Бастауыш сыныпта сын есімді оќыту


Грамматикадағы анықтама - ережелердің негізгі белгілері мындай



бет29/31
Дата07.06.2024
өлшемі433 Kb.
#502429
түріСабақ
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Дип.-Бастауыш-сыныпта-сын-есімді-оқыту (1)

Грамматикадағы анықтама - ережелердің негізгі белгілері мындай:
1.Әрбір анықтаманың ішінде оның термині болады (мысалы, жоғарыдағы анықтамаларда сын есім, түбір терминдері).
2.Әрбір анықтамада сол ұғымның өзіне тән басты белгісі көрсетіледі. Бұл басты, негізгі белгі арқылы ол ұғым басқа ұғымдардан ерекшеленеді (мысалы, сын есімде сынын, түбірде сөздің өзгермейті бөлшегін т.б.).
3.Кейбір анықтамаларда әрбір түсіндірілетін ұғымның қандай топқа жататыны көрсетіледі (мысалы, сынын білдіретін сөз табын сын есім, түбір сөзге жалғанатындарды қосымша дейміз т.с.с.).
4.Анықтамаларда әрбір категорияның негізгі мағыналарынан басқа формалық белгілері де көрсетіледі. ( мысалы, зат есімнің көпше түрін жасау үшін оның түбіріне –лар, -пар, -дар, -дер, -тар, -тер жалғаулары жалғанады т.б.). Мұндай формалық белгілері көрсететін түсіндірмелер анықтамалардан кейін беріледі. Әсіресе бастауыш сыныптарға арналған оқулықтарда көпшілігіне негізгі мағыналары мен сұрақтары басты белгілері ретінде көрсетіледі.
Формалық белгілерді жинақтап, топтап, синтездеп сол котегорияның басқалардан семантикалық, морфологиялық және синтаксистік ерекшеліктерін көрсету үшін пайдалану керек. Кейде тіпті анықтамаларда айтылмаған белгілердің өзі жаттығу барысында байқатуға тура келеді. Мысалы, кітапта: «аяқталмаған ойды білдіретін сөздер тобын сөйлем дейміз» деген анықтама берілген. Бұл-сөйлемнің мағыналық қана белгісі. Ал баcқа белгілері (сөйлемдегі сөздер бір-бірімен байланысты болады. Әр сөйлемнің аяқталғанын дауыс ырғағынан байқауға болады, әр сөйлемен кейін тыныс белгісі қойылады т.с.с) анықтамада көрсетілмейді. Бірақ оқушылар cөйлемдермен танысу, оларды талдау барысында сөйлемнің қалған (айтылмаған) белгілерін де мұғалімнің көмегімен меңгереді. Олар сөйлемдегі сөздердің бастауыш пе баяндауыштың маңына топталатынын, сондай-ақ сұраулы, хабарлы, лепті сөйлемдерде белгілі бір дауыс ырғағы болатынын біледі.
Ендеше, сөйлем туралы түсінікті қорытындылау барысында оқушылардың көңілін тек анықтамада көрсетілген белгіге ғана аударып қою жеткіліксіз, сонымен қатар сөйлем жөнінде олардың алған мағлұматтарын топтық жинақтап, нақтылау бала ұғымының айқындала түсуіне мүмкіндік береді.
Әрбір анықтаманы оқушылар саналы меңгеру үшін мұғалім:
1.Оқушылардың грамматика оқулықтарына ғана мысал келтіріп қоюменен қанағаттанбай, өз ойынан немесе «Ана тілінен», оқыған кітаптарынан ойланып, мысал айтуын талап етеді.
2.Анықтама өтілгеннен кейін дайын мәтін береді де, соның ішінде анықтама бойынша қажетті сөзді немесе тіркестерін тапқызады. Кейде баланың өзі ойлап тапқан мысалдарын талдату арқылы да пікірлерін дәлелдетуді талап етуге болады.
3.Анықтама бойынша берілге ұғымның негізгі белгілерін санап көруді ұсынады.
4.Анықтама мен ережелерді дәл, анық, толық айтуға үйретеді. (мысалы, ІІІ – сыныпта «заттың атын білдіретін сөз табын зат есім дейміз» деп, зат есімнің сөз табы екендігіне назар аудартады).
Сондықтан, сонымен қорыта келгенде, балалардың терминдерді (бастауыш, баяндауыш, зат есім, сөз табы т.б.) дұрыс айтып, анықтамаларды дәл, анық, толық (жоғарыдағы талап бойынша) тұжырымдауларымен де қанағаттанып қоюға болмайды. Әрбір анықтама бойынша, олар өз беттерімен мысал келтіре алумен қатар, грамматикалық тапсырмамен берілген мазмұндама, шығарма жаза алатындай мүмкіндікке жете алғанда ғана оны меңгереді деп есептеуге болады. Бірақ, сөз жоқ, бұл талаптың барлығы бірді-екілі сабақта орындалуы тиіс деген ұғым тумауы тиіс. Бұл ұзақ жаттығулардың, біреше сабақ бойынша өткізілетін жүйелі жұмыстардың нәтижесінде ғана қалыптасады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет