«Баршаға қолжетімді сапалы білім» ұлттық баяндамасында ТжКБ - жұмысшы кадрларды дайындау ордасы ретінде технологиялық прогресті дамыту перспективаларын, экономиканың жаһандануын, жүйенің дағдарысқа түсу қаупін, тұрақтылық пен экологиялық жауапкершілікті қамтамасыз етудің маңызын ескере отырып, кадр даярлау жүйесі алдыңғы шепте болуы керек, еңбек нарығының құрылымы мен мазмұнына дәл қазір не қажет екенін біліп, оны және болашақтағы қажеттіліктерді қанағаттандырып отыруға тиіс делінген.
Бүгінде әлемнің жаһандық және ұлттық бейнесіне тән ерекшелік – жұмысшылардың кәсіби біліктілігі мен дағдыларына жаңа талап қоятын технологиялық революция, адам- ның еңбек белсенділігі мерзімін арттыру және алдағы 5 жылдықта жыл сайын 400 мыңға жуық жасты еңбек нарығына шығару үшін техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамыту керек 1 сурет
МЕМЛЕКЕТ ЕҢБЕК НАРЫҒЫНДА БАҒЫТ-БАҒДАРЫН АЙҚЫНДАЙ АЛМАЙ ЖҮРГЕН ЖАСТАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТЕДІ:
АЛҒАШҚЫ МАМАНДЫҒЫН АЛУҒА ҚОЛ ҰШЫН СОЗУМЕН ҚАТАР, ЕҢБЕК НАРЫҒЫНДА СҰРАНЫСҚА ИЕ ЕКІНШІ МАМАНДЫҒЫН ТЕГІН АЛУЫН ДА ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕДІ
ТЕГІН ОНЛАЙН-КУРСТАР ЕҢБЕК ЖОЛЫ ТАБЫСТЫ БОЛУ ҮШІН ҮНЕМІ БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРЫП ОТЫРУҒА, ҚАЙТА ДАЙЫНДЫҚТАН ӨТУГЕ МҮМКІНДІК БЕРЕДІ
ТӘЖІРИБЕДЕН ЖӘНЕ ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТКЕН КЕЗЕҢ ЕҢБЕК ӨТІЛІНЕ ҚОСЫЛАДЫ (ҚР ЕК 2015 ЖЫЛҒЫ 23 ҚАРАШАДАҒЫ № 414-V ҚРЗ.)
ЖАСТАРДЫ, СОНЫҢ ІШІНДЕ ОҚЫП ЖҮРГЕНДЕРДІ ЖҮЙЕЛІ ТҮРДЕ ҚОЛДАП ОТЫРУ ҮШІН ЖЕҢІЛДІКПЕН НЕСИЕ БЕРУ, ЖАСТАР КӘСІПКЕРЛІГІ МЕН СТАРТАПТАРДЫ ЫНТАЛАНДЫРУ МАҚСАТЫНДА ШАҒЫН НЕСИЕЛЕР МЕН ГРАНТТАР ҰСЫНУ АУҚЫМЫ КЕҢИ ТҮСЕДІ. СОНЫМЕН БІРГЕ ОҚЫП ЖҮРІП, ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАРДЫ (ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛІК) ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ЖАСТАРҒА ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТТАР БЕРІЛЕДІ.
ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР ШӘКІРТТЕРДІҢ ЖЕКЕ МҮМКІНДІКТЕРІ МЕН МҰҚТАЖДЫҒЫ ЕСКЕРІЛЕ ОТЫРЫП, ЗАМАНАУИ ЕҢБЕК НАРЫҒЫНДА СҰРАНЫСҚА ИЕ МАМАНДЫҚ АЛУЫ ҮШІН МЕХАНИЗМДЕР ЖАСАҚТАУ ЖОСПАРЛАНҒАН.
МЕМЛЕКЕТ ЖАСТАРДЫҢ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУЫНА МЕЙЛІНШЕ КӨБІРЕК МҮМКІНДІК БЕРУ МАҚСАТЫНДА АЙМАҚТАҒЫ ЭКОНОМИКА ҚҰРЫЛЫМЫН ЕСКЕРЕТІН ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНЫҢ АШЫЛУЫНА ЖАҒДАЙ ЖАСАЙДЫ.
САПАЛЫ БІЛІМ АЛУҒА, ӘРТҮРЛІ ҰЙЫМДАР МЕН КӘСІПОРЫНДАРДА, ОНЫҢ ІШІНДЕ ШЕТЕЛДЕ ТӘЖІРИБЕДЕН ӨТІП, ҚАЖЕТТІ ДАҒДЫЛАРДЫ ИЕЛЕНУГЕ МҮМКІНДІКТЕР ҰСЫНУ МАҚСАТЫНДА ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН АЛМАСУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ ІСКЕ АСЫРЫЛАДЫ.
ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРДІҢ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУҒА КЕПІЛДІК БЕРЕТІН ӨТІНІМДЕРІ БОЙЫНША ТЖКБ-ДА БІР БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ ШЕҢБЕРІНДЕ 2-3 МАМАНДЫҚ АЛЫП ШЫҒАТЫН КАДРЛАР ДАЯРЛАУҒА МЕМЛЕКЕТТІК ТАПСЫРЫС АРТАДЫ.
Осы шаралардың бәрі жастарды сапалы біліммен кең қамтуға мүмкіндік беріп,
елімізде жұмыссыз жүрген және NEET жастар азаяды
ОҚУ МАЗМҰНЫ – САПАЛЫ КАДР ДАЙЫНДАУДЫҢ НЕГІЗІ. Білім беру бағдарламаларының басты ерекшелігі – олар жастарды өзгерістерге дайын болуға үйрететіндей икемді келеді.
жұмыс берушілермен бірлесіп, кәсіптік стандарттар негізінде білім беру бағдарламаларын әзірлейтін, олардың мазмұны мен оқу мерзімдерін анықтайтын академиялық дербестікке ие
Кадр дайындау мен қайта дайындау жұмыс берушілердің салалық қауымдастықтары әзірлеген кәсіптік стандарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
Салалық мемлекеттік органдар қауымдастықтармен бірлесіп, кәсіптік стандарттарды жүйелі түрде жандандырып отырса, колледждер әлеуметтік әріптестермен бірлесіп, білім беру бағдарламаларына тиісті түзетулер енгізіп отырады.
Білім беруге арналған мемлекеттік тапсырыс кәсіптік стандарттарды басшылыққа алып, білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын колледждерде орналастыратын болады.
Білім беру бағдарламаларының тізілімі ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық біліктілік жүйесі әзірленіп жатқан цифрлық платформада орналастырылады.
Сұранысқа ие дағдыларды қысқа уақытта меңгеруге мүмкіндік беретін модульдік-құзыреттілік әдісті енгізу бойынша жұмыс ары қарай жалғасады. Мамандық бойынша бір модульді немесе микробіліктілік формасында белгілі бір оқу нәтижелерін меңгеруге, сертификаттаудан өтуге және жұмысқа орналасуға мүмкіндік беріледі. Болашақта жастар оқу мен микробіліктілік нәтижелерін жинақтай отырып, басқа модульдер бойын-ша оқуды жалғастыра алады.
Бұл әдістің институттық негізі білім берудің балама формасын, соның ішінде тәуелсіз сертификаттау жүргізе отырып, бейресми және ақпараттық оқыту нәтижелерін мойын- дайтын ҚР «Кәсіптікбіліктіліктуралы» Заңындақарастырылған (2023 жылғы 4 шілдедегі о № 14-VIII ҚРЗ).
Қызмет барысында инновациялар мен IT шешімдерді пайдалануға қабілетті білікті мамандарды даярлауда маңызды рөл атқаратын білім беруді цифрландыру мәселелері- не ерекше назар аударылады.
Онлайн-оқытуды енгізу колледждердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, мобиль- ділік пен жоғары нәтижелерге қол жеткізуге, ал студенттерге жұмыс орнында оқу арқылы уақыт пен шығындарды үнемдеуге мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |