Батыс Қазақстан облысы
Зеленов ауданы
Махамбент жалпы орта білім беретін мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Жумашева Нургуль Муратовна
«Жыр музасы-Мұқағали»
/ Әдеби-сазды кеш/
Мақсаты: Ғасырлар тоғысында ғасыр ақыны атанған М.Мақатаевтың ақындық талантын оқырман жүрегіне ұялату, сол арқылы олардың бойында поэзия әлеміне, жалпы сөз өнеріне сүйіспеншілікті берік қалыптастыру.
1- жүргізуші: Қымбатты, қонақтар!
Бүгін біз қазақ өлеңінің аспанында ерекше нұрланып, жарқырап өткен ақиық ақын Мақатев Мұқағали туралы, оның өрелі өлеңдері жайында ой өрбітпек мақсатта бас қосып отырмыз.
2-жүргізуші: Иә, өзіміз әдебиеттен оқып, танысқан өлеңдерінен кейінгі толғаныстан туған бұл өнегесінен бастап, өшпес өлеңдерінің бүге-шігесіне дейін танысуымызға тың жол ашады деп ойлаймыз.
1-жүргізуші: Поэзия!
Менімен егіз бе едің?
Мен сені, сезесің бе, неге іздедім,
Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таулардан сені іздедім.
Сені іздедім кездескен адамдардан,
Бұлақтардан, бақтардан, алаулардан,
Сені іздедім жоғалған замандардан.
2-жүргізуші: Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,
Жыр жазсам, соған жұртым елеңдестің.
Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім,-деп ақынның өзі айтқандай оның өлеңі өмірден өзі кетсе де ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді.
1-жүргізуші: Иә, Мұқағали –ғажайып, ақиық, сыршыл, гуманист ақын. Ол- бізге көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дыбыстардан тоят алатын жұмбақ ақын. Ақын өлеңдерін оқыған сайын ақиқат бейнелі рух, сезім мен сананың бірлігі көңілге ұялайды. Тәңіртаудың биік шоқтығындай болған Мұқағали аға!
(«Бүгін менің туған күнім» әні домбырамен шырқалады.)
2-жүргізуші: Иә, ақын мұңы бізге жетті. Оның тілегін орындау- біздің парызымыз. Мұқағали ақынның өмір жолы әр алуан. Оны біріміз білсек, біріміз білмейміз.
1-жүргізуші: Олай болса, қыран тағдыры ақын Мұқағали Мақатаевтың өмір жолына тоқталып өтуді жөн көрдік.
Оқушы: М.Мақатаев 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысы Нарынқол ауданы Энгельс атындағы Қарасаз деген жерінде дүниеге келген. Балдай тәтті балалықшағы зарлы жылдарға дәл келген тұстары сияқты болашақ ақын да ерте есейіп, арба айдап, соқа салып, тырма тартып, шөп шауып, масақ тереді. Кейін Мұқағали ер жеткенде, басынан кешкен өмірі өлең болып өріліп, өз өрнегін тапты.
Сөйтіп оныншы класты интернатта бітірген Мұқағали еңбекке ерте араласты. Алдымен ауыл советтің хатшысы болып, қызыл отаудың меңгерушісі болып, комсомол қызметкері және жеті жылдық мектеп мұғалімі болып жұмыс істеді. Міне, М,Мақатаевтың өткен өмір мектебі осындай болған. Сонда шәкірт, бозбала, жас Мұқағали өлең өнегесін алып, шығармашылық тәлім түйді. Кімді өнеге тұтып, кімді пір тұтты. Өкінішке орай, бұл жөнінде тым аз білеміз екен. Тек журналистік жолы алпысыншы жылдардың басында Нарынқол аудандық Советтік «Шекара» журналында, кейін «Жұлдыз» журналында жалғастырды. Редакцияда «Қазақстан жазушылар» одағында 1972-73 жылдары қызмет атқарды. М.Мақатаевтың тұңғыш өлеңі 1948 жылы «Советтік шекара» газетінде басылып шықты.
Халық ақыны өлеңдеріне ән де шырқалды. Дантенің, Шекспирдің шығармаларын қазақ тіліне аударған ақиық ақынымыз Мұқағали Мақатаев 1976 жылы 27 наурызда өмірден өтті.
2-жүргізуші: Халық ақыны, қазақ жырының шоқ жұлдызы, сұлулық сарайының шебер тасқалаушысы тірі болған.
1-жүргізуші: Осы орайда ақынның «менің анкетам» атты өлеңіне арналған диалог айтылғандарды нақтылай түседі деп ойлаймыз.
«Менің анкетам» өлеңінен диалог
2-жүргізуші: Ақ ұлпа жерді жақпанда,
Ағаштар сырға таққанда.
Бозарып атқан ақ таңда,
Бозарып тұрған ақпанда
Есіңе мені алғайсың,-деп ақын ағамыз өз замандастары мен кейінгі ұрпағын өзінің өлеңдерімен бірге есіне алып жүрерін алдын ала сезді ме ?...
1-жүргізуші: Кезекті осы әнге берейік
«Есіңе мені алғайсың» әні шырқалады.
2-жүргізуші: Туған жерге, халқына, Отанына деген махаббат сезімі оның ақын ретінде басты тақырыбы еді. Ұлтын, туған тілін ерекше құрметтеген ақын:
Түзу-түзу жыртылған аңыздайын,
Аңызыма неге нәр тамызбайын.
Қара өлеңі қазақтың қаза болса,
Қара көзден неге қан ағызбайын,-дейді.
(«Үш бақытым», «Отан», «Қара өлең», «Қарасаз» өлеңдері оқылады. )
1-жүргізуші: Мұқағали аға өлеңдері бүгін біздің жүрегімізді әнмен тербейді, сұлу сазға бөлейді. Осындай әндердің біріне кезек береміз.
«Әйелдер-ай» әні орындалады.
2-жүргізуші: 1974 жылдың желтоқсан айында Мұқағали науқастанып ауруханаға жатып қалды. Ақынның өмірлік жары Лашын апаға арналған «Күрсінбеші» атты өлеңі сол кезде жарық көрді.
«Күрсінбеші» өлеңі оқылады.
1-жүргізуші: Кім білсін,
Қаншама әлі шырқарымды,
Кім білсін,
Қай күні сен қырқарыңды,
Мұқағали жоғалса қайтер дейсің,
Жоғалтпасам болғаны ұрпағымды.
2-жүргізуші: Табиғаттың тербенген, қуанған шағының перзенті-ақын десек, сол перзенттің иесі де, іздеушісі де халық. Халқы аманда ақынға өлім жоқ.
1-жүргізуші: Мұқағали аға ерте өлімімен емес, жырдағы ерекшелігімен, тұп-тұтас дара талантымен, ақындықтағы қыран қимылымен жыр дүниесінде, біздің есімізде мәңгі сақталмақ.
2-жүргізуші: Осымен «Мұқағали- мәңгілік ғұмыр» атты жыр музасы Мұқағали Мақатаевқа арналған әдеби-сазды кешіміз аяқталды.
Назарларыңызға рахмет!
Сай-саламатта болыңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: |