Барысында оқушылар



бет1/8
Дата15.06.2016
өлшемі0.57 Mb.
#136822
  1   2   3   4   5   6   7   8


Алғы сөз
Қазіргі кезеңде елімізде қанатын жая бастаған, жаңа типті білім ордалары- Зияткерлік мектептердегі оқыту процесінің басты ерекшелігі оқушылардың дербестігін күшейтуге, білімдерін өздігінен толықтыру мәселесіне баса көңіл аудару болып табылады. Дербестіліктің дамуы жас зияткерлердің алған білімін іс жүзінде еркін қолдана білуінен байқалады. Ал дербестілікке қол жеткізу әрбір сабақта оқушылардың өзіндік жұмыстарын тиімді ұйымдастырумен, сол арқылы оқушылардың логикалық ойлау әркетін дамытумен тікелей байланысты. Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру кезінде оларға күрделілігі жоғары есептер беру өте маңызды. Өйткені белгілі бір «өзіндік құпиясы» бар, «қызық» есептер шығару – химия ғылымын өмірмен байланыстыратын тамаша әдіс. Есептер шығару арқылы баланың ойлау, есте сақтау, ғылым тілінде сөйлей алу қабілеттері дамиды, химиялық заңдар мен құбылыстарды түсінуі қалыптасып, дүниетанымы артады. Химия сабақтарында өзіндік жұмыс кезінде есептер шығару

барысында оқушылар:

есептің шартын сауатты құра білу;

есепке талдау жасай білу, зерттеу жүргізе білу;

есептің типін анықтау;

есептің шығару тәсілін таңдай білу, шығару жолының жоспарын жасау;

масса мен көлем брліктерін Халықаралық жүйеге (СИ)- халықаралық жүйесіне келтіре білу;

алынған жауапқа талдау жасай білу;

қосымша әдебиетпен жұмыс жүргізе білу сияқты нақты біліктілікке ие болады.



Әрбір өзіндік жұмыста шәкірттер бойында белгілі бір икемділік, іскерлік дағды қалыптастыру сияқты мәселелерге ерекше назар аударылады. Оқушылардың білім мен білік, іс -әрекет дағдыларын тығыз қалыптастыра отырып, есте сақтау, тез ойлау, дұрыс жауап беру, өз пікірін айту, дәлелдей алу әрекеттері күшейіп, ой-өрісі шыңдала түседі.

Ұсынылып отырған «Қызықты химия есептері» жинағы түрлі деңгейдегі конкурстық және олимпиадалық «қызық», 8-9 сынып оқушыларына арналған күрделілігі жоғары есептерден және олардың шешу алгоритмінен құралады. Жинаққа химия сабақтарында оқушылардың өзіндік жұмыстары кезінде пайдаланған қызықты логикалық есептер енгізілген. Жинақта берілген алгоритмдерді жетік меңгеру химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушыларының логикалық ойлау дағдысын қалыптастырып, химиялық білім деңгейін жоғарылатады, материалды саналы игеру барысында біліктілік дағдыларының қалыптасуына жағдай жасайды деп көзделеді.

Сондай-ақ аталған есептер жинағын орта мектептерде олимпиадаға дайындық арнаулы курстарында, тереңдетілген бағдарлама бойынша оқитын сыныптарда өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру барысында қолдануға болады.

1-есеп. Мынадай реактивтер берілген: H2SO4, NaOH, CaCO3, HCl, HBr және H2O, осы берілген реактивтерді пайдаланып, алюминий хлориді, натрий фториді, темір бромидінің ерітінділерін таза күйінде қалай алуға болады?

1 есеп шешуі:


І. Темір (ІІІ) бромидінің бөлінуі:



а) қоспа ерітіндісін сілті ерітіндісімен өңдейміз.

FeBr3 + 3NaOH = Fe(OH)3 + 3NaBr

AlCl3 + 4NaOH = NaAlO2 + 3NaCl + 2H2O

б) темір гидроксидін сүзіп аламыз.

в) темір гидроксидіне бромсутекпен әсер етеміз. Бастапқы бромидті аламыз:

Fe(OH)3 + 3HBr = FeBr3 + 3H2O



  1. Алюминий хлориді бөлінеді:

а) бастапқы қоспаның ерітіндісін сілтімен өңдеген кезде алынған сүзіндіні (NaAlO2, NaCl, NaF), көмірқышқыл газы арқылы өңдейміз.

(CaCO3 + 2HCl = CaCl2 + H2O + CO2)

2NaAlO2 + CO2 + 3H2O = 2Al(OH)3 + Na2CO3

б) алюминий гидроксидін сүзіп аламыз. Алюминий гидроксидіне хлорсутекпен әсер еткенде бастапқы алюминий хлоридінің ерітіндісін аламыз:

Al(OH)3 + 3HCl = AlCl3 + 3H2O


  1. Натрий фторидінің бөлінуі:

а) сүзіндіні (Na2CO3, NaF, NaCl, NaBr) хлорсутек қышқылымен өңдейміз:

Na2CO3 + 2HCl = 2NaCl + CO2 + H2O

б) кальций карбонаты мен хлорсутектен алынған затқа, кальций хлоридін қосамыз:

2NaF + CaCl2 = CaF2 + 2NaCl

в) кальций фторидін сүзіп алып және күкірт қышқылымен өңдейміз:

CaF2 + H2SO4 CaSO4 + 2HF

г) бөлінген фторсутекті сілті арқылы сіңіреміз және бастапқы натрий фторидін аламыз:

HF + NaOH = NaF + H2O



2-есеп. Белгісіз купоростың MeSO4nH2O және сол купоросқа сәйкес келетін сусыз тұздың суда ерігіштігі 100 г суда 20 оС температурада 101,3 г және 38,4 г тең. Қандай заттар жөнінде сөз болып жатыр, белгісіз затты анықта.

2 есеп шешуі:


Кейбір екі валентті ауыр металдардың (мыстың, никелдің, темірдің, мырыштың) кристаллогидраттары купоростар деп аталады. Кристалданған судың молекула саны n = 5 және 7 тең. Егер А – металдың атомдық массасы болса, онда А + 96 сусыз сульфаттың молекулалық массасы, ал С = - кристалдық судың сусыз тұзға қатынасы, купоростың дәл сондай мөлшеріндегідей болады.

Кристаллогидрат пен сусыз тұздың суда ерігіштігін «С» арқылы өрнектейміз.

Кристаллогидтарттың ерігіштігі – sk болсын. Сусыз тұздың sb грамы Х г суда гидратталады деп есептесейтін болсақ. Х табудың екі тәсілі бар.

1 Тәсіл. Егер 100 г суда sk купоросты ерітетін болсақ, онда алынған ерітіндінің массасы 100 +sk (г) тең болады. Кристаллогидратты ерітуге жұмсалатын судың үлесі қаныққан ерітіндінің массасының бір бөлігіне тең. (sk – sb) – судың массасы, sb гидратталатын сусыз тұздың салмағы, (яғни Х), Х г суда ерітілген купоростың мөлшері қосылады. Онда Х = .(sk – sb) тең болады.

2 Тәсіл. 100 – Х (г) суда еріген кристаллогидрат Sb + X (г). Егер 100 г суда Sk г купорос еритін болса, онда 100 – Х г суда Sb + Х (г) купорос ериді деп есептеп, пропорция құрып есептейміз: = , осыдан, Х = . Онда ,

С = , осыдан

A =

n = 5, A = 14,6 тең болады. Ондай металл жоқ. Егер n = 7, A = 58,8 болатын тең болатын болса, бұл никельдің атомдық массасы. Яғни NiSO47H2O және NiSO4 алынған деп есептейміз. (атомдық массасы жағынан жақын мәнге ие болатын кобальт болады деп формальді түрде есептеуге де, болады).



3-есеп. Калий перманганаты мен бром суы ерітінділері құйылған екі шыны ыдыс берілген.

Ұзақ уақыт бойы шыны ыдыстарға химиялық таза кальций карбонатына немесе мырышқа концентрленген тұз қышқылымен әсер еткен кездегі бөлінген газ жіберілді, сол кезде екі шыны ыдыстағы сұйықтың түссізденгені байқалды. Калий перманганаты мен бром суы ерітінділері құйылған екі шыны ыдыс берілген.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет