрету.
Қимылды ойын: «Сапқа тұр»
Мақсаты: Балаларды қатарға, сапқа тұруды көрсету.
|
Серуеннен келе жатқанда балаларға тақпақтар қайталату.
Тіл ұстарту жаттығуларын қайталату.
|
«Біз тышқанбыз» Мақсаты: Мысықты оятып алмау үшін, тышқанның жүрісіне салу. Сапта дұрыс жүруге дағдыландыру.
|
Түскі ас
|
Ас алдында айтылатын тақпақ:
Ас дегенде отырып,
Тәрбиешіні тыңдаймыз.
Тамақ ішіп болған соң,
Орнымызды жинаймыз.
|
Көркем сөз «Бата»
Дастарқаныңа береке берсін!
Бастарыңа мереке берсін!
|
Ас алдында айтылатын тақпақ:
Ас дегенде отырып,
Тәрбиешіні тыңдаймыз.
Тамақ ішіп болған соң,
Орнымызды жинаймыз.
|
Тамақтану (өз орнын білу, дұрыс отыру, асхана құралдарын дұрыс ұстай білу, ұқыпты тамақтану , сөйлеспеу, алғыс айту)
|
|