УДК: 551.578.46; 311,8
балҚаш-алакӨЛ бассейнІНІҢ СОҢҒЫ 60 ЖЫЛДАҒЫ МҰЗБАСУ ӨЗГЕРІСТЕРІН БАҒАЛАУ
т.ғ. тоҚмаҒамбетов
г.ғ.к, гляциология зертханасының жетекшісі (География институты ҚР)
Орта Азия елдерін тұрақты дамыту мәселелерінің ішіндегі су мәселесі негізгі болып табылады.басты өзен бассейндері аймағының көбісінде беткі су ресурстары қазірдің өзінде таусылған және Орта Азия аумақтарында судың өте қиын стресті жағдайы сипатталды.
Табиғи ортадағы антропогендік жүктемелердің шапшаң өсуі салдарынан Орта Азия аймақтары мен Балқаш-Алакөл бассейндерінің аумақтарын қоса алғандағы экологиялық жағдайларының барлығы көбінесе тұрақсыз әрі алдын ала болжанбағандай бағаланып дәлелденген. Бұл әсіресе таулы аумақтарға қатысты, мұнда аймақтағы елдердің ауыз суы – іс жүзінде жаңғырған таза ресурстардың барлығы және жаңғырған су ресурстарының басым бөлігі қалыптасады.
Таудың мұзбасуы – климаттық өзгерістердің ең жарқын көрсеткіштерінің бірі. Жер бетіндегі жылу балансының барлық өзгерістерін және мұздықтардың баланс массалары мен таулы аумақтардың ылғалдану жиынтығын режим сипатында тура көрсетеді. Бұл факты осы қатынастардың көрсеткіші болып табылады, үштен бірінен көбірек қысқарған Орта Азия мен Қазақстан тауларының мұздануы үшін 1°С-дан аз жылдық ауа температурасының көтерілуі соңғы жүзжылға жеткілікті екен. Мұздықтар – ел аймағында қалыптасқан су ресурстарының басты көзі екенін былайша ұмытуға болмайды. Еріген мұздықтар сының үлесі аймақтағы өзендердің жылдық ағыны 30-ға дейін және одан артық пайыздарды құрайды, ал вегетациялық кезеңде өзен ағындарының жиынтығы көбінесе шамасынан 50% артады. Орта Азиядағы жаңғырған су ресурстарының 70%-дан артығы еріген қар суларымен бірге қалыптасады.
Балқаш - Алакөл бассейнінің мұзбасуы – ғылыми бағытқа байланысты ғалымдар мен гляциологтардың көп жылдар бойы тұрақты назарында болған пән. Іле Алатау солтүстiк беткейінің мұзбасуын көп зерттелген. [1- 4]. 1955, 1975, 1979, 1990 және 2008 жж ғарыштық түсірілімдерді айқындау негізінде немесе аэрофототүсірілімдердің материалдары бойынша құрылып, бір ізге салынған мұздықтар каталогында мына аудандағы мұздықтар жағдайы көрсетілген. Ең бастысы белгілі зерттеуші П.А.Черкасовтың арқасында Жетісу Алатауының мұзбасуы қазақстандық бөлігі аз зерттелген жоқ. Осы аумақтардың 1956, 1972, 1990 және 2000жж жағдайы бойынша бір ізге салынған мұздықтар каталогы жасалды.
Қытай бөлігіндегі Іле өзені бассейнінің мұзбасу өзгерістерін бағалау аса күрделі, бұл аумақтарға арналған 1962-1963жж аэрофототүсірілімдердің материалдары бойынша қытайлық мамандардың жасаған бір ғана белгілі каталогы бар.
Аталған каталогтардың деректерін салыстырмалы талдау анықталған бассейнаралық ерекшеліктерді толық айқындады: жоғарысы – таулы жоталардағы оңтүстік макробеткейлердің мұзбасуына арналған осы мұздық жүйесіндегі мұздықтар деградацияларының қарқындарын, ал ең төмені –орографиялық жабық бассейндердің шығыс бағыттарын сипаттайды [4–7].
Бұл ерекшеліктер атмосфералық ылғал тасымалдағыштың басым бағыттарына байланысты бассейндерін бағдарлауда және тау жоталарындағы экспозицилардың макробеткейлерінің тау жүйесіндегі таулы-мұздықтар бассейндерінің жағдайларын едәуір мөлшерде анықтайды[4-6, 8, 9].
Сонымен қатар климаттың өзгеруіне мұзбасу реакциялары бассейнаралық және аймақаралық ерекшеліктерінің себептері жеткілікті зерттелмеген. Бұл ерекшеліктерді көбінесе тұтас мұздықтар жүйесіндегі өзгеріс жағдайларын салыстырмалы талдау негізінде зерттеуге сенімді болуы мүмкін – таулы аудандардағы климаттық жағдай бойынша бiркелкi біршама мұздықтардың жиынтығы, бассейн топтарының мұзбасу ауқымдарынан жоталардағы макробеткейлердің бiр бағытта бағытталуы елдердің мұз басуға дейiнгі аумақтық көлемдерiн түрлендіруге болады. Сонымен бiрге қаралатын ерекшеліктерді мұздықтардың бірізді каталогтары мазмұны бойынша аталған деректерді салыстырмалы талдау негiзiнде бағалауға болатына көбінесе сенімі айқын. Өкiнiшке орай, мұндай каталогтар әлiде болсын сирек.
Сонымен бірге мұндай каталогтарды салыстырмалы талдау, соңғы жарты ғасырдың әр жылдарындағы жағдайлары бойынша мұздықтардың сипатын мазмұндап, мұздықтар жұйесіне сәйкес мұзбасу алаңдары мен жеке бассейндердің мұзбасу алаңдарындағы арақатынастарының тұрақтылығына ешқандай күдік келтірмейді [10]. 1955 жылдан 2008 жылдардағы Іле Алатауының сотүстік беткейіндегі өзен бассейндерінің мұзбасу алаңдарының үлесі Ұзын Қарғалы-Түрген өзенаралығы іс жүзінде өзгермеген барлық мұздықтар жүйесінің алаңдар жиынтығы. Түсірілімдер бойынша әр түрлi рұқсат пен сапада мұздықтар ауқымын қателіктермен анықтау, негізінен шартты және кездейсоқ сипаттағы өзгерістер әкелетін жеке бассейндерде қаралған. Жетiсу Алатауы мен Алтайдағы бұл арақатыстар өзгермеген. [10].
Алайда, бiрыңғай мұздықтар жүйесiнің шектерiне қатысты деградациялардың жоғары қарқындары жоталардың оңтүстiк макробеткейлеріндегі мұздықтарға тән, ал - шығыс бағыттағы жабық бассейндердің орографиялық мұздықтары үшiн қатысы төменірек екенін атап аймамыз [4, 6]. Осыған байланысты жоталардың оңтүстiк макробеткейлеріндегі мұздықтар алаңының үлесіндегі мұзбасу алаңының жиынтығы мұз жүйесiне сәйкес келе келе азаюы қажет, ал шығыстың шеткі тауларындағы орографиялық жабық бассейндер алаңының үлесі ұлғаюы керек болатынын күтуге болады.Бiрақ, Алтай мен Жетiсу Алатауының қазақстандық бөлiгiнiң аумақтары бойынша ұқсас деректерді және Іле Алатауының солтүстiк беткейін мұзбасу динамикасы туралы жоғарыдағы деректер ойдағыдай қарастырылған [10 ] ең аз дегенде он жыл уақыт мерзiмінде бұл өзерістердің қарқыны соншалықты аз. Қаралатын арақатынастардың тұрақтылығы климаттың өзгеруіне сай мұз жүйелерi мен жеке бассейндерді мұзбасудағы реакцияларының бiрыңғай куәлiгi болып табылады. Басқаша айтқанда, су алабының бөлiндiсiнiң мұздықтарының жеке мұздықтар, ахуалының өзгеру әр түрлi қарқындарына қарамастан олардың морфологиясының мерзiмдi ерекшеліктерінің, мөлшерлерінің, экспозицияларының, жеке бассейндер мұздықтарының барлық жиынтығының мұз жүйесiне сай сондай-ақ сыртқы әсерін сезiнеді.
1 Кестеде синхрондық мұздықтарды каталогтау жылдарында Жетiсудiң Алатауының қазақстандық бөлiгі мен Іле Алатауындағы солтүстiк беткейінің мұзбасқан алаңдарын туралы деректер көрсетілген.Көріп тұрғанымыздай, Жетiсудiң Алатауының қазақстандық бөлiгі мен Іле Алатауындағы солтүстiк беткейінің мұзбасқан жиынтық алаңдарындағы әр мұз жүйесiнiң мұзбасқан жиынтық алаңдарының үлесі келе келе тұрақтанбақ.
1 Кесте – Синхрондық мұздықтардың каталогтау жылдарында Іле және Жетiсудiң Алатауындағы солтүстiк беткейлердің мұзбасқан алаң үлестерінің есебі Таблица 1 Расчет доли площади оледенения северного склона Илейского и Жетысуского ледниковых систем за годы синхронной каталогизации ледников
Мұздық жүйе
|
Жылдардағы жағдай бойынша мұзбасу алаңы
|
Үш жылдағы орташасы,
%
|
1955/1956
|
1972/1974
|
1990
|
км2
|
%
|
км2
|
%
|
км2
|
%
|
1
|
287,3
|
26,09
|
245,3
|
25,97
|
204,1
|
25,01
|
25,69
|
2
|
813,9
|
73,91
|
669,2
|
74,03
|
612,0
|
74,99
|
74,31
|
Жалпы
|
1191,2
|
100
|
944,5
|
100
|
916,1
|
100
|
100
|
Ескерту – 1. – Солтүстік-Іле мұздықтар жүйесіне Іле Алатауының солтүстік беткейіндегі өзендер бассейндерінің мұзбасуы кіреді; 2. – Жетісу мұздық жүйесі Жетісу Алатауының қазақстандық бөлігін мұзбасу біріктіріледі
|
Әр мұздықтар жүйелеріндегі алаң үлеслерінің үш жылғы орташа мәнін қабылдай келе, Іле Алатауының Солтүстiк беткейіндегі мұздықтарды каталогтау жылдарында (1979 және 2008) Жетiсу мұз жүйесiнiң мұзбасқан алаңдарының жиынтығын есептеуге болады. 2008 жылғы жағдай бойынша (Қазақстан ішіндегі Солтүстiк-Іле + Жетiсу) ортақ мұздықтар жүйелеріндегі мұздықтар алаңын анықтау нәтижесі 669,36 км2 құрайды. Синхронды мұздықтарды каталогтау үш жылдағы орташа жиынтығы Жетiсу мұздықтар жүйесiндегі алаң үлесінің 74, 31% құрады. Демек, 2008 жылғы жағдай бойынша (қазақстандық ) Жетiсу мұздықтар жүйесiндегі алаң 497,4 км2 құрайды. 1979 жылғы жағдай бойынша ұқсас есептелінген Жетiсу мұздықтар жүйесiндегі алаң 662, 7 км2 құрайды.
Іле өзені бассейнінің қытай бөлiгiн бiрiктiретiн мұздықтардың, Жоғарғы-Іле мұздықтар жүйелерінің өзгерістерін бағалау аса күрделi болғандықтан бұл аумақта 1:100 000 масштабтағы топографиялық негiзiн қолдануымен 1962/63 жылдардағы аэрофототүсiрілім материалдары бойынша қытайлық мамандар жасалған тек жалғыз ғана мұздықтар каталогы бар екені белгілі [11, 12].
Қорыта келгенде, бiз еру кезеңдерінің ұзақтығы бойынша жоғарыда айтылған Балқаш - Алакөл бассейні - Солтүстiк Іле және Жетiсу екi мұздықтар жүйелерiнiң мұзбасу динамикасы туралы деректерді салыстыруға мүмкiндік аламыз. Солтүстiк-Іле және Жетiсу мұздықтар жүйелерiн мұзбасу алаңдарының қарқыны азаюы жылға 0, 748 % тиесі болса, 1955/56 жылдардан 2008 жылға дейiнгі жағдай бойынша 0, 757 құрады.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
-
Макаревич К.Г., Вилесов Е.Н., Головкова Р.Г., Денисова Т.Я., Шабанова П.Ф. Ледники Туюксу. – Л., Гидрометеоиздат, 1984. – 180 с.
-
Токмагамбетов Г.А. Ледники Заилийского Алатау. – Алма-Ата, 1976. – 366 с.
-
Вилесов Е.Н., Уваров В.Н. Эволюция современного оледенения Заилийского Алатау в ХХ веке. Алматы, 2001. – 252 с.
-
Severskiy I.V., Kokarev A.L. Severskiy S.I., Tokmagambetov T.G., Shesterova I.N., Shagarova L.V. Contemporary and prognostic changes of glaciation in Balkhash Lake basin. – Almaty, 2006. – 68 p.
-
Северский И.В., Токмагамбетов Т.Г. Современная деградация оледенения гор юго-восточного Казахстана. // МГИ. – 2005. - вып.98,. С. 3-10.
-
Kotlyakov V. M., Severskiy I.V. Glaciers of Central Asia: current situation, changes and possible impact on water resources// Assessment of Snow, Glacier and water Resources in Asia Selected papers from the Workshop in Almaty, Kazakhstan, 2006. Koblenz, 2009, Р.151-159.
-
Severskiy I.V. Current and projected changes of glaciation in Central Asia and their probable impact on water resources// Assessment of Snow, Glacier and water Resources in Asia. Selected papers from the Workshop in Almaty, Kazakhstan, 2006. Koblenz, 2009, Р. 99-111.
-
Оледенение Северной и Центральной Евразии в современную эпоху. / Под ред. В.М. Котлякова. М.: Наука. 2006. 482 с.
-
Котляков В.М. Избранные сочинения в 6 томах. Книга 2. Снежный покров и ледники Земли. – М.: Наука, 2004. – 488 с.
-
Северский И.В. К проблеме мониторинга изменений оледенения целостных ледниковых систем // Вопросы географии и геоэкологии. – Алматы. - 2011. №2. – С. 12-18.
-
Glacier inventory of China. Lanzhou, Vol.III, Science press, 1983. – 146 p.
-
Concise Glacier Inventory of China. / Ed. Shi Yafeng. – Lanzhou, 2008. – 205 p.
Достарыңызбен бөлісу: |