Бастауыш сыныптарда оқушы дәптерлерін жүргізу тәртібі пәні дәптер саны



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата01.11.2022
өлшемі220.6 Kb.
#463821
  1   2   3   4
Дәптерге талап 2021-22-2



Бастауыш сыныптарда оқушы дәптерлерін жүргізу тәртібі 
пәні 
дәптер саны 
Қазақ тілі 

- 2 жұмыс дәптері; 
- 1 жиынтық бағалауға арналған дәптері; 
Әдебиеттік оқу 

- 1 жұмыс дәптері; 
- 1 жиынтық бағалауға арналған дәптері; 
Орыс тілі 

- 1 жұмыс дәптері; 
- 1 жиынтық бағалауға арналған дәптері; 
Ағылшын тілі 

- 1 жұмыс дәптері; 
- 1 жиынтық бағалауға арналған дәптері; 
Математика 

- 2 жұмыс дәптері; 
- 1 жиынтық бағалауға арналған дәптері (бақылау жұмысы осы 
дәптерде орындалады); 
Жаратылыстану 1 - 1 жұмыс дәптері (жиынтық бағалау осы дәптерде орындалады); 
Дүниетану

- 1 жұмыс дәптері (жиынтық бағалау осы дәптерде орындалады); 
Дәптер сыртын 1 сыныпта мұғалім, ал 2 сыныптың 2 жартыжылдығынан бастап үлгі 
бойынша оқушы өзі толтыруы керек: 
Ақтөбе қаласы 
№8 орта мектебінің 
3 «А» сынып оқушысы 
Айдарұлы Досболдың 
қазақ тілі дәптері 
Оқушылардың қаламдары көк түсті сия болуы керек. 1, 2 сыныпта кіші жол дәптерлеріне, ал 
3 сыныптың 2 жартыжылдығынан және 4 сыныпта үлкен жол дәптерге жазуы қажет. 3 
сыныптың 1 тоқсанында көркем жазуға кіші жол дәптер арнаған жөн.
1-2-сыныпта кіші жол дәптердегі кіші әріптің биіктігі 4 мм, көмекші жолдың биіктігі 8 мм 
болады. Үлкен жолды дәптерде кіші әріптердің биіктігі 3 мм, бас әріптің биіктігі 6 мм 
болады. 
Дәптердегі барлық жұмыстар төмендегі талаптарды, ережелерді сақтай отырып жүргізілуі 
керек: 
- жазуы ұқыпты; 
- оқушылардан әрбір әріпті дұрыс жазу, әрбір жаңа ойды абзацтан (жаңа жолдан) 
бастап жазу, жолды дәптердің түп жағынан (10-15 мм), оң жағынан (20 мм), тор 
дәптердің түп жағынан 2 тор, шектеу сызығына 1 тор жетпейтін бос орын қалдыру, 
біркелкі көркем жазу талап етіледі. 
- 1,2 және 3 сыныптың 1 жартыжылдығында ай аты жазбаша, күн реті араб цифрымен жол 
ортасынан жазылады; 
- 3 сыныптың 2 жартыжылдығынан және 4 сыныпта ай аты мен күн реті жазбаша жазылады. 
- күн реті мен жұмыс түрінен соң нүкте қойылады.
Қазанның тоғызы. Қазанның 9-ы. 
Сынып жұмысы. Сынып жұмысы 
- Үй жұмысы сынып жұмысының жалғасы деп есептелінеді де, күн реті жазылмайды; 
- 1 сыныптың 3 тоқсанынан бастап жаттығу сөзі толық жазылады. Мысалы: 
15-жаттығу 
- Тапсырмаға сәйкес сөздерді бағандарға бөліп жазғанда бірінші сөзі бас әріптен үтірсіз 
жазылады. Мысалы: 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет