Банктің бағалау жөніндегі есептерге қатысты ұсыныстары



Дата07.07.2016
өлшемі58.5 Kb.
#183408

БАНКТІҢ БАҒАЛАУ ЖӨНІНДЕГІ ЕСЕПТЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ҰСЫНЫСТАРЫ


1. Бағалау жөніндегі есептерге қатысты негізгі ұсыныстар

  1. Қамсыздандырудың нарықтық құнын бағалауды несиелеу мақсатында бағалаудың тағайындалуымен жүргізу ұсынылады. Бағалау жөніндегі есептерді жасау барысында Міндетті талап болып табылатын бағалаудың объективтілігі мен шынайылық қағидаттарын сақтау.

  2. Бағалау Несие алушы бағаланатын мүліктің құқық белгілеуші және сәйкестендіруші құжаттарын ұсынғаннан кейін және бағалау нысанын тексерген соң, яғни орналасқан жеріне барып, құқық белгілеуші құжаттардың сәйкестігін тексеру арқылы нақты сандық мөлшерін, техникалық және сапалық сипаттамаларды анықтағаннан кейін жүргізіледі.

  3. Тікелей бағалаушының өзі жүргізген тексеру нәтижелері бойынша осы Бағалау жөніндегі есептерге қойылатын талаптармен қарастырылған қосымша талаптарды ескере келе және заңнамамен белгіленген Бағалау жөніндегі есептің мазмұны мен формасының талаптарына сәйкес Бағалау жөніндегі есеп жасалады.

  4. Бағалау жұмыстарын орындаудың сапасын қамтамасыз ету үшін шынайы ақпаратты пайдаланудың негізінде (бағалаушы мәліметтер мен деректердің сенімділігіне, толықтығына және сапасына сенімді болған жағдайда) адекватты бағалау әдістерін қолдану және есептеулерді дұрыс жүргізу арқылы жүргізу керек.

  5. Бағалау жөніндегі есепті рәсімдеген кезде бағалаушы кез-келген тұлғалардың ықпал етуіне және қате пікірлерге, екі мәнді түсіндіруге жол бермейтін, қолжетімді мәліметтерді, есептік көрсеткіштерді және бағалау жұмыстарының негіздемесін объективті, жеткілікті және қолжетімді баяндауды қамтамасыз ету керек.

  6. Барлық есептеулер толық және тексерілетін түрде ұсынылуы керек. Есептердің қолжетімділік қағидатын сақтау мүлтіксіз орындалуы керек. Түзету коэффициенттерін қолдану және олардан бас тарту негізделген болуы керек.

  7. Қорытынды нарықтық құнын қосымшаларда келтірілген типтік формаға сәйкес жүргізу керек.

  8. Типтік формаға сәйкес бағалау нысандарының сапасын, жиынтықтылығын және техникалық сипаттамаларын (техникалық төлқұжаты, дайындаушы зауыттың сертификаты) растайтын құжаттар тізімін тіркеу (қоса ұсынылады).



2.Бастапқы ақпарат пен нысан бойынша құжаттамаға қатысты ұсыныстар

  1. Бағалау жөніндегі есептілікте нысанның толық сипаттамасы берілуі керек және міндетті түрде мыналар тіркеледі:

Жалпы талаптар:

  1. Бағалаған күннен бастап бір айдың ішінде бағалаған кезде жасалған нысанның түрлі-түсті суреттері;

  2. Бағалаушы және Несие алушы/Несие беруші немесе оның өкілі қол қойған нысанды тексеру актісі;

  3. Бағалау кезінде Несие берушіге рәсімделген бағаланатын нысан бойынша құқық белгілеуші және сәйкестендіру құжаттарының көшірмесі;

  4. Бағаланатын объектінің бағалау кезіндегі техникалық-технологиялық көрсеткіштерін растайтын техникалық төлқұжаттың, спецификациясы мен басқа құжаттардың көшірмелері;

  5. Бағалау жүргізген кезде жиналған және қолданылған құжаттардың, техникалық құжаттаманың, келісімдердің, беру актілерінің, ақпарат көзін көрсете отырып, басқа бастапқы мәліметтердің көшірмелері мен бағалаушының қарауына қарай басқа материалдар.

  6. Нарықтық ақпаратты, анықтамалық материалдарды және бағалағаннан кейін бір айдан аспайтын мерзім ішінде нысанға қатысты басқа мәліметтерді қолдануды растау мақсатында бағалауларды есептеу үшін пайдаланылған құжаттар;

  7. Бағалағаннан кейін бір айдан аспайтын мерзім ішінде объектіге қатысты ауыртпалықтың болмауын растайтын құжаттың көшірмесі;

  8. Құзіретті орган бағалаушы маманға және Бағалау компаниясына бағалау қызметімен айналысуға берген лицензиялардың көшірмесі.

Жер учаскелері:

  1. Облыстардың (республикалық маңыздағы қалалар, елорда), аудандардың (облыстық маңыздағы қалалар) құзіретті органдары берген жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжаттар:

  • Жер учаскесі жеке меншікті болғанда – жер учаскесіне жеке меншік құқығының актісі;

  • Уақытша ақылы ұзақ мерзімді пайдаланған жағдайда – уақытша ақылы ұзақ мерзімді пайдалану құқығының актісі;

  • Жылжымайтын мүлік құқығын және онымен жасалатын мәмілелерді тіркеу жөніндегі мемлекеттік органда тіркелген Жер учаскесін сатып алу-сату келісімі / жерді жалға алу / уақытша ақылы ұзақ мерзімді пайдалану туралы келісімі;

  • Жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық комитет берген жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнының актісі;

  • Жер пайдалану құқығын сатып алуды растайтын құжаттар болып табылады.

Ғимараттар мен құрылыстар:

  • Жоғарыда көрсетілген жер учаскесінің құжаттары.

Тұрғын үйлер:

  • Түгендеу ісі/жылжымайтын мүлікті рәсімдеу жөніндегі құзыретті мемлекеттік орган басшысының белгісімен/мөрімен және қолымен техникалық төлқұжат;

  • Сатып алу-сату келісімі (айырбастау, сыйлау және басқалары), пайдалануға беру актілері және басқалары;

  • Жылжымайтын мүлікті рәсімдеу жөніндегі құзыретті мемлекеттік орган берген Жылжымайтын мүлік құқықты (ауыртпалықты) және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, онда келесідей мәліметтер ұсынылады:

a) жылжымайтын мүлік нысаны мен ол орналасқан жер учаскесі (алаң, құрамдастарының саны, кадастрлық номер және т.б.) туралы;

б) жылжымайтын мүлік нысаны мен ол орналасқан жер учаскесінің иесі туралы;



в) барлық тіркелген құқықтар мен ауыртпалықтар (тыйым салу, кепіл және т.б.) туралы немесе ауырпалықтың жоқ екендігі туралы (сараптама жүргізу үшін Банкке құжаттарды ұсынған күндегі жағдай бойынша);

  • Электр энергиясы, сумен қамту, байланыс қызметтері және басқа коммуналдық төлемдер бойынша қарыздың болмауы туралы анықтама.

Кәсіпорын мүліктік кешен ретінде:

  • Атауын, пайдалануға берілген жылы, түгендеу номері, бастапқы және қалған баланстық құны, техникалық сипаттамалары мен ағымдағы жағдайы көрсетілген негізгі құралдар тізімі (мөрмен бекітілген, Несие берушінің бірінші басшысы мен бас бухгалтері қол қойған);

  • Жер учаскесі, ғимарат пен құрылысқа қатысты – жоғарыда аталған барлық құжаттар;

  • Мүліктік кешен құрамына кіретін қондырғыға қатысты – төменде аталған барлық құжаттар.

Ескерту: құқықтарды (ауыртпалықты) мемлекеттік тіркеу туралы анықтамада нысанның мүліктік кешен ретінде тіркелгені көрсетілуі тиіс.

Қондырғы мен тарату құралдары:

  • Атауын, пайдалануға берілген жылы, түгендеу номері, бастапқы және қалған баланстық құны, техникалық сипаттамалары мен ағымдағы жағдайы көрсетілген негізгі құралдар тізімі (мөрмен бекітілген, Несие берушінің бірінші басшысы мен бас бухгалтері қол қойған);

  • Ғимараттар мен құрылыстарсыз кепілге берілетін тарату құралдарының техникалық төлқұжаттары;

  • Техникалық құжаттама, шығарылу және сәйкестік сертификаттары – пайдалану мерзімі 5 жылдан асатын қондырғылар үшін;

  • Спецификациялардың (бір уақытта қаржыландыру заты болып табылатын қондырғылар мен тарату құралдары үшін) қосымшаларымен келісімшарттар (жеткізу келісімдері және т.б.).

Тауарлар, соның ішінде айналымдағы тауарлар:

  • Несие берушіде кепілге берілетін мүлікке құқықтың пайда болуына негіз болатын құжаттар (сатып алудың негізіне байланысты);

  • Мөрмен бекітілген, Несие берушінің бірінші басшысының, Кепіл берушінің бас бухгалтерінің және кепілге ұсынылатын тауарларды сақтау және сату үшін материалдық жауапты тұлғаның қолы қойылған атауы, саны, бағасы, беру күні, сақтау орны көрсетілген кепілге ұсынылған тауарлардың болуы туралы қоймалық анықтама;

  • Қойма бөлмесін жалға алу келісімі немесе жауапты сақтау келісімі – егер тауарлар жалға алынған қоймаларда сақталса;

Ескерту: тауарлардың меншік иесі емес (несие беруші емес) берген қоймалық анықтамада нағыз ресурстық анықтама берілетін, меншік құқығымен тиесілі және несие берушіге тиесілі тауарлар көрсетілуі керек.

  • Сәйкестік немесе өндірушінің/сапа сертификаты;

  • Техникалық құжаттама (жекелеген тауар түрлері үшін);

  • Кепілге қойылатын тауардың Несие берушінің балансында айналымда болуын растайтын «Тауар-материалдық қоры» бухгалтерлік балансының тарауының шифрін ашу.

Қамсыздандыруға тез тозатын, тез бүлінетін ТМҚ, сатылмайтын заттар және қиын сәйкестендірілетін нысандар қабылданбайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет