§1.12. ӨЛШЕМ БІРЛІКТЕР.МАСШТАБ.
Өлшем – заттың, дененің сапалық және сандық сипаттарын көрсететін заңдылық. Ал өлшемнің бірліктеріне келетін болсақ, олар күнделікті тұрмыста, техникада, медицинада, шаруашылықтарда және т.б. ғылым салаларында кездеседі. Біз математикада күнделікті өмірде көп кездесетін өлшем бірліктерді қарастыратын боламыз. Егер өлшем бірліктер болмаса біз заттарды, денелерді салыстыра алмас едік, сол үшін өлшем бірліктерді білу өміріміздегі маңызды заңдылықтардың бірі болмақ.
Ұзындық өлшемі
Ұзындық өлшемдері – күнделікті тіршілікте, ғылым салаларында көптеген денелердің, заттардың бойын, ұзындығын өлшеуге қолданылады.
1 километр(км) = 1000 метр(м)
1 метр(м) = 10 дециметр(дм) = 100 сантиметр(см)
1 дециметр(дм) = 10 сантиметр(см)
1 сантиметр(см) = 10 милиметр(мм)
Аудан өлшемі
Аудан өлшемдері - күнделікті тіршілікте, ғылым салаларында қайдайда бір жазықтықтың, беттіңбпішіннің алып жатқан аумағын, жерін өлшеуге қолданылады.
1 кв. километр( ) = 1000000 кв. метр( )
1 кв. метр( ) = 100 кв. дециметр( ) = 10000 кв. сантиметр( )
1 гектар(га) =10000 кв. метр( )
Көлем өлшемі
Көлем өлшемдері – күнделікті тіршілікте, ғылым салаларында қайдай да бір геометриялық денелердің кеңістікте алып жатқан бөлігін өлшеуге қолданылады.
1 куб. метр( ) = 1000 куб. дециметр( ) = 1000000 куб. сантиметр( )
1 куб. дециметр( ) = 1000 куб. сантиметр( )
1 литр(л) = 1 куб. дециметр( )
1 литр(л) = 1000 миллилитр(мл)
Салмақ өлшемі
Салмақ өлшемдері – күнделікті тіршілікте, ғылым салаларында қандай да бір денелердің массасын, салмағын өлшеуге қолданылады.
1 тонна(т) = 10 центнер(ц) = 1000 килограмм(кг)
1 центнер(ц) = 100 килограмм(кг)
1 килограмм(кг) = 1000 грамм(г)
1 грамм(г) = 1000 миллиграмм(мг)
Уақыт өлшемі
Уақыт өлшемдері – күнделікті тіршілікте, ғылым салаларында қандай да бір уақыт мезетін өлшеуге қолданылады. Уақыттың өлшем бірліктеріне тоқталайық:
1 ғасыр = 100 жыл
1 жыл = 12 ай = 365 немесе 366 күн
1 ай = 28, 29, 30, 31 күн
1 апта = 7 күн
1 тәулік = 24 сағат
1 сағат = 60 минут
1 минут = 60 секунд
1 секунд = 1000 миллисекунд
1-мысал: Адам демімен бірге тәулігіне 400 л көмірқышқыл газын шығарады. 1 көмірқышқыл газының массасы 1,98 кг. Адам демімен тәулігіне неше килограмм көмірқышқыл газын шығарады?
А) 0,892 кг В) 0,728 кг С) 0,729 кг Д) 0,879 кг Е) 0,839 кг
Есепте жоғарыда айтып кеткендей 1 л = 1 екенін ескеріп осыдан 400 л = 400 екенін аламыз. 1 = 1,98 кг екені белгілі, сонда 1000 = 1,98 кг тең болады. Енді біз 400 көмірқышқыл газы қанша килограммға тең екенін табу үшін келесі пропорцияны құрамыз:
Осыдан х-ті табатын болсақ:
Сонда адам тәулігіне 0,792 кг көмірқышқыл газын шығаратынын таптық.
2-мысал: 1 ауаның массасы 1,3 кг. Бөлменің өлшемдері: 7,5 м; 5,4 м; 3,2 м. Бөлме ішіндегі ауаның массасын табыңыз.
А) 157,43 кг В) 168,48 кг С) 137,45 кг Д) 165,41 кг Е) 156,49 кг
Ең алдымен бөлменің көлемін табамыз. Ол үшін үш өлшемді көбейтеміз: V=7.5·5.4·3.2=129.6 тең болады. Енді осындай көлемді бөлменің ішінде қанша килограмм ауа бар екенін табу үшін келесі пропорциядан х-ті табамыз.
тең болады.
Бөлме ішіндегі ауаның массасы 168,48 кг.
3-мысал: 3 м соқа тіркелген тракордың жылдамдығы 9 км/сағ болса, ол 5 сағатта қанша жер жыртқанын табыңыз.
А) 15 га В) 14,5 га С) 13 га Д) 14 га Е) 13,5 га
Трактордың неше км жол жүргенін тауып алайық:
3 м
45 км
Яғни 45 км жолды 3 м соқамен жыртқан. Екеуін де бір өлшем бірлікке келтіріп, жыртылған жердің ауданын табайық: 45 км = 45000 м
S=a·b=45000 м · 3 м=135000
10000 екенін ескеріп: 135000 =13,5 га
Тракторшы 5 сағатта 13,5га жер жыртады.
Масштаб
Масштаб(немісше Mastab, “ma” – өлшеуіш, мөлшер және “stab” – таяқ) – сызба, жоспардағы аэрофото түсірудегі немесе картадағы кесінді ұзындығының сол кесіндінің нақты ұзындығына қатысты. Дерексіз санмен өрнектелген бұл қатынас сандық масштаб деп аталады. Жоспар мен карталардың сандық масштабы бөлшек сан арқылы өрнектеледі, алымы бірге тең болса, бөлімі бейнеленген сызықтың неше есе кішірейтілгенін көрсетеді. Сонда масштаб – картадағы кескін ұзындығының, жер бетіндегі(шын өмірдегі) қашықтыққа қатынасы.
4-мысал: Масштабы 1:500000 болатын картада екі қаланың арасы 4,5 см болса, олардың мекендегі (шын мәніндегі) арақашықтығын табыңыз.
А) 20,5 км В) 22,5 км С) 24,5 км Д) 23,5 км Е) 21,5 км
Формула бойынша:
х = 4,5·500000 = 2250000 см = 22500 м = 22,5 км
Сонда екі қаланың арақашықтығы 22,5 км.
5-мысал: Масштабы 1:2000000 болатын картада екі елді мекеннің арасы 5 см. Осы елді мекеннің жердегі арақашықтығын табыңыз.
А) 115 км В) 110 км С) 124 км Д) 100 км Е) 215 км
Формула бойынша:
Х = 5·2000000 = 10000000 см = 100000 м = 100 км
Сонда екі елді мекеннің жердегі арақашықты 100 км-ге тең.
Достарыңызбен бөлісу: |