Баспасөз ХабарламаСЫ



Дата17.07.2016
өлшемі0.92 Mb.
#205498

Баспасөз ХабарламаСЫ

2016 жылы 25 ақпанда 11.00-де Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде (Алматы қ., Гоголь көшесі, 114) ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВ - ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ АЛЫП ЖЫРШЫСЫ» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция шеңберінде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры, академик Ерлан Сыдықовтың «Жамбыл» кітабының тұсаукесер рәсімі өтеді.

Ащы да болса трагизм оқиғалары толық бейнеленген мәнмәтіндегі кітап тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Ерлан Сыдықовтың авторлығымен Жамбыл Жабаевтың туғанына 170 жыл толуына және Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай жарыққа шыққан.

Бұдан бұрын «Еуразияның тұрақтылығы және әлемнің өзекті мәселелері» (Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуына 70 жыл толуына орай) атты халықаралық конференцияға қатысушы – Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ делегациясы Санкт-Петербургте осы кітаптың тұсаукесеріне куә болып, қаладағы Жамбыл ескерткішіне гүл шоқтарын қойып қайтқан болатын.

Жамбыл есімі тек ленинградттықтардың жоғары патриоттық өрлеуіне ғана байланысты емес: оның аты платформа, тарихи фактор ретінде, Қазақстан мен Ресейдің ұлы халықтарын біріктірді. Қазақстан мен Ресей бірлестіктерінің тарихы көрсеткендей бұл сынақтардан біз лайықты түрде сүрінбей өттік.

Екінші дүниежүзілік соғыстың жеңіспен аяқталуына белсенді қатысқан Қазақстанның интеллектуалды қоғамы өз салмақты үлесін қосты. Бүгінгі интеграциялық процесстердің негізінде біріншіден көрнекті мәдениет пен өнер қайраткерлерімен біте қайнаған рухани байланыс жатыр. Солардың бірі - қазақ пен орыс халықтарының арасындағы достастықтың ұлы символына айналған Жамбыл еді.

"Көркем әдебиет" баспасынан шыққан кітапқа алғысөзді Қазақстанның Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жазуы да бұл еңбектің құндылығын көрсетсе керек.
Тағдырдың қалауына орай Жамбыл ақындарға тән маңызды міндетті орындап кетті - дұшпандар Ленинград пен Мәскеу есіктерінің алдында тұрғанда, ол тарихтың ең ауыр кезеңінде көпұлтты миллиондаған халықтың рухын қолдап, "Ленинградттық, өренім!" атты ғажап өлеңін жазды.

Осы миссияны орындау үшін, мүмкін, Алла Тағала жыр алыбына осындай ұзақ ғұмыр берген шығар...



Пресс-служба Баспасөз қызметі Press office

ЕНУ им.Л.Н.Гумилева Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ L.N.Gumilyov ENU

Казахстан,г.Астана,ул.Мирзояна 2 Қазақстан,Астана қ.Мирзоян 2 к-сі Kazakhstan,Astana,Mirzoyan st 2

Тел: +7 (717) 270-95-48 Тел: +7 (717) 270-95-48 Tel: +7 (717) 270-95-48



www.enu.kz www.enu.kz www.enu.kz

lyailyarahman@gmail.com lyailyarahman@gmail.com lyailyarahman@gmail.com


Каталог: upload -> iblock -> bce
iblock -> Тест по географии для государственной аттестации общего среднего образования учащихся
iblock -> Бекітемін Ұто директоры Қ. C.Әбдиев 2014ж
iblock -> Л. Н. Гумилев атындағы
iblock -> Решением Президиума Общероссийской общественной спортивной организации «Союз танцевального спорта России»
iblock -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
iblock -> 007: Координаты «Скайфолл» Режиссер: Сэм Мендес в ролях: Дэниэл Крэйг, Хавьер Бардем, Джуди Денч, Райф Файнс, Бен Уишоу Премьера: 26 октября dvd/Blu-Ray: февраль «Куда мы едем?»


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет