Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық
университетінің баспасөз-орталығы
2012 жылғы 19 қазан.
Баспасөз хабарламасы
«Рухани мәдениет - әлемдік жаңартудың кілті»
2012 жылғы 19 қазан күні Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Рухани мәдениет - әлемдік жаңартудың кілті (Рухани келісім күніне 20 жыл)» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның құрметті қонақтарымен кездесу өтеді.
Қазақстан Республикасындағы ЮНЕСКО-ның тұрақты өкілі Олжас Сүлейменов, атақты совет және Әзербайжан республикасының эстрада әншісі, композитор, әктер, Әзербайжан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Полад Бюль-Бюль–оглы, Ислам әлеміндегі Иран Ислам Республикасы көшбасшысының Кеңесшісі, Ислам ілімдерін оқыту Халықаралық форумының бас хатшысы Moxammad Taskhiri және басқада құрметті қонақтар Қазақстандағы Рухани келісімге 20 жыл күнінің тарихи маңыздылығын талқылайды.
Осыдан жиырма жыл бұрын 1992 жылдың 18 қазанында Алматы қаласында 1-ші Бүкіләлемдік Рухани Келісім Конгресі өтті. Бұл күні адамзат тарихында алғаш рет барлық діндердің өкілдері, діни қоғамдық ұйымдар, дін мәселесімен айналысатын ғалымдар мен мәдениет қайраткерлері бас қосты.
Конгрестің дәл осы күні ұйымдастырылуының себебі бар. Осыдан жүз жыл алдын АҚШ-тың Чикаго қаласында осындай съезд өтіп, жалғасын таппаған.
Арада бір ғасыр өткеннен кейін, Қазақстан өзінің Рухани келісім күні жайында жар салып - 130 ұлт өкілдері тұратын елімізде тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап ұлтаралық және дінаралық қатынастар саласында бейбітшілік пен келісім салтанаты құрғанын дүние жүзіне паш етті.
«Рухани мәдениет - әлемдік жаңартудың кілті (Рухани келісім күніне 20 жыл)» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция 2013 жылы елордамыз Астанада өтетін
II Бүкіләлемдік мәдениет форумына дайындықтың тағы бір деңгейі болмақ.
Еске сала кетсек, жуырда белгілі Еуразияшыл ғалым Лев Николаевич Гумилевтің есімі берілген Еуразия ұлттық университетінде Қазақ халқының бейбітшілігі мен шыдамдылығы сөз етіліп елдің 15 мемлекетінің өкілдерін жинаған ІХ Халықаралық Еуразиялық ғылыми конференция өткен болатын.
2012 жылғы 17- сі мен 19-ы аралығында Еуразия ұлттық университетінде Қазақстандағы Рухани келісім күніне орай ұйымдастырылған іс – шаралар өтеді.
Өткізу күні: 2012 ж. 19 қазан.
Өткізу орны: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Бас әкімшілік ғимараты. ҚР Тұңғыш Президентінің аудиториясы, № 208
Өткізу уақыты: 15.00
Қатысушылар саны: 100 адам
Қонақтар саны: 7 адам
Ұйымдастырушылар:Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ
Байланыс үшін: Астана қаласы, Қ.Мұңайтпасов көшесі №5, (Бас ғимарат) 8 (7172) 70-95-00( ішкі 31326)
Еркежан Садвакасова, баспасөз- қызметінің басқарушысы +7-701-366-35-99
Әсел Сарсенбинова,
координатор +7-701-742-88-24
Достарыңызбен бөлісу: |