«Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» кмм а. Гайдар атындағы орталық қалалық балалар кітапханасы



Дата05.07.2016
өлшемі81.9 Kb.
#179155
«Балқаш қаласының орталықтандырылған

кітапхана жүйесі» КММ

А.Гайдар атындағы орталық қалалық балалар кітапханасы.
Жоба




БАЛҚАШ, 2011

Алғы сөз

Балқаш қаласында 2 балалар кітапханасы қызмет етеді: А.Гайдар атындағы орталық қалалық балалар кітапханасы және Қоңырат кентіндегі № 5 кітапхана – филиалы, сонымен қатар, балаларға № 1,2,3,4, Саяқ, Гүлшат кентіндегі кітапхана – филиалдары қызмет көрсетеді. Балаларға арналған кітап қоры 95475 мың кітап үлгілерімен қамтамасыз етілген, оның ішінде қазақ тіліндегісі 15756 данаға жетіп отыр. Жыл бойы балаларға және балалар оқуының жетекшілеріне 200-250 -ден астам мерзімді басылымдар ұсынылады. Кітапханалар жыл сайын 13 мыңнан аса оқырманға қызмет көрсетіп, 243800 мыңнан аса кітап береді.

Қызмет көрсету жүйесі пайдаланушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес ұйымдастырылған. Кітапхананың жас пайдаланушыларына компьютермен өздік жұмыс жасау, Ғаламторды кеңінен пайдалану мүмкіндіктері бар.

Негізгі міндеттерді шешу үшін, кітапханада қазіргі заманның талабына сай техникалық база құрылды: дербес компьютер, сканер, видеопроектор, жан-жақты техника, музыкалық орталық, фотоаппараттар және т.б. Жас пайдаланушылар үшін ақпарат пен заманауи ақпараттық технологияларды қолдану мен білу мақсатында іздену жөнінде сабақтар өткізіледі. Мұнда мектепке дейінгі жастағы балалар мен төменгі сынып оқушыларға қызықтырған кітаптарын асықпай таңдау үшін жайлы кресло, жұмсақ орындықтар, үстелдер бар. Балалардың бойына қарай ыңғайлы, қызықты кітаптар мен мерзімді басылымдар орналасқан стеллаждар қойылған.


Кітапханаларда әлеуметтік қорғалмаған және жағдайы төмен отбасы балаларымен жұмыс жүргізіледі.. №3 мектеп -интернатында тәрбиеленіп жатқан балаларға жүрегіне ыстық сезім, жылулық ұялату мақсатында әр формада шаралар ұйымдастырылып өткізіледі: «Сыпайылық пен өзін-өзі ұстау мәдениеті» ертеңгілік, орыс ақыны, жазушы, драматург П.Ершовтың 195 жылдығына «Непревзойденный Конек- Горбунок» әңгіме-шолу, белгілі балалар жазушысы Дж.Родаридің 90 –жылдығына «Великий сказочник Италии» сұрақ-жауап ойыны, «Жыр болып, құйындатып өткен өмірі» Ш.Қошқарбаевтың 145 жылдығына және де т.б. шаралар өткізілді

Кейінгі жылдарда: «Өзің оқы, өзгені қызықтыр», «Досыңды келтір!», «Оқырманның Жаңа жылы», «Соғыс туралы кітап оқы!» «Аулалық оқырмандар. Читающие дворики» акциялары жүзеге асырылды.

А.Гайдар атындағы орталық балалар кітапханасының ұжымы үнемі шығармашылық ізденіс үстінде, өзінің беделді ортасын кеңейтеді, жаңа ақпараттық қызметтер енгізіп, қызығушылық танытқан адамдармен, мекемелермен, ұйымдармен байланысты орнықтырады, өздеренің кішкентай оқырмандарының өздік жүзеге асыру жұмысы мен ақпараттық білімінің толықтыруна жағдай жасайды.

Жоба бойынша жалпы мәліметтер
1.Жоба ұйымдастырушысы - «Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ

2.Жоба жетекшісі – Балғайша Дүйсекейқызы Құрманова.

3.Жобаны іске асыру орны – Балқаш қаласы, Қоңырат, Гүлшат,Саяқ кенттері.

4.Жобаға қатысушылар: қала балалары, ОКЖ қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдар, мемлекеттік мекемелер(мектептер, балабақшалар), бұқаралық ақпараттық құралдар, ата-аналар.

5.Жобаны іске асыру мерзімі – 2011-2014 жж.

6.Жобаның жалпы құны – 17000,1 теңге


Жоба мақсаты
Бұл жобаның мақсаты жасөспірімдік инфрақұрылымда балалардың жайлы және қауіпсіз өмір сүруі үшін жағымды жағдай жасауды қамтамасыз ету, оларды белсенді, қоғамдық маңызы бар іске еліктіру, әр баланың азаматтық әлеуетін дамыту.

Материалдың кеңдігі мен жұмыс түрін пайдалана отырып, кітапхана арқылы балаларға оқудан бар рахатты сезінуіне мүмкіндік пен үлкендерге сай өзіне мейірімді қатынас және жаңа білім, қабілет пен тәжірибесін ашу бақытын сезінуге мүмкіндік беру. Кітапхананы балалар үшін мейірімді, рухани, ақпараттық, зерттеушілік және танымдық орталық ету.


Жоба міндеттері


  • Балалар кітапханасына келушілер санын көбейту;

  • Балалардың оқу қабілетінің дамуына бағытталған балалар кітапханасы негізінде өткізілетін шаралардың санын көтеру;

  • Өз кітапханаларында әмбебап балалар қорын жинақтау және осы қорға балалар мен олардың ата-аналарына қолжетімді жағдай жасау;

  • Балаларға танымдық және рухани даму мен қанағаттандыру үшін жағдай құру;

  • Балаларды ақпарат алу құқығымен қамтамасыз ету.

  • Шара өткізу барысында жаңа жұмыс түрлері мен әдістер қолдану, іздену

  • Балаларға қатарластарымен арақатынасу мүмкіндігін ұсыну;

  • Балалар үшін жайдары, ашық және қауіпсіз жағдай жасау

Мәселе қойылымы
XXI ғасыр – ғылым, білім, мәдениет ғасыры болғандықтан болашақ ұрпақтың білімді және мәдениетті болуын қалаймыз. Сондықтан да еліміздің алдында тұрған міндеттерінің бірі – бала тәрбиесіне көңіл бөліп, олардың білімін кеңейтіп, оқуға деген құштарлығын ояту.
Оқуға деген сүйіспеншілікті оятуда – кітапхананың орны ерекше. Бүгінгі таңда рухани дүниетанымы кең, көзі ашық, көкірегі ояу ұрпақ өсіру, оны өнерге, халықтық мұраға бейімдеуде, мәдени құндылықтарды жаңғыртып, таратуда сипат беретін мәдени орынның бірі – кітапхана екені сөзсіз.
Кітапханаға келген балалар ертегілер еліне келгендей болады. Өйткені балалар бір-бірімен танысып, кітап, журналдар оқып, керек анықтамаларын алып, уақыттарын қызық өткізеді. Ал біздер, кітапханашылар оқырмандарды білім нәрімен суарып қана қоймай, олардың жүрегіне жақсылықпен ізгі қасиеттерді толықтыруға тырысамыз. Балалар кітапханасы – балаларға оқу рақатын сыйлайтын, сауаттылық пен мәдениеттілікке баулитын бірден-бір киелі орын болып саналады.
Жобаның дәйектемесі
Балаға мейірімді кітапхана балалардың ең абзал мүдделерін:

  • мәдени дамуына

  • оқу машығын дамытуға

  • бос уақытын қамтамасыз етуге міндетті

Балалар кітапханалары кітап қорын ұйымдастыру барысында төмендегідей талаптарды ескереді:

  • жоғарғы сапа

  • жас сәйкестігі

  • өзектілік және нақтылық

  • ұстанымдық мен құндылық

  • ұлттық мәдениеттің ерекшелігі

  • жалпы мәдениеттік құндылықтар


Жобаны іске асыру үшін төмендегідей

шаралар жоспарланған:



Ісшаралар

Орындалу мерзімі

• Балалар мен жасөспірімдерге дифференциалдық кітапханалық қызмет көрсетуді жалғастыру және олардың жас ерекшелігі мен әртүрлі оқырмандық қызығушылын ескере отырып жетекшілік ету

2011-2014жж.

• Әр жас ерекшеліктер топтары үшін оқуды қолдайтын бағдарламалар жасап, жүзеге асыру :

  • «Жазғы оқу залы»- журанлдар мен кітаптарды оқу, ойындар, викториналар және тұрғын үй аулаларындағы конкурстар.

  • «Бірге оқимыз!»- балалар мен ата-аналардың бірге оқуға ұсынылған кітапхана қорының жаңа кітаптарының мәдениет пен демалыс паркіндегі кездесу-тұсаукесер рәсімі.

Жыл сайын.

Жыл сайын.



• Балалардың 20 минут ішінде кітапты іштей оқып,

жүргіншілердің таңдануы мен қолдауын шақыратын

«Барлығы оқиды»флэш-моб ұйымдастыру


2011 жылдың маусым айы.

• Балалар әдебиетінің жалпы келіп түскен санынан

30 %-дан кем емес бөлігін иеге алу.



2011-2014жж.

• Балаларға арналған мерзімдік басылымдарға жалпы

жазылу санынан 30%-дан кем емес жазылуды жүзеге

асыру.


2011-2014жж.

• Мектепке дейінгі және кіші мектеп оқушыларына

кітап-ойыншықтар, магниттік ойындар, құрастыру –

ойыншықтары, жұмсақ кітапшалар-ойыншықтар,

көрініс-кітаптарды қолға алу.



2011-2014жж.

• Ең кішкентай оқырмандар үшін жиһаз қолға алу:

балаларға арналған орындықтар, үстелдер.



2012ж.

• Кітапханалық ісшараларға қатысушы балаларға

сыйлықтар мен мақтау қағаздарын қолға алу.



2011-2014жж.

• Балаларға арналған басылымдық қызметті жүзеге

асыру.(жарнамалар, буклеттер, үндеулер, оқу

жоспарлары т.б.)


2011-2014жж.

• Балалардың үйлесімде дамуы үшін отаншылдықтың,

өлкетанушылдықтың, эстетикалық, экологиялық

тәрбиесінің, құлықтылықтың және активтік

азаматтық ұстанымын дамыту бойынша мәдениеттік

–көпшілік ісшаралар өткізу.


2011-2014жж.

• Балалар арасында кітапханалардың балаға мейірімді

ортаның қалыптастыру бойынша жұмысын

жақсартатын сауалнамалар, сұраулар, ұсыныстар

жинақтау бойынша интервью.



2011-2014жж.


Күтетін нәтижелер
Кітапхана кез келген жастағы бала үшін ашық, мейірімді, тартымды, ерекше жер ,jksg табылады. Кітапханалар – балалардың бір-бірімен кездесетін, қызықты тұлғалармен танысатын бұқаралық жері. Балалар кітапханалары жас ұрпақтың ақпарат, мәдениет және ойын-сауық қажеттіліктерін:
• түрлі материалдарды ұсыну ;

• ақпараттық және анықтамалық қызметін көрсетуі;

• керекті материалдардың таңдауына көмек көрсетуі;

• балаларды қордың және кітапханалық қызметтің қалыптастыру процессіне қатыстыру;

• ақпараттық сауаттылыққа үйрету;

• себепші қызмет (оқуға құлшынысты арттыру);



• тұлғаның рухани-құлықтылық сапасын тәрбиелеу арқылы арттыру

Жобаның жалпы бюджеті




Шығын атауы

Жалпы саны(мың теңге)

Жыл

1.

Кітап сатып алу

3000,0

Жыл сайын

2.

Балалар периодикасына жазылу

900,0

Жыл сайын

3.

Балаларға арналған орындықтар мен үстелдер алу

100,0

2012ж.

4.

Кеңселік шығындар

50,0

Жыл сайын

5.

Ұйымдастыру техникаларына шығын материалдары (тонер, барабан)

100,0

Жыл сайын

6.

Іс шаралар қатысушыларына сыйлықтар алу

200,0

Жыл сайын




2011-2014 жж. қорытындысы

17000,1





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет