Батырлық ертегілер


Батырлық Ертегілердің өзгешелігі



бет2/3
Дата15.03.2022
өлшемі408.77 Kb.
#456304
1   2   3
Ертегілер

Батырлық Ертегілердің өзгешелігі

Бас кейіпкердің жүріс-тұрысына, өзге елге ерлік сапарға шығуына және өз елін жаудан азат етуіне байланысты оқиғалар бір қаһарманның маңына топталып, соның бейнесін ашуға қызмет етеді. Эпос желісі белгілі бір тарихи дәуірге табан тіреп, соны көрсетіп отырғанымен, оған көбіне түрлі заманның оқиғаларын бір қаһарманға теліп жырлап беру тән.

Батырлық ертегілер

Қазақ эпосын пайда болған дәуіріне қарай топтастыру үлгісін Шоқан Уәлиханов, Г.Н. Потанин, В. Радлов, Ә. Диваев, Ахмет Байтұрсынұлы зерттеулерінің тәжірибесіне сүйеніп Марғұлан ұсынған болатын. Ол эпосты бес салаға бөлсе, кейіннен Қоңыратбаев эпосты он салаға бөледі. Мыңдаған жылдық тарихы бар қазақ эпосының шығу дәуірін, жанрлық түрлерін ішкі көптеген ерекшеліктеріне қарай топтастыру оңай іс емес.

  • Батырлық ертегілерді пайда болу кезеңдеріне қарай ірі үш топқа жинақтауға болады:

Батырлық ертегілердің пайда болу кезеңдері

1) “Ертегілік эпос”Бұлардың қатарына “Ергенеқон”, Аттилла, Ер Төстік, мергендер туралы эпостық жырлар жатқызылады.

2) Тарихи кезеңдердің эпосы: Түрік қағанаты, Оғыз хандығы, ноғайлы дәуірі, Қазақ хандығы кезеңіндегі эпостар (“Қорқыт Ата кітабы”, “Алпамыс”, “Қамбар”, “Қобыланды”, “Ер Тарғын”, т.б.).

  • 3) Жаңа дәуір эпосы (тарихи жырлар, “Еспенбет”, “Өтеген”, “Нарқыз”, т.б.).

Батырлық Ертегілердің қалыптасуы

  • Батырлық ертегілердің байырғы көне эпостың жалғасы ретінде дами отырып, қоғамдық қарым-қатынастың, саяси-әлеуметтік жағдайлардың өзгеруіне, бұрынғы жекелеген рулар мен тайпалардың біртіндеп халық болып құрала бастауына сәйкес қалыптасты. Осыған байланысты бұрынғы мифтік түсініктер жойылып. Қайшылық, күрес идеясы бұрынғыдай дию-перілер емес, енді адамдар дүниесіндегі қайшылықтар тақырыбы алынды. Мифтік дәуірден бері қалыптасып келе жатқан батырға қаһармандық дәуірде жеке отбасы, үй-іші, қалыңдық үшін күреске шығу секілді әрекеттер жеткіліксіз еді. Енді оның ерлігі біртіндеп халықтың бостандығы, елдің бірлігі мен мүддесі үшін қызмет етуі керек болды. Мұның бәрі байырғы миф пен көне эпостың жанрлық белгілерін өзгертіп, мүлдем жаңа жанрдың- Батырлық ертегілердің қалыптасуына жағдай жасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет