Серуенге дайындық
|
Балалардың дербес қимыл белсенділігі үшін жағдай жасау, спорттық - ойын жабдықтары мен спорттық құрал-жабдықтады дұрыс пайдалану туралы әңгімелесу. Балаларды ретімен киіндіру (ауа-райы жағдайына байланысты), дұрыс киінуді бақылау (сөйлеуді дамыту, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту).
|
Серуен
|
|
|
№ 40
«Торғайлар мен мысық»
Мақсаты: қимылды ойын арқылы кеңістікті бағдарлай алуға үйрету
|
№ 41
«Жануардың дауысын сал»
Мақсаты: дыбыстық жаттығулар арқылы, әріптерді дұрыс айтуға машықтандыру.
|
№ 42
Күздегі өсімдіктердің түсін бақылау.
Мақсаты: Күзде өлі табиғатта болатын құбылыс өсімдіктерге деәсер ететіндігін түсіндіру.
Еңбек: Біздің ойын алаңы
Мақсаты: Ойын алаңындағы сарғайып түскен жапырақтарды жинау.Еңбекқорлыққа баулу.
Көркем сөз:
Жел тынымсыз гуілдеп, Болып кетті тым бұзық
Шуылдайды тал терек,
Жапырағын жұлғызып.
Мақсаты: Тақпақ үйрету арқылы балалардың есте сақтау қабілетін дамыту, тілдегі дауыс ырғағының мәнерлігін сезінуге үйрету.
|
Серуеннен оралу
|
|
|
Киімдерін жинау. Сөрелерін ретке келтіру
|
Көркем сөз:
Зеңгір көктен
Нұрын төккен
Ортақ біздің күніміз
Жайнап өскен, жайдары өскен
Біз өмірдің гүліміз
|
«Біз тышқанбыз» Мақсаты: Мысықты оятып алмау үшін, тышқанның жүрісіне салу. Сапта дұрыс жүруге дағдыландыру.
|
Түскі ас
|
|
|
Гигиеналық шаралар (қолды дұрыс жуу, өз орамалының орнын білу, қолды дұрыс сүрту, орамалды ілу.
|
Ас қайыру.
Асың, асың, асыңа,
Береке берсін басыңа!
|
Тамақтану (өз орнын білу, дұрыс отыру, асхана құралдарын дұрыс ұстай білу, ұқыпты тамақтану , сөйлеспеу, алғыс айту)
|
Күндізгі ұйқы
|
|
|
Балалардың тыныш ұйықтауы үшін жайлы жағдай жасау
«Қуыр-қуыр-қуырмаш» Музыка
|
Балалардың тыныш ұйықтауы үшін жайлы жағдай жасау
«Үй жануарлары» Әңгіме
|
Балалардың тыныш ұйықтауы үшін жайлы жағдай жасау
«Бала, бала, балақан» Музыка
|
|