Балық шаруашылығы



бет4/5
Дата16.02.2023
өлшемі0.91 Mb.
#469631
1   2   3   4   5
балық шаруашылығы

Әуелі балықты тұйық жерге қуып қамап, қолмен және шанышқы түйреп ұстаса, соңынан қайық пайдаланып, қармақпен аулайды. Балықшылар балық аулауға қажет жабдық, аспаптарды жасап алуды үйренді, балық аулаудың тиімді мезгілдерін, орындарын, әдіс–тәсілдерін меңгерді. Қазақ жерінде орыс қоныстанушылары санының өсуіне және Ресеймен сауда–экономикалық байланыстардың кеңінен өрістеуіне байланысты балық және балық өнімдеріне сұраныс өсе бастады, сол себепті балықшылық XIX ғ.а.–XX ғ.б. кезінде көптеген адамдардың күн көріс кәсібіне айналды. Каспий теңізі жағалауында, Шалқар, Имантау, Щучье, Чебачье, Зайсан, Алакөл, Балқаш көлі, Арал теңізі, Жайық, Сырдария, Қара Ертіс, Іле, Шу өзендері жағалауында Балықты кәсіп еткен қазақ қауымдары пайда болды. Б.-пен негізінен ер адамдар айналысты. Балықпен қазақтар қосалқы кәсіп ретінде айналысты десек те, Сырдың төменгі ағысы бойында XIX ғ. екінші жартысы XX ғ.б. кезінде кәсіптің бір түрі ретінде дамып, Сырдың Арал теңізіне құяр тұсында балықшы ауылдары қалыптасып, өңірде Б. кәсібі қазақтардың тіршілігінде айтарлықтар мәнге ие бола бастады. Орынбор–Ташкент темір жолының салынуы Арал теңізі және Сыр өңірінде балық шаруашылығының одан әрі дамуына эсер етті. Арал теңізінде балықты «аханша» деп аталатын тормен және ширатылған жіппен тоқылған аумен аулады. XIX ғ.а. Аралда балық аулаумен айналысатын 20 қауымдастығын әрқайсысында 80–нен аханша болған, яғни Арал теңізінің шығыс бөлігінде күніне 800-ге жуық аханша құрылған. Торлар мен аулар бір жіптің бойына керіліп, сырғауылға бекітілді. Балықты күніне үш мезгіл: таңертең, түс қайта, кешке жинап отырған. Ұсталған балықты тұздап, мата үстіне жайып қойып әбден суы ағып болғаннан кейін сатады. Ірі балықтың арқа сіңірін бөлек алып, сығып, күнге кептіреді. Балықшылар баспанасы шалаш деп аталды. Шалаш дарбазалары қамыстан соғылды. Top, ay, қайықты көбінесе балықшылар өздері даярлады. Балықты кейде орыс көпестеріне ұн, түз сияқты тағамдарға да айырбастап отырды. Ертедегі қазақтар мал шаруашылығымен катар қосымша кіріс көзі ретінде тіршілік қамы үшін балықпен де айналыса бастаған.


Өңдеу тәсілдері


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет