Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының міндетін атқарушының
2010 жылғы 21желтоқсандағы № 351 бұйрығына 10-қосымша
«Банктердің банкаралық заемдары мен салымдары жөніндегі есеп»
ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын
(коды 7531207, 8-СБ индексі, кезеңділігі апталық)
толтыру жөніндегі нұсқаулық
1. Бұл Нұсқаулық «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы
19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Банктердің банкаралық заемдары мен салымдары жөніндегі есеп» ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру (коды 7531207, 8-СБ индексі, кезеңділігі апталық) тәртібін нақтылайды.
2. Осы статистикалық нысанды толтыру мақсатында мынадай анықтамалар қолданылады:
-
заем – өзара келісімге келген екі жақ: заем беруші және заемшы арасындағы шарттың түрі. Осы шартқа сәйкес заем берушi заемшының меншiгiне (шаруашылық жүргiзуiне, оралымды басқаруына) ақша немесе тектiк белгiлерiмен айқындалған заттарды бередi, ал заңнамада немесе шартта көзделген жағдайларда оларды беруге мiндеттенедi, ал заемшы заем берушіге дәл осындай ақша сомасын немесе осы тектегi және сападағы заттардың тең мөлшерiн уақытында қайтаруға мiндеттенедi;
-
салым – бір тұлға (депозитор) басқа тұлғаға – банкке, оның ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі – ҚР ҰБ) және Ұлттық почта операторына олар номиналды түрде (ислам банкіндегі инвестициялық депозиттен басқа) қайтарылатын шартпен, алғашқы талап етуі бойынша немесе қандай да бір мерзімнен кейін толық немесе бөліп-бөліп, алдын ала келісілген үстемесімен не онсыз, депозиторға тікелей не оның тапсыруымен үшінші тұлғаға берілетініне қарамастан, беретін;
-
резидент банктер – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, Қазақстан Республикасының аумағында тұрғылықты жері бар барлық банктер, сондай-ақ Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде тұрғылықты жері бар олардың филиалдары мен өкілдіктері;
-
резидент емес банктер – Қазақстан Республикасынан тыс жерде құрылған және өздері тіркелген мемлекеттердің заңнамасы бойынша банк операцияларын жүзеге асыруға құқығы бар банктер және өзге де қаржы институттары;
-
банкаралық операциялар – банктердің шарттық негізде депозиттер және кредиттер нысанында бір бірінен қаражат тарту және орналастыру бойынша жасайтын операциялары;
-
ұлттық валюта – қазақстандық теңге;
-
шетел валютасы – шет мемлекеттің валютасы, сондай-ақ халықаралық ақша немесе есеп айырысу бірліктер;
-
USD – АҚШ доллары;
-
EURO – Еуропалық одақ елдерінің ақша бірлігі;
-
RUB – Ресей рублі;
-
мерзімін ұзарту – заем шартының қолданылу мерзімін ұзарту.
3. Бұл статистикалық нысанды заемдар беру (алу) және салымдар орналастыру (тарту) бойынша банкаралық операцияларды жүзеге асыратын барлық банктер апта сайын жасайды. Есеп мың валюта бірлігімен ұсынылады. Бес жүз валюта бірлігінен аз сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал бес жүзге тең және жоғары сома мың валюта бірлігіне дейін дөңгелектенеді.
Есеп филиалдар бойынша деректер ескеріле отырып тұтастай алғанда банк бойынша ұсынылады.
Егер есепті тапсыру мерзімі демалыс күнге келсе, одан кейінгі жұмыс күні есепті ұсыну күні болып саналады.
Есеп ҚР ҰБ-не криптографиялық қорғау құралдарын пайдалана отырып, VIDO электрондық байланысы арқылы электрондық түрде ұсынылады.
ҚР ҰБ-не ұсынылғаннан кейін есепке өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттігі болған жағдайда, есептіліктің субъектілері ҚР ҰБ-ға бұл туралы қолда бар кез келген байланыс түрі бойынша хабардар етуге және есепті ҚР ҰБ-не өзгерістері және (немесе) толықтыруларын есепке ала отырып, электрондық түрде ұсынуға міндетті.
4. Орташа алынған сыйақы ставкасы былайша айқындалады:
мұндағы
– n-ші мәміле бойынша сыйақы ставкасы,
– n-ші мәміле бойынша көлем.
5. Есепте банктермен, оның ішінде ҚР ҰБ-мен заемдар және салымдар бойынша жасалған операциялар заемды беру (алу) немесе салымды орналастыру (тарту) туралы шешім қабылданған сәттен бастап көрсетіледі.
Есепке берілген (алынған) заемдардың немесе мерзімі 1 жылға дейінгі орналастырылған (тартылған) салымдардың ұлттық валютадағы да, шетел валютасындағы да (теңгеге қайта есептелмеген) барлық сомалары кіреді. Есепте бұрын көрсетілген берілген (алынған) заемдар немесе орналастырылған (тартылған) салымдар бойынша мерзімін ұзартуға шарттар жасалған жағдайда мерзімі ұзартылған сомаларды келесі есепке кіргізуге болмайды.
Егер мәміле жасалмаған болса, ал ол бойынша есеп ұсынылған болса, онда банк ҚР ҰБ-не хабардар етеді және түзетілген есепті сол күнге ұсынады.
6. Арифметикалық-логикалық бақылау:
1, 3, 5, 7, 9, 11, 13, 15-графалар бойынша 01 шифр мынаған тең: сол графалар бойынша 02 шифры плюс 03 шифры;
1, 3, 5, 7, 9, 11, 13, 15-графалар бойынша 04 шифр мынаған тең: сол графалар бойынша 05 шифры плюс 06 шифры;
1, 3, 5, 7, 9, 11, 13, 15-графалар бойынша 07 шифр мынаған тең: сол графалар бойынша 08 шифры плюс 09 шифры;
1, 3, 5, 7, 9, 11, 13, 15-графалар бойынша 10 шифр мынаған тең: сол графалар бойынша 11 шифры плюс 12 шифры;
1, 3, 5, 7, 9, 11, 13, 15-графалар бойынша 13 шифр мынаған тең: сол графалар бойынша 14 шифры плюс 15 шифры;
1, 3, 5, 7, 9, 11, 13, 15-графалар бойынша 16 шифр мынаған тең: сол графалар бойынша 17 шифры плюс 18 шифры.
Достарыңызбен бөлісу: |