Басқармасының Қаулысы алматы қаласы 2005 жылғы 30 қыркүйек №359


Екiншi деңгейдегi банктерде тәуекелдердi



бет8/15
Дата26.02.2016
өлшемі1.31 Mb.
#26669
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15

Екiншi деңгейдегi банктерде тәуекелдердi

басқару және iшкi бақылау жүйелерiнiң

болуына қойылатын талаптар туралы

нұсқаулыққа 8-қосымша

Нұсқаулықтың талаптарына қосымша критериилер




Тәуекелдерді және ішкі бақылауды басқару жүйесін ұйымдастыру





Директорлар      кеңесі    банк      қызметінің стратегиясын бекітеді.




Банктің  корпоративтік стратегиясында  банк қызметінің қысқа мерзімді  және ұзақ мерзімді мақсаттары айқындалған. Қызметтердің қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді мақсаттарының мерзімдерін банк жеке айқындайды.




Банктердің   қысқа мерзімді және ұзақ   мерзімді   стратегиясы   жасалған және  банк  қызметіне   бұрын  жағымсыз   әсер еткен   факторларды   алып   тастау   мақсатында үнемі жетілдіріліп отырады.




Директорлар    кеңесі    тәуекелдермен    (кредит тәуекелі, процент тәуекелі, өтімділікті жоғалту тәуекелі,   валюта  тәуекелі)  байланысты   және банктің      стратегиясына,      саясатына      және рәсімдеріне    қайшы келетін немесе    банкпен ерекше   қатынастармен   байланысты   тұлғалар үшін жеңілдік жағдайларын туғызатын   банк басқармасы жүргізетін банк операцияларының мониторингі жөніндегі саясатты бекітеді.




Тәуекелдерді     басқару     функциясын     жүзеге асыратын банк бөлімшесі   әлемдік тауар және қаржы       рыноктарына       теріс        динамика жағдайында меншікті капиталдың, кірістіліктің және өтімділіктің жеткіліктілігін бағалау әдістемесін пайдаланады.




Басқарма    әлуетті    және    ықтимал    тәуекелді білдіретін   ішкі   және   сыртқы   экономикалық факторларды  сәйкестендіреді  және  талдайды, олардың    банктің     қаржы     көрсеткіштеріне әсерінің дәрежесін бағалайды.




Директорлар кеңесі бекіткен жиынтық лимиттердің бөлігінде, басқарма банк операцияларының жекелеген түрлері бойынша тәуекелдердің рұқсат етілетін мөлшеріне лимиттерді айқындайды, банктің аталған лимиттерді сақтауының тиімді бақылау шараларын қолданады.




Басқарма олардың ай сайынғы есебі негізінде тәуекелдердің    түрлері бойынша жиынтық лимиттерді сақтауын бақылайды.




Басқарма банк бөлімшелерінің ықтимал және әлуетті тәуекелдерді басқарудағы саясатты сақтауын бақылайды, банк бөлімшелерінің олар үшін белгіленген лимиттер шегінде тәуекелдер мөлшерін сақтауына мониторингті жүзеге асырады.




Басқарма олар жүргізген операциялардың түрлері бойынша тәуекелдерді бөлу, яғни меншікті капитал мен төлем қабілеттігін сақтау мақсатында оларға байланысты тәуекелді ескере отырып, банк операцияларының құрылымын және көлемін қалыптастыру саясатын қолданады және оны банктің жауапты бөлімшелерінің орындауын бақылайды.




Банкте түрлендіру саясатын іске асыруды қамтамасыз ететін ұйымдық-функционалдық және операциялық құрылымы бар;




Банктің ағымдағы қаржы жағдайы туралы ақпарат форматтары және олар қабылдаған тәуекелдер басқару есебінің белгілі бір нысандары түрінде стандартталған, оның ішінде кредит, процент тәуекелдері, өтімділікті жоғалту тәуекелі, валюта тәуекелі, елдің (трансферт) тәуекелдерін сәйкестендіреді және өлшейді, сондай-ақ тәуекелдерге тап болу дәрежесі, белгіленген лимиттер шегінде олардың сақталуы айқындалады.




Бөлімше қабылданатын тәуекелді ескере отырып, банктің күтіліп отырған кірістеріне бағалау (есептеу) жүргізеді.




Директорлар кеңесі бекіткен тәуекелдерді басқару жөніндегі саясат қаржы көрсеткіштерінің шоғырландырылған негізде қабылданған тәуекелдер мониторингінің рәсімдерін айқындайды.




Директорлар кеңесі айқындаған банк тәуекелінің жиынтық лимиттері шегінде еншілес ұйымдар үшін тәуекелдер лимиттерін растайды.




Тұтыну кредитін алуға өтінімдерді өндеуге тіркеу процесін автоматтандыру.




Сонғы 5 жылға тұтыну кредиттері бойынша тарихи деректер базасының болуы.




Тұтыну кредитерді ұсыну, бекіту рәсімі және мониторинг талаптарын айқындайтын ішкі саясаттың болуы.




Заемшылардың ішкі автоматтандырылған математикалық немесе скоринг бағалаудың статистикалық модельінің және рейтингтік жүйесінің болуы.




Пайдаланатын скоринг модельінің сапасын жыл сайын тексеру.




Саясат мынадай тәртіптерді айқындайды:

сапалық және сандық сиппаттарында негізделген кредиттік скоринг арқылы заемшының кредит қабілеттілігін бағалау, оның ішінде:

заемшының тұрақты және жеткілікті кірістің болуы;

жұмыс орыны және лауазымы;

ағымдағы кәсібі бойынша жұмыс ұзақтығы;

- кепіл есебінде қолайлы жылжымайтын мүліктін болуы;

- несие берешектің болуы, оның ішінде басқа банктер алдында;

- банктер кредиттері бойынша төлем тәртібі;

- кредит тарихының болуы;

заемшының ішкі кредит рейтингін белгілеу;

заемшы ұсынған деректердің дұрыстығын айқындау;

тұтыну кредиттердің мониторингі және топтастыру;

тұтыну кредиттер бойынша провизияларды қалыптастыру.




Ішкі бақылау





Банктің Директорлар кеңесі бірдей және тиімді ішкі бақылау жүйесін құруына және жұмыс істеуіне жауап береді.




Директорлар кеңесі мүшелерінің банк қызметі және оған байланысты тәуекелдер саласында қажетті білім мен тәжірибесі бар.




Банк басшылығы, құрылымдық бөлімшелер басшылары ішкі бақылау жүйесін бірдей жұмыс істеуіне жауап береді.




Басшылық:

Қажетті тәжірибесі және техникалық мүмкіндіктері бар жоғары білікті қызметкерлер ішкі бақылау жөніндегі жұмысты орындауды қамтамасыз ететін шаралар қолдайды.






Директорлар кеңесі:

1) банк басшыларымен ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін кезең кезеңмен талқылайды;

2) басшылық, ішкі аудит және ішкі аудиторлар қызметі жасаған ішкі бақылау бағасын уақытында қарайды;

3) ішкі бақылау жүйесі жетіспеушілігі себебінен аудиторлар және қадағалау органдары айтқан ұсынымдар мен ескертулерді басшы жедел орындауды қамтамасыз ететін кезең кезеңмен шаралар жүргізеді;



4) банк стартегиясының және тәуекел лимиттерінің бірдейлігін кезең кезеңмен тексереді.




Басшылық Директорлар кеңесінің нұсқауларын орындауға, оның ішінде стратегия мен саясатты іске асыруды және ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін құруға жауап береді.




Банктің ішкі ережесінде өкілеттік саласы, есеп беру және барлық банк шеңберінде ақпаратпен алмасудың тиімді жүйелерін нақты көрсете отырып ұйымдық құрылымы сипатталған.




Басшылық нақты ережелерді және ішкі бақылау саласындағы рәсімдерді әзірлеуге өкілеттікті тиісті бөлімшелерінің басшыларына береді.




Басшылық тиісті ережелер мен рәсімдерді әзірлеуді және орындауды бақылайды.




Банк басшылығы қажетті тәжірибесі және техникалық мүмкіндіктері бар жоғары білікті қызметкерлер ішкі бақылау жөніндегі жұмысты орындауды қамтамасыз ететін шаралар қолдайды.




Операциялық рәсімдер банктің барлық мүдделі қызметкерлеріне алуына қолайлы нақты жасалған ішкі құжаттарда сипатталған.




Банк қызметкерлері өз міндеттемелерін тиімді орындайды және кез келген операциялық проблемалар, кәсіби этикасын сақтамау жағдайлар немесе басқа рәсімдерді бұзу не асыра пайдалану тиісті деңгейде басшылыққа хабарлайды.




Алға қойылған мақсаттарға жетуге ықпал ететін тәуекелдерді басшылықтың тұрақты түрде бағалауы.




Жаңа немесе оған дейінгі бақылауда болмаған тәуекелдерді тиімді қадағалау мақсатында ішкі бақылау жүйесін қайта қарау.




Жаңа қаржы құралдарын және қаржы рыногында пайда болатын рыноктык операцияларды бағалау және осы қызметке байланысты тәуекелдерді талдау.




Тәуекелді бағалау банктің алға қойылған мақсаттарға жетуіне теріс ықпал етуі мүмкін ішкі факторларды (мәселен, ұйымдық құрылымның күрделілігін, банк қызметінің сипатын, қызметкерлердің біліктілік деңгейін, ұйымдық өзгерістерді және кадрлардың тұрақтамауын) және сыртқы факторларды (экономикалық жағдайлар мен банк саласындағы жай-күйді, технологиялық жаңалықты) анықтайды және қарастырады.




Бақылауды жүзеге асырылуы банктің барлық қызметкерлеріне, оған қоса басшылыққа және клиенттермен жұмыс істейтін қызметкерлерге таратылады.




Тұрақты негізде банк басшылығы банк қызметінің барлық аспектілеріне банктің ішкі құжаттардың сәйкестігі туралы растауды, ішкі құжаттардың мағынасы бірдей болып қалу туралы ақпаратты алады.




Бірнеше қызметкердің арасында мыналар:

ақшаны санкциялы төлеу және оны нақты төлеу;

оларда клиенттердің операциялары көрінетін шоттарды және банктің меншікті операциялары көрінетін шоттарды жүргізу;

“банк” портфелі мен “дилер” портфеліне қатысты операцияларды жүргізу;

маркетинг операцияларын сол клиенттермен бір мезгілде жасаған кезде олардың позициялары туралы ақпаратты клиенттерге формальды түрде беру;

заемды берген кезде кредит құжаттамасының бірдейлігін бағалау және заемды бергеннен кейінгі заемшы мониторингі;



басқа факторлармен жұмсартылмаған мүдделердің маңызды дауының туындауын болжайтын басқа салалар жөніндегі өкілеттіктерді бөлу.




Мүдделердің әлуетті дауының салалары анықталады, барынша азайтылады және тәуелсіз үшінші тұлға олардың тұрақты мониторингін жүзеге асырады.




Бірдей ақпараттың болуы және оның тиімді берілуі.




Ақпараттың мынадай сапалары бар: іске жатады, сенімді, уақтылы, алуға қолайлы және ресімділеді.




Ақпарат өзіне ішкі қаржы және операциялық деректерді, Қазақстан Республикасы заңнаманың белгіленген талаптарын және нормативтік құқықтық актілерін сақтау жөніндегі деректерді, сондай-ақ сыртқы рыноктан келіп түсетін мәліметтерді, шешімді қабылдауға қатысы бар оқиғаларды және жағдайларды енгізеді.




Ішкі ақпарат есеп жазбаларын сақтайтын белгіленген тәртіпке сүйенетін есеп процесінің бөлшегі болып табылады.




Ішкі резервтік рәсімдерін және функцияларды қалыптастыру рәсімдерін әзірлеу, әзірлеу ережесін және программаларды сатып алу, қызмет көрсету (бақылауды өзгерту) рәсімдерін және нақты/ойша кіру кауіпсіздігін бақылау.




Программалық қамтамасыз етуге бақылау программа қосымшаларында компьютерлік қадамдары және операцияларды өндеуді және банк қызметінің басқа түрлерін бақылайтын қолдан жасалатын рәсімдері болып табылады.




Банктен тыс жерлерде орналасқан ішкі провайдер қызмет көрсетуді қолдау банк қызметіне арналған шиеленісті жүйесін қалпына келтіруді қоса отырып қайталау құрылғылар пайдалануымен күтпеген жағдайларда іс-әрекет жоспарын әзірлеу.




Күтпеген жағдайлар туындаған кезде банк операцияларының орындалуы үшін оны қалпына келтіру бағдарламасын кезең кезеңмен тестілеу.




Банк басшылығы ақпарат берудің тиімді жүйесін (операциялық саясатты және банк қызметінің рәсімдерін айқындайтын құжаттарды, банктің нақты операциялық қызметі жөніндегі ақпаратты) құрады.




Жоғары, төмен және көлденең ақпараттың бірдей ағының қамтамасыз ететін банктің ұйымдық құрылымын құру.




Жоғарыдан төменге келіп түсетін ақпарат Директорлар кеңесіне және басшылыққа қызмет барысында қабылданған тәуекелдер туралы және банктің ағымдағы жағдайы туралы қажетті мәліметтермен қамтамасыз етеді.




Төменге жіберілетін ақпарат банк мақсатын, оның стратегиясын, белгіленген тәртіптерді және рәсімдерді орта мен кіші буын басшылығына және қатардағы қызметкерлерге хабарлауды қамтамасыз етеді.




Банк операцияларын жүзеге асыратын бөлімдерді, қаржы бақылау және ішкі аудитті қоса отырып әртүрлі бөлімшелердің қызметкерлері ішкі бақылаудың тиімділік мониторингін жүзеге асырады.




Банк басшылығы мониторингтің нақты аспектілеріне жауап беретін қызметкерлердің міндеттемелерін таратады.




Мониторинг ішкі бақылаудың барлық процесін мерзімдік бағалауды енгізеді.




Банктің әртүрлі операциялар мониторингінің кезеңділігі олармен байланысты кезеңділіктің және банк қызметінің жағдайларында болатын өзгерістер сипатының тәуекелдерін негізге ала отырып айқындалады.




Ішкі аудит қызметі ішкі бақылау жүйесінің тұрақты мониторингінің бөлшегі болып табылады және белгіленген ереже мен рәсімдерінің бірдейлік тәуелсіз бағалауды, сондай-ақ оны сақтауды қамтамасыз етеді.




Ішкі аудит қызметі банктің күнделікті жұмысынан тәуелсіз және банктің, оның филиалдары мен еншілес құрылымдарын қоса отырып жүргізетін операциялардың барлық түрлеріне қол жеткізеді.




Ішкі бақылау жүйесіндегі кемшіліктер туралы және тәуекелдерді тиімсіз бақылау туралы ақпарат тиісті тұлғаға (тұлғаларға) айқындалғанына қарай дереу хабарланады, күрделі мәселелер Директорлар кеңесіне хабарланады.




Тиісті басшылар жетіспеушіліктерді уақтылы түзетуді қамтамасыз етеді.




Ішкі аудит қызметі кейінгі тексерісті жүргізеді және мониторингтің басқа түрлерін жүзеге асырады және Директорлар кеңесіне барлық түзетілмеген жетіспеушіліктер туралы дереу хабарлайды.




Банктің Директорлар кеңесі ішкі бақылаудың жетіспеушіліктерін және оларды жою үшін қабылданған шараларды қадағалау жүйесін құрады.




Директорлар кеңесі ішкі бақылау жүйесі анықтаған барлық проблемаларды жинақтайтын есептерді кезең кезеңмен алады.




Директорлар кеңесі бизнесті ретті жүргізуді қамтамасыз ету үшін ішкі бақылау жүйесін (белгілі мақсаттарға сілтеме жасай отырып) тұрақты түрде тексереді.




Директорлар кеңесі тәуекелдерді басқару жүйесінің болуын жүйелі түрде тексереді.




Директорлар кеңесі анықтау рәсімдерінің болуын және қойылған мақсатарының жетістігі кезінде банк тәуекелдерге тап болатын бірдей бақылауын; тұтастығын, қаржылық ақпараттың және басқару ақпараттың сенімділігі мен уақтылығын тестілеу; заңдарды және нормативтік құқықтық актілерді, қадағалау саясат пен ішкі жоспарларды, әдістемелерді және рәсімдерді сақтау мониторингін қамтамасыз етеді.




Басшылық жауапкершілікті, өкілеттікті және есеп беру қатынасын таратуымен және берілген өкілеттіктерді тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз етуімен ұйымдық құрылымын қолдайды.




Басшылық тәуекелдерді басқару рәсімдерін әзірлеуге жауап береді.




Басшылық ішкі бақылаудың тиісті әдістемесін белгілейді және ішкі бақылау жүйесінің бірдейлігі мен тиімділігін қадағалайды.




Ішкі аудит қызметінің негізгі міндеттемелері мыналар болып табылады:

Ішкі бақылау жүйесінің бірдейлігі мен тиімділігін тексеру және бағалау;

Тәуекелдерді басқару және тәуекелдерді бағалау методология рәсімдерінің қолдануы мен тиімділігін тексеру;

электрондық ақпарат жүйесін және электрондық банк қызмет көрсетуді қосқанда менеджмент және қаржылық ақпарат жүйесін тексеру;

бухгалтерлік есеп және қаржылық есептері жазбаларының дәлдігі мен дұрыстығын тексеру;

активтерді сақтау құралдарын тексеру;

банк жүйесін оның тәуекелін бағалауына байланысты оның капиталын бағалау бойынша тексеру;

операциялардың тиімділігін тексеру;

транзакция сияқты ішкі бақылаудың нақты рәсімдерін жұмыс істеуін тестілеу;

құқықтық және реттеу талаптарын, әдістемелер мен рәсімдерді жүргізу және тәртіп кодекстерін сақтауды қамтамасыз ету үшін тағайындалған жүйелерді тексеру;

қаржылық есеп берудің дұрыстығы мен уақтылығын тестілеу;

арнайы тексерулерді жүзеге асыру.






Басшылық алғашқы сатыдағы тәуекелдерге байланысты анықтауды қамтамасыз ету үшін жаңа әзірлемелер, өнімдер мен операциялық өзгерістер туралы ішкі аудит қызметін тұрақты және толық ақпаратпен қамтамасыз етеді.




Ішкі аудитті штат қызметкерлері бар ішкі аудит қызметі жүзеге асырады.




Ішкі аудит қызметі барлық департаменттерде, банк бөлімшелерінде және қызметтерінде өз еркімен қызметті жүзеге асырады.




Ішкі аудит қызметінің алынған деректер және бағалау туралы бандауға және осы ақпаратты банк ішінде жариялауға құқығы бар.




Ішкі аудит қызметі Директорлар кеңесінің тікелей бақылауында іс-әрекет етеді.




Ішкі аудит қызметі басшысының тікелей өкілеттігі бар және өз еркімен Директорлар кеңесімен, Директорлар кеңесінің төрағасымен немесе қажет болған жағдайда – әрбір банк оның ішкі аудит қызметі туралы ережесінде айқындалған сыртқы аудиторларымен байланыста болады. Бұл хабардар Қазақстан Республикасының заңдарына және банктің ішкі құжаттарына қайшы келетін банк басшысының шешім қабылдауына қатысты болуы мүмкін.




Ішкі аудит қызметі тәуелсіз тексерілуге тиіс. Бұл тексеру тәуелсіз жақ ішкі аудитор сияқты жүзеге асырады.




Объективтілік және бейтараптылық, ішкі аудит қызметі мүдделерінің даулырын болдырмауға тырысатының білдіреді.




Ішкі аудит қызметінің қызметкерлерін кезең кезеңмен алмастыру қажет.




Банк ішінде жиналған аудиторларға аудит қызметімен немесе осы банкте соңғы он екі ай ішінде жүзеге асырылған функциялармен айналысуға қажет емес.




Бейтараптылық ішкі аудит қызметі банк операцияларына немесе таңдауына тартылмауды және ішкі бақылау бойынша шараларды жүзеге асыруды талап етеді.




Басшылық ішкі бақылау принциптерді сақтауға қатысты нақты мәселелер бойынша ішкі аудит қызметінің пікірін сұратуы мүмкін.




Тиімділіктің жетістігі мақсатында басшылық қайта ұйымдастыру мәселелерін, қызметтің маңызды мәселелерін қарау, жаңа бөлімшелерді құрған оның ішінде тәуекелдерді бақылау жүйесін, ақпараттарды немесе ақпараттық технологияларды басқару жүйесін құру және қайта ұйымдастыру кезде пікір сұратуы мүмкін.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет