Баспасөз хабарламасы 2015 жылдың 6 қарашасында сағат 09. 00-де



Дата08.07.2016
өлшемі24.39 Kb.
#184717



БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
2015 жылдың 6 қарашасында сағат 09.00-де Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетінде (Қажымұқан көшесі, 11,  оқу-зертханалық ғимарат, № 821 аудитория) түркі руханиятында өшпес мұра қалдырған шығыс поэзиясы алыптарының бірі, әзірбайжан халқының ұлы ақыны Мухаммед Физулиге арналған «ТҮРКІ РУХАНИЯТЫНДАҒЫ ФИЗУЛИ МҰРАСЫ» атты Халықаралық Симпозуим өтеді.

Шараны Юнус Эмре атындағы түрік мәдени орталығы мен Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық университеті бірлесіп ұйымдастыруда. Демеушілер: «Қазконтент» АҚ «Әдебиет порталы» интернет жобасы мен Астанадағы әзірбайжан мәдени орталықтары одағы.

Шараға  Түркиядан арнайы келген Юнус Эмре институтының директоры Ph.Dr Ибрахим ГҮЛТЕКИН, Гази университетінен ғылым докторы, профессор, Яшар АЙДЕМИР, Түркия,  ҚР ҰҒА корр.мүшесі, ф.ғ.д., профессор, Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық университеті проректоры Дихан ҚАМЗАБЕКҰЛЫ, ф.ғ.д., профессор, Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық университеті  түркология кафедрасының меңгерушісі Мырзатай ЖОЛДАСБЕКОВ, сонымен қатар, Әзірбайжан Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігі мен Түркия Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігінің өкілдері, филолог-ғалымдар мен студенттер қатысады.

Шараның мақсаты: Шығыстың ұлы шайырының шығармаларын қазақ оқырмандар арасында кеңінен насихаттау. Физули өзбек, әзірбайжан, түрікмен, түрік оқырмандарына кеңінен танымал. Көптеген шығармалары осы түркі халықтарының тілдеріне аударылған. Шайырдың ғазалдарын қазақшаға аудару Шәкәрім Құдайбердіұлынан басталып, КСРО кезінде  Әбіраш Жәмішев, Қайрат Жұмағалиев сынды бірен-саран ақындардың  аудармалармен шектелген.

Симпозуим отырыстарында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультеті профессоры, шығыстанушы, ақын Өтеген КҮМІСБАЕВ пен «Әдебиет порталы» жобасы жетекшісі, ақын Бауыржан ҚАРАҒЫЗҰЛЫ Физулиден қазақшаға аударған өлеңдерін оқиды.

Юнус Эмре атындағы түрік мәдени орталығы қазақ оқырмандары исі түркіге, қала берді әлемге танымал ұлы ақынның шығармаларымен сусындату үшін, мүмкіндігінше алдағы уақытта өлеңдерін қазақшаға аударуды жоспарлауда.


Пресс-служба Баспасөз қызметі Press office

ЕНУ им.Л.Н.Гумилева Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ L.N.Gumilyov ENU

Казахстан,г.Астана,ул.Мирзояна 2 Қазақстан,Астана қ.Мирзоян 2 к-сі Kazakhstan,Astana,Mirzoyan st 2

Тел: +7 (717) 270-95-48 Тел: +7 (717) 270-95-48 Tel: +7 (717) 270-95-48



www.enu.kz www.enu.kz www.enu.kz

lyailyarahman@gmail.com lyailyarahman@gmail.com lyailyarahman@gmail.com



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет