БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
Ағымдағы жылдың 19 сәуірі күні сағат 17.00-де Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде (Қажымұқан көшесі 5, ОҒЗ ғимараты, концерттік зал) ЕҰУ «Алтын белгі» иегерлері қауымдастығы «Романтика» клубының ұйымдастыруымен дәстүрлі «Махаббат кеші» өтеді.
Шараның басты мақсаты – жастардың бойында шынайы, таза махаббаттың қалыптасуына ықпал етіп, студенттер арасында қазақтың салт-дәстүрін, алтындай сөз өнерін кеңінен насихаттау.
15 сәуір – Қозы Көрпеш - Баян сұлу күніне орайластырылған шарада университетіміздің белсенділері мен елімізге танымал эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді. Сонымен қатар кеш барысында алдын-ала жарияланған байқаулардың жеңімпаздары анықталып, ұйымдастырушылар тарапынан сыйлықтармен марапатталады.
Пресс-служба Баспасөз қызметі Press office
ЕНУ им.Л.Н.Гумилева Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ L.N.Gumilyov ENU
Казахстан,г.Астана,ул. К.Сатпаева 2 Қазақстан,Астана қ.Қ.Сәтпаев 2 к-сі Kazakhstan,Astana,Satpayeva st 2
Тел: +7 (717) 270-95-48 Тел: +7 (717) 270-95-48 Tel: +7 (717) 270-95-48
www.enu.kz www.enu.kz www.enu.kz
lyailyarahman@gmail.com lyailyarahman@gmail.com lyailyarahman@gmail.com
Достарыңызбен бөлісу: |