Бастауыш мектеп оқушыларының танымдық Қызметін дамыту. Кесте. №1 сабақ. Алғашқы психодиагностика Сабақтың мақсаты



Дата25.02.2016
өлшемі243.74 Kb.
#21754
БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗМЕТІН ДАМЫТУ.

Кесте.

1 сабақ. Алғашқы психодиагностика



Сабақтың мақсаты: кіші мектеп жасындағы балалардың эмоционалды–еріктік саласында танымдық және шығармашылық қызметтің даму деңгейін анықтау.

Мектеп психологы өткізеді.

2 сабақ. «Кел, танысайық».



Сабақтың мақсаты: танысу, топтың ұйымшылдығы, зейін, ес, ойлау операцияларын жаттықтыру.

1-жаттығу «Менің жақсы көретін ісім» (жентек қар).

Мақсаты: танысу, топтың ұйымшылдығы мен бірлігін құру, есті дамыту.

Нұсқау: жалпы бір шеңберге тұрып, бір шүйкені бір-біріне беру қажет. Бірінші қатысушы өзінің есімін және жақсы көретін ісін айтады, ал кейінгі қатысушы бірінші қатысушының есімі мен жақсы көретін ісін айтып, одан соң өзінің есімі мен жақсы көретін ісін айтады. Тағысын тағы...

10 минут. Жаттығуға қажет материал: бір шүйке жіп

2-жаттығу «Хайуанаттар бағы».

Мақсаты: есті дамыту, ойлау қызметін жандыру.

Ойынның барысы: балалар бір шеңберге тұрады немесе отырады. Ойыншының біреуі қолына тас алып оны көршісіне «Тасты өзіңе ал да, аңды тез ата» деп айтып беруі қажет. Ойыншы тасты алады, «Мысық» - деп жауап беріп, тасты келесісіне ұсынады. Ойын осылай жалғасады. Тез жауап беруі және қайталанбауы тиіс.

10 минут.

3. «Жануарды бейнелеп бер» психогимнастикасы.

Мақсаты: қиялды дамыту, белсенді жұмысқа дайындау.

Нұсқау: келіңдер, сендермен ойнаймыз. Қазір бәріміз тоты құсты бейнелейміз. Ал енді, біз – аққумыз. Итбалықтар құрғақ жерге келіпті. Одан соң қайталап суға секірді. Міне, маймыл да келді. Ең соңында ханша-жылан келді.

10 минут.

4. «10 сөзді есіңде сақта» жаттығуы.

Мақсаты: есті дамыту.

Нұсқау: қазір мен сендерге 10 сөзді айтамын, сендер сол сөздерді сол қалпында жазып бересіңдер.

1 сүлгі 4 шам 7 дәрі 10 парта

2 қоян 5 жүзім 8 көңіл-күй

3 теледидар 6 пісте 9 фантик



10 минут

қате жоқ болса – 10 балл 2 қатеге – 8 балл

1 қатеге – 9 балл 3 қатеге – 7 балл және т.т.

3 сабақ.



Сабақтың тақырыбы: «Тек бірге».

Сабақтың мақсаты: топта жұмыстың ережесін құру, өз көрмесіне оқыту, командалық білім, қатынас дағдысын дамыту, балалардың жеке бас ерекшеліктерін диагностикалау.

1. «Ережелерді құру» жаттығуы.

Мақсаты: бірлесе құрастырылған ережелердің көмегімен балаларды ойын кезінде бір-біріне дұрыс талаптарды таба білуге және артық ұрыс-керісті болдырмауға үйрету.

Нұсқау: мен сендермен бірлесе отырып тренинг қатысушылары сабақ бойы орындайтын ережелердің тізімін құрамын. Біз оны үлкен қағазға жазып, соның орындалуын қадағалап отырамыз.

15 минут. Жаттығуға қажет материал: ватман, маркер

2. «Сіріңкелермен бас қатырғыш» жаттығуы.

Мақсаты: бейнелі ойлауды жаттықтыру.

Нұсқау: сіріңкелерді табылған шешімдерге ғана қайта салуға болады. Шешім барысында мұны істеуге болмайды. Шешімді табуды ақыл-оймен жүзеге асыру қажет.

А) екі сіріңкеден оларды сындырмай қалай он сіріңке шығаруға болады;

Ә) Үстелдегі тігінен жатқан бес сіріңкеге үшеу болатындай тағы төрт сіріңке қос;

Б) Үш сіріңкені сындырмай алтау етуге болады ма?



10 минут Жаттығуға қажет материал: Сіріңке қорабы

3. «Тек бірге» ойыны.

Мақсаты: балаларды бір-бірімен қарым-қатынас жасауға үйрету.

Нұсқау: сендер екі-екеуден болып тұрып, бірге допты ұстап тұрасыңдар (әр бала допты екі қолымен ұстауға тырысады). Жүргізушінің бұйрығы бойынша сендер бірге қолдарыңнан допты түсіріп алмай отырып қалуға, бөлменің ішімен ары-бері жүруге, секіруге тиіссіңдер. Сендердің басты міндеттерің – допты түсіріп алмай, бірге қимылдауларың қажет.

10 минут. Жаттығуға қажет материал: доп

3. «Фильм ойлап тап» ойыны.

Мақсаты: есті, шығармашылық қабілетті дамыту.

Нұсқау: сендерге мен қазір сөздерді оқимын. Сендердің міндеттерің – сөздерді естеріңде сақтап, сол сөздермен өздерің қалауларыңша әңгіме, фильм, ертегі құрастыруларың қажет.

1 доп 4 сақал 7 алма 10 қар

2 үстел 5 сарқырама 8 кілем

3 алау 6 шал 9 күлкі

Сөздерді екі рет оқу қажет.

10 минут

4 сабақ.



Сабақтың тақырыбы: «Маған өз әлеміңді аш».

Сабақтың мақсаты: елесті, ортақ қызмет дағдысын дамыту, қорқынышты түзету, өзіне деген сенімділігін арттыру, кеңістік бағытын дамыту, логикалық ойлауды жаттықтыру.

1. «Затты беріп жібер» жаттығуы.

Мақсаты: ақпаратты ауызша емес әдісімен жеткізу тәсілін дамыту, елесті дамыту.

Нұсқау: бәрі бір шеңберге тұрып, бұйрық бойынша бір біріне (пантомимикамен) бір заттарды беріп жатады: ыстық картопты, мұзды, көбелекті, ауыр гірді, әуе шарын, қуанышты, мұңды, кірпіні, ұлпабасты т.с.с.

10 минут

2. «Шытыра» жаттығуы.

Мақсаты: бастапқы елегізуді алу, топтың өздігінен белсенділігінің бастапқы деңгейін табу.

Нұсқау: жүргізушінің артынан сапқа тұрамыз. Жүргізуші топқа теріс қарап, алақанын ашып тұрады. Балалардың біреуі келіп оның қолына тиіп кетуі керек. Жүргізуші қай бала екенін балалардың түріне қарап табу керек. Жүргізуші дұрыс тапқанша солай ойнай береді.

10 минут.

3. «Мағыналы жұптар» жаттығуы.

Мақсаты: логикалық ойлауды жаттықтыру.

Нұсқау: алдарыңда сөздер жазылған қарапайым кеспе қағаздар. Кеспе қағаздың жоғарғы жағында мағынасы жағынан жақын екі сөз жазылған (мысалы, «алмұрт – алма»). Сол үлгіге қарап, сендер сөздің екінші жұбын табуларың тиіс. Кеспе қағаздың төменгі бөлігінде екінші сөз жазылып тұр (мысалы «үйеңкі») және мағынасына байланысты сөздің бес нұсқасы жазылған (мысалы: а) парақ, ә) емен, б) ағаш, в) жер, г) саябақ). Сендер осы сөздердің ішінен жұптарын табуларың қажет.

1)алмұрт – жеміс

үйеңкі: а) парақ, ә) емен, б) ағаш, в) жер, г) саябақ

2)шеңбер – циркуль

шаршы: а) сопақ, ә) қалам, б) қағаз, в) сызық, г) сызғыш

3)шеге – балға

бұрандалы шеге: а) кесек, ә) гайка кілті, б) бұранда, в) бұрағыш, г) темір

4)еден – кілем

үстел: а) паркет, ә) орындық, б) дастарқан, в) жиһаз, г) бөлме

10 минут

4. «Жалпы және әр түрлі» жаттығуы.

Мақсаты: дивергентті ойлауды дамыту

Нұсқау: торт пен бәтеңкенің арасындағы 6 жалпы және әр түрлі белгіні тап.

Әр түрлі: Жалпы:

1_________________ 1_________________

2_________________ 2_________________

3_________________ 3_________________

4_________________ 4_________________

5_________________ 5_________________

6_________________ 6_________________

10 минут

5 сабақ.



Сабақтың тақырыбы: «Ойнайық – армандайық».

Сабақтың мақсаты: елесті, шығармашылықты дамыту, ақылмен жұмыс істеу тәсілін жаттықтыру, зейінді, есті қозғалыс белсенділігін дамыту, балалар қорқынышын диагностикалау.

1. «Теріс ел» жаттығуы.

Мақсаты: ақылмен жұмыс істеу тәсілін жаттықтыру

Жаттығу барысы: балалар шеңбер жасап отырады. Жүргізуші 3 әріптен тұратын бір сөз айтады да, допты лақтырады. Допты қағып алған ойыншы жүргізушінің айтқан сөзін теріс қайталауы тиіс (сок – кос, кот – ток). Теріс оқылған сөздің мағынасы болмауы да мүмкін. Ойынның қиындығы сөздің ұзақтығына байланысты болады.

10 минут Жаттығуға қажет материал: доп

2. «Сюжет» жаттығуы.

Мақсаты: есті, елесті, шығармашылықты дамыту.

Жаттығу барысы: Жүргізуші қағаз, кино, тышқан, адам, түс, теледидар, қалам, өзен, раушан, орман сияқты 10 сөзді бір рет оқып шығады. Балалар сол сөздерді естерінде сақтап айтылған сөздермен әңгіме, сюжет, ертегі, т.б. құрастырулары қажет.

3. «Менің жақсы көретін ойыншығым» жаттығуы.

Мақсаты: өз көрмесін оқыту, қатынас дағдысын дамыту.

Нұсқау: әрқайсысыларың өздеріңе ұнаған бір ойыншықтан алыңдар. Сол ойыншыққа сендер ат қойып, ол туралы бәрін топқа әңгімелеп берулерің тиіс. Көрмеден соң бір-бірлеріңмен ойнап, басқа ойыншықтар туралы ақпараттар ала аласыңдар.

10 минут Жаттығуға қажет материал: ойыншықтар

6 сабақ.



Сабақтың тақырыбы: «Сен ең жақсысың».

Сабақтың мақсаты: есту аппараты мен қозғалыс анализаторының үйлесуіне байланысты сенімділікті, зейінді дамыту.

1. «Марапаттар» жаттығуы.

Мақсаты: өзіне сенімсіз деген балаларды қолдау, басқалардың жақсы жақтарын көріп сол туралы айтуға үйрету, мақтау алған және біреуді мақтаған қандай әдемі екенін балалардың зердесіне түю.

Жаттығу барысы: партада екі-екеуден болып отырған балалар бір-бірінің қолдарынан ұстап, бір-бірлеріне бірнеше жағымды мақтаулар айтады. Мақтау алып отырған бала басын изеп, «Рахмет, қандай жағымды!» дейді. Одан соң мақтау алған бала мақтаған көршісіне сондай жағымды сөздер айтады.

10 минут.

2. «Төрт сұрапыл» ойыны.

Мақсаты: есту аппараты мен қозғалыс анализаторының үйлесуіне байланысты зейінді дамыту.

Ойын барысы: Ойыншылар шеңбер жасап отырады. Жүргізуші балаларға ойынның шартын түсіндіреді: егер «жер» деген сөз айтылса, онда балалар қолдарын төмен түсірулері тиіс, ал «су» десе, онда қолдарын алға қоюы қажет, «ауа» десе, қолдарын жоғары көтеріп, «от» сөзіне жұдырықтарын айналдырулары тиіс. Кім шатасып қалса, сол жеңілген болып есептеледі.

10 минут.

3. «Сөзді бұзу» жаттығуы.

Мақсаты: зейіннің концентраты мен тұрақтылығын жаттықтыру.

Нұсқау: қазір біз кемі екі ойыншыдан тұратын екі команда құрамыз. Екі команданың ішінен бірінші нөмірлі ойыншы мен екінші нөмірлі ойыншыны анықтаймыз. Бірінші ойыншылар бір-біріне бетпе-бет қарап тұрулары қажет және дауыстап біреу 100-ге дейін жұп сандарды айтса, екіншісі 99-ға дейін тақ сандарды айтып шығулары тиіс. Ал екінші нөмірлі ойыншылар бірінші нөмірлі ойыншылардың шатасып кетпеуін бақылап отыру қажет. Егер шатасқан болса, ол туралы жүргізушіге хабарлаулары тиіс. Осылай кімде-кім жаңылыспай 100-ге немесе 99-ға дейін бірінші болып санап шығатын болса, сол команда жеңіске жетеді.

10 минут.

4. «Ұғын» жаттығуы.

Мақсаты: дивергентті ойлауды дамыту.

Нұсқау: 2 жарым картопты барынша көбірек қолдану тәсілін ойлап табыңдар. Саны мен ерекшелігіне мән беріледі. Орындалу уақыты – 3 минут.

10 минут.

7 сабақ.



Сабақтың тақырыбы: «Сиқырлы орман».

Сабақтың мақсаты: елесті дамыту, ертегі терапиясын қабылдау және бірлескен қызмет дағдысының тренингісі арқылы өмірлік стратегиясын түзету.

1.«Сиқырлы орман».

Сабақтың мақсаты: елесті дамыту, ертегі терапиясын қабылдау және бірлескен қызмет дағдысының тренингісі арқылы өмірлік стратегиясын түзету.

Нұсқау: балалар пластилиннен түрлі аңдарды жасаулары тиіс, одан соң бірлесіп отырып ертегі құрастыруы қажет, соңы бақытты болуы тиіс.

30 минут. Жаттығуға қажет материал: саз балшық, алжапқыш, майлық, су

8 сабақ.



Сабақтың тақырыбы: «Зейінді бол».

Сабақтың мақсаты: зейінді дамыту, заттарды қатар қойып салыстыру, ой қызметін жандыру.

1.«Бірдей заттарды тап» жаттығуы.

Мақсаты: логикалық ойлауды жаттықтыру, заттарды элемент бойынша салыстыруға үйрету.

Нұсқау: екі түрлі суретті зейінді қарап, ондағы бірдей заттарды табыңдар. 12 бірдей зат табу қажет.

10 минут. Жаттығуға қажет материал: 2 сурет.

2.«Буратино» жаттығуы.

Мақсаты: шаршағандық сезімін басу, жұмысқа дайындалу.

Нұсқау: Буратино созылды (қолымызды жоғары көтереміз),

Қолын екі жаққа жіберді (қолдарымызды екі жаққа жібереміз)

Еңкейді (төмен қарай еңкейеміз, қолымызды түсіреміз)

Тербетілді, тербетілді (екі жаққа қарай тербетілеміз).



3.«Ұғын және жаз» жаттығуы.

Мақсаты: дивергентті ойлауды дамыту.

Нұсқау: «бас» сөзінен сөз тіркесін немесе фразасын жаз.

Жазу уақыты – 5 минут.



10 минут.

9 сабақ.



Сабақтың тақырыбы: «Әуесқой айналыстар».

Сабақтың мақсаты: елесті, шығармашылық ойлауды дамыту.

1.«Сурет салып аяқта» жаттығуы.

Сабақтың мақсаты: елесті, шығармашылық ойлауды дамыту.

Жаттығу барысы: балаларға «Мына сызықтарды дайын сурет болатындай етіп салып, аяқтап, бояңдар» деген дайын бланкілер нұсқауымен беріледі. Орындап болған соң көрме ұйымдастырып, ішіндегі ерекшесін атауы қажет.

15 минут.

2.«Айналыстар» жаттығуы.

Мақсаты: шығармашылық мүмкіндікті дамыту.

Ойын барысы: Ойынның басында балалардан олардың қандай жануарға уақытша айналғысы келетінін сұрау қажет. Олардың бір жануарға немесе құсқа тоқталулары керек. Сиқырлы таяқша алып ойыншыларды таңдаған жануарларына айналдыру туралы айтыңыз. Одан соң әр ойыншы таңдаған жануарын салып соған ұқсап тұрады.

Ойыншыларға рөлге кіріп, басқа жануардың «терісінде» тұруға уақыт бөлу қажет. Олар бөлменің ішінде ары-бері қимылдап, өздерінің жануарлары немесе құстарын салып дайындалулары тиіс. 3-5 минуттан соң олардан таңдаған жануарлардың немесе құстардың өмірі туралы сұрау қажет.



15 минут. Жаттығуға қажет материал: «сиқырлы таяқша»

4.«Сандар сөздердің ішінде» жаттығуы.

Мақсаты: дивергентті ойлауды дамыту.

Нұсқау: сандары бар сөздерді айтып шық, мысалы: екі еселенген, бессайыс. т.с.с. Жазу уақыты – 5 минут.

10 минут.

10 сабақ.



Сабақтың тақырыбы: «Қызықты арифметика».

Мақсаты: елесті жаттықтыру, алдын-ала берілген алгоритм бойынша оймен қарапайым операцияларды орындау мүмкіндіктерін дамыту, елесті дамыту, белсенді жұмысқа көңіл-күйді көтеру.

1.«Мысықтың баласы» психогимнастикасы.

Мақсаты: елесті жаттықтыру.

Нұсқау: біріншіден біз сендермен жақсы мысықты, одан соң жаман мысықты, балық аулап отырған мысықты, күнге ұмтылып отырған мысықты, жалқау және көңілді мысықты бейнелейміз.

7 минут.

2. «Қызықты арифметика» жаттығуы.

Мақсаты: алдын-ала берілген алгоритм бойынша оймен қарапайым операцияларды орындау мүмкіндіктерін дамыту.

Жаттығу барысы: Барлық қатысушылар шеңбер жасап тұрады. Қатысушылардың біреу жүргізушінің ролін атқарады. Оның қолында доп болады. Ол тапсырма беріп жауаптың дұрыс-бұрысын тексереді. Тапсырмалар әр түрлі болуы мүмкін.

1-нұсқа. Жүргізуші 7, 4, 1 сияқты үш түрлі сан айтып, допты лақтырады. Допты қағып алған бала сол сандарды керісінше 1, 4, 7 деп айтуы қажет. Одан соң допты жүргізушіге қайтарады. Соңғы бала жаңа үш түрлі сан айтып допты басқаға лақтырады.

Қай ойыншы жаңылысса, сол ойыннан шығады. Жүргізушімен қалған ойыншы жеңімпаз болып табылады.



2-нұсқа. Бұл нұсқа 1-нұсқаға ұқсас, айырмашылығы – сандарды керісінше емес өсу ретімен айтуы қажет. Мысалы, жүргізуші - 2, 7, 1, 4 деген болса, ойыншы – 1, 2, 4, 7 деп жауап беруі тиіс.

11 минут.

3. «Кел, бейнелейміз» психогимнастикасы.

Мақсаты: елесті дамыту, белсенді жұмысқа көңіл-күйді көтеру.

Нұсқау: қане, сиқыршыны, гірімен тұрған палуанды, жыланды, сынық әйнектердің, көмірдің үстінде жүрген йогты бейнелейік.

7 минут.

11 сабақ.



Сабақтың тақырыбы: «Білгіш».

Мақсаты: логикалық ойлауды (ой қорытындысын) жаттықтыру, мінез-құлықтың еркіндігін дамыту, вербальды емес, коммуникативті дағдылардың тренингі.

1. «Білгіш» жаттығуы.

Мақсаты: логикалық ойлауды (ой қорытындысын) жаттықтыру.

Жаттығу барысы: Сұрақ оқылып, оның жауабының 4 нұсқасы беріледі. Сол нұсқаның ішінен балалар дұрыс жауабын табулары қажет.

1.Анасы өзінің қызынан ... үлкен болмайды.

а) ешқашан, ә) сирек, б) жиі, в) әрқашан.

2. ... көктем айы

а) маусым, ә) наурыз, б) ақпан, в) қыркүйек.

3.1 сағатта ...

а) 60 минут, ә) 90 минут, б) 30 минут, в) 50 минут.

4.1 метрде ...

а) 10 км, ә) 50 см, б) 100 мм, в) 100 см.

5.Барлық құстар ... алады.

а) ән сала, ә) ұша, б) ұя сала, в) дем ала.

8 минут.

2. «Мен кіммін?» ойыны.

Мақсаты: мінез-құлықтың еркіндігін дамыту, вербальды емес, коммуникативті дағдылардың тренингі.

Нұсқау: Жүргізуші қатысушыға ешқандай сөзсіз біреуді бейнелеуін ұсынады, ал қалған қатысушылар оны табады. Барлығы қатысады.

7 минут.

3. «Болады-болмайды» ойыны.

Мақсаты: елесті дамыту.

Жаттығу барысы: балаларға сөйлемдер оқылады. Егер ол болатын болса - балалар шапалақ ұрады, болмайтын болса – аяқтарымен тепсінеді.

Мысалы: қасқыр орманда кетіп бара жатыр; қасқыр талдың үстінде отыр; кастрөлде табақ қайнап жатыр; мысық тамның төбесінде жүр; ит аспанда қалықтап жүр; қыз итті еркелетіп жатыр; үй қыздың суретін салып жатыр, т.с.с.



10 минут.

4. «Сөздерді шығару» жаттығуы.

Мақсаты: логикалық ойлауды дамыту.

Нұсқау: мен сендерге төрт сөзден оқып тұрамын. Оның ішінде үш сөздің ұғымы бір болуы мүмкін, ал бір сөз еш қандай талапқа сай келмесй шығарылып тасталынады. Сендер мағынасы жағынан сай келмейтін, шығарылған сөздерді жазып отыруларың керек. Тапсырманы тез, әрі қатесіз орындау қажет. Мысалы: Василий, Тимур, Иванов, Мұрат. Бұлардың ішінен Иванов деген сөз шығарылып тасталынады, өйткені бұл – адамның тегі, ал қалған үшеуі адамның атына жатады.

1)кітап, жол сандық, портфель, әмиян;

2)пеш, керосин, шам, тоқ плитасы;

3)сағат, көзілдірік, таразы, термометр;

4)қайық, қол арба, мотоцикл, велосипед;

5)ұшақ, шеге, желдеткіш, ара;

6)көбелек, таразы, циркуль, қайшы;

7)ағаш, этажерка, сыпырғы, шаңышқы;

8) ата, мұғалім, әке, ана;9)қырау, шаң, жаңбыр, шық;

10)алма, кітап, тон, раушан;

11)сүт, кілегей, сыр, нан;

12)қайың, жидек, емен, қарағай;

13)минут, секунд, кеш, сағат;

14)су, жел, көмір, шөп.



10 минут.

12 сабақ.



Сабақтың тақырыбы: «Суреттегі сезімдер».

Мақсаты: ассоциативтік есті, шығармашылық ойлауды дамыту, өздігінен образ жасауға үйрету.

1. «Суреттегі жолдауды шифрмен жаз» жаттығуы.

Мақсаты: ассоциативтік есті дамыту және диагностикалау.

Нұсқау: «Сендер өздеріңді тәжірибелі барлаушы ретінде санап, құпия сөзден (парольден) тұратын 10 фразаны естеріңде сақтауларың қажет. Сендердің құпия сөздеріңді ешкім таппас үшін 10 фразаның әрқайсысына сай келетін суретін салыңдар. Суреттерді арнайы терезелерге сыйғызу қажет. Әр терезеде 1 суреттен болса, сонда сендерге фразаны есте сақтауларыңа көмектеседі. Әр суретке 1-2 минуттан бөлінеді, сондықтан суретті жылдам салу керек. Және терезелерге сөздерді де сандарды да жазуға болмайды. Сабақтың соңында әрқайсыларың өздеріңнің суреттеріңді шифрмен жазып естеріңе түсіресіңдер. Барлықтарың дайынсыңдар ма? Онда бастайық».

Фразалар: 1. Дәмді ас. 2. Көңілді мейрам. 3. Ауыр жұмыс. 4. Қатал мұғалима. 5. Қорқақ бала. 6. Достық. 7. Батыл қылық. 8. Ауру. 9. Бақыт. 10. Қоштасу. 11. Жылы жел. 12. Байлық.



10 минут.

2. «Саусақ кескіндемесі» жаттығуы.

Мақсаты: өздігінен үйрену, образ жасау.

Нұсқау: Балаларға бір затты бір немесе бірнеше саусақпен түрлі-түсті дақтарды қоя отырып сурет салу ұсыныс жасалынады. Мысалы, балықты, гүлді салу, күн бұлттың арасында тығылып қалуы, т.с.с. Образдық шығармашылық ойлауды диагностикалау.

20 минут.

3. «Жалпы ұғымдарды табу» жаттығуы.

Мақсаты: логикалық ойлауды дамыту, жалпылауды үйрету.

Нұсқау: «Әр қатарда жақшаның алдында бір сөз және жақшаның ішінде бес сөз бар бланкісін алыңдар. Осы бес сөздің ішінен жалпы мағынасы жағынан жақын екі сөзді алыңдар. Мысалы, бақша және одан кейінгі сөздер. Бақша итсіз, шарбақсыз, бақшысыз да жұмсала береді, бірақ жерсіз және өсімдіксіз жұмсалмайды. Сондықтан осы екі сөзді алу қажет». Жұмыс уақыты – 5минут.

1)Бақша (өсімдік, бақшы, ит, шарбақ, жер).

2)Өзен (өзеннің жағасы, балық, балық аулаушы, балдыр, су).

3)Қала (автокөлік, ғимарат, бір топ, көше, велосипед).

4)Малхана (пішен қора, ат, шатыр, мал, дуалдар).

5)Текше (бұрыштар, сызба, тас, жақ, тал).

6)Бөлу (сынып, бөлінгіш, бөлгіш, қарындаш, қағаз).

7)Сақина (диаметр, алмаз, сынама, дөңгелектік, мөр).

8)Газет (шындық, қосымша, жеделхат, қағаз, редактор).

9)Ойын (карта, ойыншылар, айыппұл, жаза, ереже).

10)Соғыс (аэроплан, зеңбірек, шайқас, мылтық, солдаттар).

11)Патриотизм (қала, дос, отан, отбасы, адам).

12)Спорт (медаль, оркестр, жарыс, жеңіс, стадион).

10 минут.

13 сабақ.



Сабақтың тақырыбы: «Көр, есіңде сақта, қайтала».

Мақсаты: есті, моторлы-дыбыс есін, зейінді дамыту.

1. «Айна» жаттығуы.

Мақсаты: пассив балаларға белсенділік танытуға мүмкіндік беру.

Ойын барысы: балалардың арасынан жүргізуші таңдалынады, ал қалған балалар - айна болады. Жүргізуші айнаға қарайды, ал балалар сол жүргізушіні бейнелейді.

Жасы үлкен адам балалардың жүргізушіні бейнелегенінің дұрыстығын бақылап отырады.



10 минут.

2. «Тыңшылар» (дене шынықтыру сабағында) ойыны.

Мақсаты: моторлы-дыбыс есін дамыту, қозғалыс бөгелісін, негативизмді алу.

Ойын барысы: Бөлменің ішінде орындықтар қалауынша қойылған. Бір бала тыңшы болады да, бөлменің ішінде орындықтардың жанымен өтеді, ал екінші бала – командир болады, ол сол жолды есіне сақтап отрядты тура сол жолмен жүргізуі қажет. Одан соң тыңшы мен отряд командирінің ролін басқа балалар да ойнайды.

15 минут.

3. Есті дамытуға арналған жаттығу.

«Тыңда және қайтала» жаттығуы.

Мақсаты: есті және зейінді дамыту.

Ойын барысы: Жүргізуші бірнеше іс-қимылдарды атайды, бірақ көрсетпейді. Осы тапсырма 1-2 ретке дейі қайталауға рұқсат етіледі. Одан соң балалар осы іс-қимылды жүргізуші айтқандай етіп қимылдарымен көрсетеді.

1-тапсырма. Басыңда оңға бұр, басыңды тік ұста, басыңды төмен ұста, басыңды тік ұста.

2-тапсырма. Оң қолыңды жоғары көтер, сол қолыңды жоғары көтер, екі қолыңды да төмен түсір.

3-тапсырма. Солға (90 градусқа) бұрыл, отыр, тұр.

4-тапсырма. Оң аяғыңды көтер, сол аяғыңмен тұр, оң аяқты қой.

4. « ... сияқты жүремін, ... сияқты отырамын..., ... сияқты томсыраямын...» психогимнастикасы.

Мақсаты: елесті, шығармашылықты, зейінді дамыту.

Балаларға айбарлы арыстанға ұқсап жүруді, өркөкірек бүркіт сияқты отыруды, қоян секілді секіруді, қу түлкі сияқты жүруді, күшті аюға ұқсап томсыраюды, тауық сияқты отыруды, маймылдар сияқты секіруді сұранады.



5 минут.

14 сабақ.



Сабақтың тақырыбы: «Өз болашағыңа үңіл».

Мақсаты: елесті, сұрақ қоя білуді, ойлауды, шығармашылықты дамыту.

1-жаттығу. «Кім болғым келеді?» суреті.

Мақсаты: елесті дамыту.

Нұсқау: балаларға кейін өскенде кім болатынын қиялдап, армандауға тапсырма беріледі. Қысқаша талқыланып, кейін әрқайсысы өзін қиялдағанын суретке түсірулері тиіс. Одан соң әр бала өзінің суретін «қорғайды».

20 минут. Жаттығуға қажет материал: альбом қағазы, түрлі-түсті қаламдар, жабысқақ лента (скотч).

2. «Мен кім екенімді білмеймін» ойыны.

Мақсаты: сұрақ қоя білуді, ойлауды, шығармашылықты дамыту.

Нұсқау: бір баланы шығарып, оның қандай жануарды бейнелейтінін табу қажет. Ол ойыншы арқасымен тұрады, оның арқасына кесте ілінеді. Ол кестедегі суретті басқа ойыншылар көре алады, ал арқасымен тұрған бала көре алмайды да, «Мен кім екенімді білмеймін. Сендер көмектесесіңдер ма, достарым?» , ал балалар «Ия!» деп жауап береді. Одан соң арқасымен тұрған бала кестедегі жануарды табу үшін қандай жануар екенін сұрап отырады. Ойыншылардың жауабына қарай, бала арқасында тұрған кестедегі жануарды табуы қажет.

10 минут.

3. «Қане, тап» жаттығуы.

Мақсаты: ойлау және сөйлеуді дамыту.

Ойын барысы: Топты екіге бөлу қажет. Бірінші топ екінші топтан жасырын түрде бір кез келген затты жасырады. Екінші топ олардың жасырған затын сипатына қарай сұрап отырып, табулары қажет. Олардың сұрақтарына бірінші топ «ия» немесе «жоқ» деп қана жауап берулері тиіс. Бірінші топтың балалары бір тура сызықпен бірінің артынан бірі болып тұрады. Оларға қарама-қарсы екінші топ тұрады. Одан соң сұрақтар қойыла бастайды. Екінші топ сұрақтарына жауап беріп болған соң, ролдерімен ауысады.

10 минут.

15 сабақ.



Сабақтың тақырыбы: «Есіңде сақта, ойлан, жауап бер».

Мақсаты: есті дамыту, логикалық ойлаудың даму сатысын анықтау, түрлі заттардың бір-бірінен айырмашылығын таба білу.

1. «Екі ауыз сөз» жаттығуы.

Мақсаты: зейінді сақтау.

Нұсқау: балалар, мен сендерге қазір екі сөз оқитын боламын, ал сендер екі сөздің ішінен екіншісін есте сақтап, жазуларың қажет. Мысалы: мысық – сүт, нан – май, бала – машина, қыс – төбешік, үстел – бәліш, тіс – щетка, өзен – көпір.

10 минут.

2. «Ұқсастықтар» жаттығуы.

Мақсаты: логикалық ойлаудың даму сатысын анықтау, түрлі заттардың бір-бірінен айырмашылығын таба білу (Ю.З.Гильбухтың әдістемесі ұсынылған).

Балаға арналған нұсқау: Әр тапсырма екі жұп сөзден тұрады. Сөздердің бірінші жұбының арасында белгілі бір байланыс болады. Сондай мағыналы байланыс екінші жұпта да кездеседі. Бірақ, екінші жұптың бір ғана сөзі белгілі болады да, екінші сөзін қасындағы жақшаның ішіндегі сөздердің ішінен табулары қажет. Жақшаның ішіндегі тиісті деген сөздің астын сызып, келесі тапсырмаға өте берулеріне болады.

Келесі тапсырмаларды орындауды талқылау.

а) Қасық – металл, дәптер – (?) (оқушы, қалам, мұқаба, қағаз)

ә) Тауық – жем, сиыр – (?) (бұзау, мүйіз, шөп, май).

Балаларға «а» тапсырмасындағы қасық деген сөз металлдан жасалғанын, ал «дәптер» сөзіне «қағаз» сөзі сай келетінін, дәптердің қағаздан жасалғанын ұғындыру қажет.

Ал, «б» тапсырмасындағы «тауық» сөзіне «жем» сөзі сай келсе, «сиыр» сөзіне «шөп» сөзінің дәл келетінін, яғни сиырдың шөп жейтінін айту қажет.

МАТЕРИАЛ: Қалам және келесі төрт тапсырма:

1.Әке – бала, ана – (?) (әйел, қыз бала, қызы, әпке)

2.Тапсырма – шешім, тілек – (?) (қатты, тыйым, қанағат, жаза)

3.Беттер – кітап, бұтақтар – (?) (оқу, жапырақтар, әріптер, тал)

4.Басы- аяғы, алғашқы – (?) (екінші, ортасы, бастау, соңы)

Әр дұрыс жауапқа 1 деген балл, ал дұрыс емеске 0 балл беріледі.

Кілті: 1.Қызы 2.Қанағат 3.Тал 4. Соңы

10 минут.

3. «Кішкене қоян» ойыны.

Мақсаты: зейінділікті және бақылағыштықты, дыбыс-моторлы есті жаттықтыру.

Ойын барысы: жүргізуші бір мәтінді оқиды да белгілі бір қимылдарды көрсетеді, балалар жүргізушінің сөзін де қимылын да қайталаулары қажет. Бірінші мәтін оқылып одан соң қимылдары көрсетіледі. Кейін біртіндеп әр қатарды кимылға ауыстырулары қажет. Ең ақырында, мәтін тек қимылмен ғана көрсетіледі.

Орманда үй бар еді,

Терезеде еркек тұрды.

Жанынан кішкене қоян өтті,

Есігін тоқылдатты,

«Маған көмектесіңдер,

Ашулы аңшы мылтықпен жүр», -

деп айқайлады.

«Тезірек үйге кіре ғой,

Сонда сен құтқарыласың».(сүю).



10 минут.

4. «Кімде көбірек?» жаттығуы.

Мақсаты: елесті, ойлауды дамыту.

Қатысушыларға қолданылатын заттарды неғұрлым көбірек айту ұсынылады.

Заттар: портфель, нәски, сіріңке қорабы, гүл, т.с.с.

10 минут.

16 сабақ.



Сабақтың тақырыбы: «Ертегіде қонақта».

Мақсаты: елесті, шығармашылықты дамыту, команданың ішінде ойнай білу.

1.Сазбалшықпен жұмыс «Ертегіде қонақта».

Мақсаты: елесті, шығармашылықты дамыту, команданың ішінде ойнай білу.

Нұсқау: балаларға ертегідегі батырларды сазбалшықтан неғұрлым көбірек жасау ұсынылады. Одан соң олардан бір ертегі құру қажет. Ертегі қызық, әрі аяқ жағы бақытты және оның ерекшелігі болуы қажет.

2. «Комбинатор» жаттығуы.

Мақсаты: шығармашылық ойлауды дамыту.

Қатысушылар шеңбер, тікбұрыш, үшбұрыш және жарты шеңбер сияқты фигуралардан неғұрлым көбірек зат құрастырулары тиіс.

Соңында суреттерді топқа таныстыру қажет.

10 минут.

17 сабақ.



Сабақтың тақырыбы: «Бүгін біз ақынбыз».

Мақсаты: дыбыс-моторлы есті, логикалық ойлауды (жалпылау), зейінді, шығармашылықты, сөйлеуді дамыту.

1. «Тыр, тыр пулемет» психогимнастикасы.

Мақсаты: шаршауды басу, дыбыс-моторлы есті дамыту.

Нұсқау: Жүргізуші сөздерді қимылымен көрсетеді, ал балалар қайталайды, одан соң екпінді жылдамдатады.

Тыр, тыр пулемет,

Шатырдан жоғары самолет,

Бац артиллерия,

Кавалерия шауып келеді.

5 минут.

2. «Карусельдер» ойыны.

Мақсаты: балалар қимылының табиғи қажеттілігін іске асыру, алдағы жұмысқа деген көңіл-күйді көтеру.

Нұсқау: балалар шеңбер жасап тұрады. Бір-бірінің қолынан ұстап, келесі сөздерді айтады:

Болар-болмас, болар-болмас

Карусельдер айналды.

Карусель жаймен оң жаққа қарай бұрылады

Одан соң, одан соң

Барлығың жүгіріңдер!

Сөздің жылдамдығы мен қимылдар біртіндеп тездетіледі.

Жүгірді, жүгірді,

Жүгірді, жүгірді!

Карусель қимыл бағытын ауыстырады (барлығы тез сол жаққа қарай жүгіреді).

Жай, жай, асықпаңдар,

Карусельді тоқтатыңдар.

Бір-екі, бір-екі,

Осымен ойын аяқталды.

Қимылдың жылдамдағы біртіндеп баяулайды. «Осымен ойын аяқталды», - деген соң барлығы тоқтайды.

5 минут. Сыныппен үзілісте ойнауға болады.

3. «Үште үш» ойыны.

Мақсаты: логикалық ойлауды (жалпылау), зейінді дамыту.

Нұсқау: алғашқы ойыншы қасындағы көршісіне жануар, өзен, ел, өсімдік сияқты категориялардың кез келген бір затын «Үш ... ата», - деп айтады. Келесі ойыншы аталған категорияның ішінен үш затты айтып, үшінші ойыншыға тапсырма беруі тиіс. Ойын осылай жалғаса береді.

10 минут.

4. «Ақындар» ойыны.

Мақсаты: ойлауды, шығармашылықты, сөйлеуді дамыту.

Нұсқау: жүргізуші сөздерді айтады, ал ойыншылар сол сөздерге ұйқас сөздерді табулары қажет. Мысалы: тақ – дақ, бас – тас т.б. Кім бірінші болып ұйқастарды тапса, сол фишканы алады. Ойынның соңында жеңімпаздар анықталады.

10 минут.

5. «Тап» ойыны.

Мақсаты: ойлауды, шығармашылықты, сөйлеуді дамыту.

Нұсқау: Барлық ойыншылар шеңбер жасап отырады, ішінен бір жүргізуші таңдалынады. Ол бөлмеден шығуы қажет, ал топ оның жоқ кезінде қалғандардан тағы бір адам таңдауы тиіс. Әр қатысушы оған «егер ол гүл, тал, киім болғанда не болар еді» деген сияқты қатынастарды пайдаланып, мінездеме береді. Одан соң жүргізуші мен мінездеме арналып құрылған қатысушыны шақырып, әр қатысушы өзінің ойлаған мінездемесін айтады.

10 минут.

18 сабақ.



Сабақтың тақырыбы: «Жалпы және ерекше».

Мақсаты: психологиялық шаршауды басу, бақылауды және дене тілін «оқуды» дамыту, салыстырмалы талдау жасай білу.

1.«Кішкене күн қояны» психогимнастикасы.

Мақсаты: психологиялық шаршауды басу.

Нұсқау: балалар шеңбер жасап отырады. Жүргізуші: «Кішкене күн қояны сендердің көздеріңе қарады, сөйтіп ары қарай беттеріңе кетті. Оны емірене алақандарыңмен шекесінен, мұрнынан, аузынан, бетінен, иегінен сипаңдар. Ол жағаларыңа қарай кетті, онда да сипаңдар. Ол тентек қоян емес, ол сендердің еркелеткендеріңді жақсы көріп отыр. Ал енді қоянды сипап, онымен достасыңдар да күлімдеп қараңдар», - деп айтады.

5 минут.

3. «Бақылаушыларға арналған пантомима» жаттығуы.

Мақсаты: бақылауды және дене тілін «оқуды» дамыту.

Ойын барысы: Бір ойыншы пантомималарды көрсетеді, ал қалған ойыншылар оның не екенін табулары қажет. Бастамасына жуыну, тарану, тісін тазалау, жемісті жеу, футбол ойнау сияқты қарапайым әрекеттерді көрсету қажет. Одан соң үстелді дайындау, саябақта қыдыру, пәтерді жинау, біреуді ұрысу немесе мақтау сияқты күрделі әрекеттерге көшуге болады. Балалар біртіндеп ролдерімен ауысып отырады.

5 минут.

4. «Жалпы және ерекше» жаттығуы.

Нұсқау: балалар төмендегі сөздерді бір-бірімен салыстыру және олардың жалпы (несімен ұқсас) және ерекше жерлерін табулары қажет.

1.аю – түлкі

2.көл – өзен

3.тал – гүл

4.қуаныш – қайғы

5.көңілді – мұңды

6.кітап – журнал

7.мейірімді – ашулы

Егер, бала ұқсас және айрықша заттарды табуға қиналатын болса, онда оған жеңілдеу етіп сұрақтарды қою, одан соң салыстыру қажет.

10 минут.

5. «Сенің ертегің» жаттығуы.

Мақсаты: шығармашылық ойлауды дамыту.

Нұсқау: 5 сөздің ішінен кез келген нұсқаны таңдап ал да, осы сөздерден тұратын әңгіме немесе ертегі құрастыр.

1-нұсқа. 2-нұсқа. 3-нұсқа.

Алия Алия

Дастархан Дастархан Дастархан

Ай Ай Ай


Ай Ай Шыныаяқ

Шыныаяқ Қасық Тру-ля-ля

Тру-ля-ля Тру-ля-ля Домбыра

10 минут.

5. «Қызыл, сары, көк» ойыны.

Мақсаты: көру есін, зейінін дамыту.

Нұсқау: Жүргізуші таңдалынады. Ол үстелдің үстіне 6-7 түрлі-түсті қаламдарды қойып, ойыншыларға (20 секунд) көрсетеді.Одан соң қаламдардың үстіне жауып қояды. Әр бала есіне сақтағаны бойынша қай қалам қалай жатқанын айтуы тиіс.

5 минут.

«Өрлеу» БАҰО» АҚФОҚОбойынша ПҚБАИ «Мұғалімдердің кәсіби дамуын педагогикалық-психологиялық сүйемелдеу»



Кафедрасының аға оқытушысы Медетбаева Гүлшакира Нұрқұлқызы

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет