Баспасөз хабарламасы 25 желтоқсан 2014 жыл Атырау қаласы



Дата29.02.2016
өлшемі123.5 Kb.
#30282



Баспасөз хабарламасы
25 желтоқсан 2014 жыл Атырау қаласы

«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-нде Индустрияландыру күні шеңберіндегі жалпыхалықтық телекөпір барысында ароматикалық көмірсутектер шығару кешенін (АКШ) іске қосу-баптау жұмыстары салтанатты жағдайда бастау алды.
Салтанатты шараға ҚР энергетика министрлігі, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ, Атырау облыстық әкімдігі, «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ, «ҚазМұнайГаз – өңдеу - маркетинг» АҚ өкілдері және т.б. қатысты.

Ароматикалық көмірсутектер шығару кешені (АКШ) 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік үдемелі индустриалды-инновациялық даму


бағдарламасы аясында салынды.
АКШ кешенінің жобасы екі негізгі технологиялық нысан құрылысын қамтиды: катализаторды үздіксіз қалпына келтіретін каталитикалық риформинг қондырғысы, бензол алу және ароматикалық көмірсутектер шығару қондырғысы. Кешенді екі режимде пайдалануға болады: жоғарыоктанды тауарлық бензин маркаларын дайындау үшін жоғарыоктанды компоненттер шығару (АИ-92, АИ – 95, АИ – 98); мұнай-химия бағыты – ароматикалық көмірсутектер өндірісі (бензол – 133 мың тонна/жыл және параксилол 496 мың тонна/жыл). Бензол мен параксилол - мұнай-химия өнімдерінің кең ассортиментін, соның ішінде капрон, пластикалық масса, пластмассалық талшықтар шығаруда шикізат ретінде қолданылатын жоғары сұранысқа ие мұнай өңдеу өнімдері.
Салтанатты шара барысында ароматикалық көмірсутектер шығару кешенін іске қосу-баптау жұмыстарының басталғандығы жөнінде Мемлекет басшысына «АМӨЗ» ЖШС бас директоры Қайрат Оразбаев мәлімдеді.

«Біз қондырғының іске қосу сынақтарына көшпекпіз. Бұл елімізді К-3 экологиялық класына сай келетін мұнай өнімдерімен қамту ісіне біздің қосар үлесіміз.Жобаны жүзеге асыра отырып, құрамында бензол мен ароматикалық көмірсутектері аз автокөлік бензинін қолдану арқылы табиғатқа келетін зиянды әсер азаяды», - деді ол өз сөзінде.

Технологиялар лицензиары - мұнай өңдеу және мұнай-химия өндірісіндегі технологияларды лицензиялау саласындағы әлемдік көшбасшы саналатын француздық “Axens” компаниясы.

АКШ кешені құрылысына 4500-ден астам жұмысшы қатысқан, пайдалану кезінде 160-тан астам жаңа жұмыс орны ашылмақ.


Анықтама:
«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС:

99,5% үлестің иесі «ҚазМунайГаз – қайта өңдеу және маркетинг» АҚ.

«ҚазМұнайГаз – қайта өңдеу және маркетинг» АҚ - «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ 100% еншілес ұйымы.

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ - көмірсутектерді барлау, өндіру және тасымалдау бойынша қазақстандық ұлттық оператор. «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ 100% акциясы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына» тиесілі.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет