Бақты ауылдық округінің әкімі Б. Жабдиковтың 2015 жылы атқарған жұмыстары және алда тұрған міндеттері туралы есебі



Дата25.02.2016
өлшемі67.35 Kb.
#25146
Бақты ауылдық округінің әкімі Б.Жабдиковтың 2015 жылы атқарған жұмыстары және алда тұрған міндеттері туралы есебі
Міне,уақыт сынаптай сырғып,тағы бір жыл кәрі тарих қойнауына енді.

Өткен жыл киелі құндылықтарымыз бен ұлы еліміздің мәртебесін ұлықтау тұрғысында біздің мемлекетіміз үшін,тарихи оқиғаларға толы жыл болды.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясаты мен халқымыздың бірлігінің арқасында XXI ғасырда іргесі берік,беделі биік мемлекетке айналған Қазақ елі берекелі белестерді бағындырды.Мемлекет басшысының «Жаңа жаһандық ортадағы Қазақстан:өсу,реформалар және даму» атты Жолдауы жарияланды.Тарихи мәні терең құнды құжатта елдің алдағы дамуының басым бағыттары белгіленді.

Өздеріңізге белгілі, жыл басында барлық деңгейдегі әкімдердің халық алдындағы есепті кездесулері өтіп тұрады. Осы орайда бүгінгі күні сіздермен кездесіп, 2015 жылы атқарылған жұмыстар туралы есеп бермекпін.

Ауыл тұрғындарының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын көтеру, жұмыссыздықты азайту мақсатында округ әкімі аппараты 2013-2015 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасы бойынша жұмыс жасап, аудан әкімдігінің басшылық қолдауымен жоспарлы іс-шараларды жүзеге асыруда. Жыл басында өткен кездесудегі айтылған ұсыныс-пікірлердің барлығы дерлік оң шешімін тапты. Бақты ауылының тұрғындары орталық елді мекенде санитарлық тазартумен күл-қоқыс төгетін жерді реттеу жұмыстарын ұйымдастыруды сұралған болатын. Бұл орайда ауылдық округ бойынша барлығы 3800 тонна күл-қоқыс шығарылды және күл-қоқыс төгетін полигон ретке келтіріліп маңайы тазаланып, үйіліп,3000 тн. қоқыс қайта тасылып реттелді.

Ауылдық округтің елді мекендерін жарықтандыру жұмыстарыда жоспарға сәйкес атқарылуда. Биылғы жылы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында бұл жұмыстарға 1,230 млн. тенге қаражат каралды және осыған сәйкес ауыл орталығының Мәди көшесіне тамыз айында күн сәулесінен жарық беретін 6 баған орнатылды. Осы жұмыстарды Қарағанды қаласынан «Инновация Тех» ЖШС-гі атқарды.

Әкім аппаратының басты міндеттерінің бірі салық түрлерін жинауды ұйымдастыру және жаңа кәсіпкерлерді тіркеп, жұмыс орындарын ашу болып табылады. Бұл орайда жер және мүлік салығы жоспары 111347 теңге көлемінде толық орындалды және жаңадан 9 шағын және орта бизнес субъектілері тіркелді, оның ішінде 6 шаруа қожалығы, 3 жеке кәсіпкерлер, оларда барлығы 12 жұмыс орны ашылды.

Жергілікті бюджеттің орындалысына келер болсақ, 2015 жылға барлығы 13,120 млн. тенге, оның ішінде әкімдік аппаратын ұстауға 11,248 млн. тенге қаралған. Бұл қаражат жыл қорытындысы бойынша жоспарға сәйкес,еңбекақы, абаттандыру және жол тазалау жұмыстарына, жарық және байланыс, жанар-жағар маймен әртүрлі товарлар алуға жұмсалып, тегіс игерілді.

Мал шаруашылығын дамыту мақсатында «Ажар», «Рустам» шаруа қожалықтары мемлекеттен несие алып ірі қара малдарын сатып әкеліп, бағып-күтуде. Ауылдық округ бойынша «Мейір», «Би-аға», «Кешубай», «Ақбұлақ», «Мүлкібай», шаруа қожалықтары асыл тұқымды ірі қара малдары бағып күткені үшін жылма-жыл мемлекеттен субсидия алуда.

Өткен 2015 жылы ауылдық округ бойынша «Мақсат», «Құрмаш» шаруа қожалықтары «Сыбаға» бағдарламасы бойынша несие алып, барлығы 189 бас ірі қара аналық малдармен асыл тұқымды 3 бас бұқа сатып алды және «Сәулет», «Мейір», «Мейрамбай» шаруа қожалықтары «Құлан» бағдарламасы бойынша 34 бас жылқы малдарын сатып алды «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» АҚ-ғының облыстық филиалы көмегімен 5 шаруа қожалығы лизингтік жүйе арқылы жаңадан МТЗ-82 дөңгелекті тракторын алды, биылғы жылы да осы үрдісті жалғастырып 7 шаруа қожалығы тракторды жеңілдікпен алмақ.

Ауылдық округ бойынша экспортқа ет тапсыру 7 бас ірі қара көлемінде орындалды.

Ауыл шаруашылығының басты бір саласы болып мал шаруашылығы саналады. Округ бойынша ауыл шаруашылығын дамыту саласында 50 шаруа қожалығы еңбек етуде. Жалпы округ бойынша халықтың қосалқы шаруашылығында мал басын өсіруге, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға көңіл бөлінуде.

Осы жылдың санақ қорытындысы бойынша округтегі ауыл тұрғындары мен шаруа қожалықтарының меншігінде 3354 бас ірі қара, 10896 бас қой-ешкі, 1490 бас жылқы,2780 құс тіркелген. Бұл көрсеткіштер былтырғы жылмен салыстырғанда ірі қара бойынша 110% ,қой-ешкі 102% , жылқы 110% орындалып, ауыл тұрғындарымен шаруа қожалықтарындағы мал басының өскендігі байқалып отыр. Әсіресе, ірі қарамен жылқы малының арту қарқыны жоғары. Асыл тұқымды ірі қара мал басын көбейту «Кешубай», «Мейір», «Би-аға», «Мүлкібай», шаруа қожалықтарында оң жолға қойылған.

Малдәрігерлік алдын алу егу жұмыстары 2015 жылға бекітілген жоспарға сай толық атқарылды. Бруцеллез індетіне серологиялық зерттеу үшін 3370 бас ірі қарадан, 11600 бас қой-ешкіден қан алынып, аудандық ветзертханаға тапсырылды. Зерттеу қорытындысымен 76 бас ірі қара бруцеллез індетіне шалдыққыны анықталды. Ауру ірі қара малдары тегіс ет өңдеу кәсіпорындарына тапсырылды. Жоспарға сай 2250 бас ірі қара малдары туберкулез індетіне 2 рет тексерілді, ауруға шалдыққан мал басы жоқ, сондай-ақ 1500 бас мал қарасан ауруына қарсы 2 рет егілді, сондай-ақ сібір жарасына қарсы 3150 бас ірі қара, 8800 бас қой-ешкі, 1000 бас жылқы малдары егілді. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстары толығымен атқарылды. Барлығы 1322 бас ірі қара, 6076 бас қой-ешкі, 498 бас жылқы бірдейлендірілді, компьютерлік базаға енгізілді. Ветатрибуттар қаржысы 102581 теңге көлемінде толығымен бюджетке салынды. Ауылдық округте мал сою алаңымен ірі қара малын қолдан ұрықтандыру бекеті жұмыс жасап тұр.

Ауылдық округте «Би-аға», «Ерлан» ШҚ-ры егін шаруашылығымен айналысады. Аталған шаруа қожалықтары 550 га жерге бидай сеуіп, орта есеппен әр гектардан 14,1 центнерден өнім алды.

Ауылдық округ бойынша барлығы 29098 тн. Мал азығы дайындалып, жоспар 100% орындалды.

Астана қаласында және облыс орталығында қатарынан бірнеше жыл қазан, қараша айларында «Ауыл-береке» жәрмеңкесі өткізілуде. Жылдан жылға жәмеңкеге қатысушы шаруа қожалықтары мен ауыл тұрғындарының қатары көбейіп келеді.

Елді мекендерде шағын кәсіпкерлік саласында халыққа 5 дүкен, 1 кафе, 1 асхана, 2 наубайхана, 1 монша қызмет атқаруда. 2016 жылы дүкен және шаштараз ашу жоспары бар.

Бақты елді мекенінде байланыс жүйесіне тіркелген 175 абонент тұрақты жұмыс жасап тұр. Абыз елді мекенінде 13 телефон нүктесі және Шолаққайың елді мекенінде 6 телефон нүктелері спутниктік байланыс қондырғысы арқылы қосылып қазіргі күні жұмыс істеуде. Жылма жыл күн тәртібінен түспей тұрған бір мәселе бар, ол- Бақты ауылының орталығына ұялы байланыс жүйесін орнату.Осы мәселе бойынша жоғарғы органдардан көмек болса.

Ауылдық округтің елді мекендеріндегі тұрғындар ауыз сумен тұрақты, жүйелі түрде қамтамасыз етілуде. Бақты және Абыз елді мекендерінде су құбыры жүйесі, ал Шолаққайың ауылында ұңғыма құдығы үздіксіз жұмыс атқарып, халықты сумен қамтамасыз етуде. Осы жүйелердің қалыпты жұмыс атқаруын қамтамасыз етуде жеке кәсіпкерлер Сепин Ермек және Стамкулов Аманғазы табысты еңбек етуде.

Бақты ауылының су құбыры жүйесіне таяуда жаңадан насос орнатылып, электр желісіне толық жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Округ орталығын және Абыз елді мекенін абаттандыру, күл-қоқыстан тазалау бағатында біршама жұмыстар атқарылды. Жалпы елді мекендерден 3800 тн. күл-қоқыс шығарылды және күл-қоқыс төгетін полигон аймағы ретке келтіріліп 3000 тн. күл-қоқыс қайта тасылып ,үйілді.Орталық мекеннің көшелеріне 2000 м2 жолға қиыршық тас төгіліп, тегістелді. Ауылға кіре беріс жолдың шайып кеткен жерлеріне топырақ төгіліп, суағар реттелді. Осы жұмыстардың басы-қасында болып ерекше еңбек сіңірген ауыл азаматы Альфараби Стамкуловқа халықтың атынан алғысымызды білдіреміз.

Халыққа медициналық қызмет көрсету саласында 1 ОДА, ал Абыз ауылында медициналық қызметкер жұмыс жасайды.

Амбулатория көмірмен қамтамасыз етілген, қыстан қысылмай шығатындай жағдай жасалған.

Ауылдық округ тұрғындарының денсаулығын тексеру мақсатында жылжымалы медицина тобы елге келіп, халықты толық тексерістен өткізді, сонымен қатар жылжымалы рентген қондырғысыда елді мекендердегі халыққа өз қызметін көрсетті.

Білім беру саласында 1 орта, 1 негізгі мектеп жұмыс атқаруда. Мектептер компьютерлермен қамтасыз етілген, «Қазақтелеком» арқылы интернет жүйесіне қосылған. 2015 жылы орта мектепті 8 бала бітіріп, оның 3-і жоғарғы оқу орындарына, 5-і арнаулы орта оқу орындарына түсті.

2015 жылы № 21 Бақты орта мектебінің жылу жүйесінің қазандығына жаңадан 2 пеш қойылды.

Әлеуметтік сала бойынша: Биылғы жылы атаулы әлеуметтік көмек алушы 2 отбасы, 7 адам болды. Балалар жәрдемақысын алушылар саны 2015 жылы 14 отбасы, 44 адам болды. Жыл басынан тұрақты жұмысы болмай жүрген 6 ауыл тұрғыны қоғамдық ақылы жұмысқа тартылып, олар қар тазалау, көшелерді абаттандыру жұмыстарына жұмылдырылды.

Азаматтардан түскен өтініштер уақытында қаралады, тиісті жауаптары беріледі. Биылғы жылы ауыл тұрғындарынан 5 өтініш түсті, барлығы дерлік өзінің оң шешімін тапты.

Жыл ішінде ауылдық округ әкімі аппараты халыққа мемлекеттік қызмет көрсетуде біршама жұмыстар атқарды. Халыққа 580 ветеринариялық анықтама, 1833 ветеринариялық паспорт және 105 қосалқы шаруашылығы бар екендігі туралы анықтама беріліп, тұрғындар өтініші толық қанағаттандырылды.

Халық арасында бұқаралық спортты дамыту мақсатында біршама жұмыстар атқарылды. Волейбол, футбол секциялары аптаның екі күнінде тұрақты ұйымдастырылуда. Ауыл жастары аудандық спартакиадаға және ауылдық округтерде футболмен волейболдан өткен аудандық турнирлерге тұрақты қатысып тұрады.

Мәдениет саласында клуб үйімен Абыз халық театры халыққа қызмет көрсетуде. Мереке күндері аталып өтіліп, жастардың демалыс кештері және де басқа мәдени шаралар жоспарға сай өткізіліп тұрады. Бақты клуб үйінің көрермендер залына аудан әкімі Х.М.Мақсутовтың қолдауымен жайлы 78 орындық қойылды.

Абыз елді мекенінде ауыл жастарының ықпалымен, ұлттық табиғи паркі ұжымының бастамасымен Ұлы Жеңістің 70-жылдығына орай «Ардагерлер саябағы» ашылды.Бұл саябаққа қарағай,қайың,пирамидалық терек,Ресейдің Пермь қаласынан әкелінген шыршалар отырғызылды.

Қоғамдық тәртіпті сақтау саласында полиция инспекторы жұмыс атқаруда. Жастармен мектеп оқушыларымен тұрақты кездесулер өткізіліп тұрады. Техникалардың бейсауат жүрмеуі және басқада тәртіпсіздіктердің болмауы қадағаланып отырылады.

Ауылдық округ әкімі аппаратымен бірге ауылда қоғамдық ұйымдар, яғни ардагерлер кеңесі, қоғамдық негіздегі медиаторлар, әйелдер кеңесі, жұмыс жасайды. Осы қоғамдық ұйымдар округ әкімдігіне оң қолғабысын тигізіп келеді.

Жоғарыда айтылған ұйымдардың тарапынан атқарылып жатқан істер нәтижесінде ауылдағы моральдық психологиялық ахуал бірқалыпты жағдайда.



Ауылдық округ әкімі аппараты аудан әкімідігінің бөлімдерімен және басқада мекемелермен тығыз байланыста жұмыс жасап келеді.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет