Баянауыл ауылдық округі әкімінің ауыл тұрғындарымен өткізетін есептік кездесуіндегі баяндамасының тезисі



Дата23.02.2016
өлшемі24.38 Kb.
#8463
Баянауыл ауылдық округі әкімінің ауыл тұрғындарымен өткізетін есептік кездесуіндегі баяндамасының тезисі
Баянауыл ауылдық округ аумағына Баянауыл және Шонай ауылдары кіреді.

Ауылдық округ бойынша аула саны – 1496. Халық саны 6387 адам.

2015 жылы 42 адамға бір реттік материалдық көмек, 7 отбасына атаулы әлеуметтік көмек берілген.

«Майкубен – ВЕСТ» ЖШС және «Сарыкөл» кенішінің демеушілік есебінен азқамтамасыз етілген, жалғыз басты, көп балалы отбасыларына, жалғыз тұратын зейнеткерлер мен мүгедектерге 2 тоннадан барлығы 100 адамға көмір берілді.

Мектепке дейінгі мекемелер саны – 4. Қамтылған бүлдіршіндер - 285.

Орталықта үш жалпы орта білім беру мектептері жұмыс істейді. Онда 211 мұғалім қызмет етіп, 1059 оқушы білім алуда. 2015 жылғы ҰБТ қорытындысы бойынша екі оқушы «Алтын белгі» жалпы орта білім беру аттестатының иегері атанды.

Баянауыл балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде спорттың 17 түрі бойынша 500 астам балалар спортпен шұғылданады.

Жаяу Мұса атындағы өнер мектебінде 7 сынып бойынша 240 оқушы өнерлерін ұштауда.

Баянауылда аграрлық техникалық колледжінде 51 мұғалім еңбек етіп, 120 студент 5 мамандық бойынша білім алуда.

Ағымдағы жылы «Қазақ киносының атасы – Шәкен Аймановқа» орталықтан ескерткіш орнатылып, жергілікті бюджет есебінен 3072,6 мың теңгеге ескерткіш маңына аббаттандыру жұмыстары жүргізілді.

2015 жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасымен ауылдық округ бойынша 7 адамға өз кәсібін ашуға 21,0 млн теңге несие берілді. Несиенің көбі ірі қара мал сатып алуға берілген.

Осы бағдарлама аясында 6 адам кәсіпкерліктің негізі бойынша дәріс алған.

2015 жылы ауылдық округ бойынша 39,9 шақырым жол балансқа алынды. Бұл мақсатқа 910,0 мың теңге бөлініп, игерілді. Жолдарға ағымдық жөндеу жұмыстарына 2352,0 мың теңгеге бөлініп, Қ. Сәтбаев, А. Құнанбаев, Жаяу Мұса көше бойындағы жолдарға ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Жолдарды қардан тазалау жұмыстарына 2712,6 мың теңге бөлініп, толығымен игерілді.

Жергілікті бюджеттің резервтік бөлігінен 481,7 мың теңге бөлініп наурыз – сәуір айларында суағарлар тазаланып, қалың қар үйілген үй маңдары тазартылды.

Ауылдық округ бойынша сәуір – қазан айлары аралығында «Таза жұма» күндері үнемі өткізіліп тұрды. Санитарлық тазалыққа жергілікті бюджеттен 406,0 мың теңге, бөлініп, қаржы толығымен игерілді.

«Жасыл ел» бағдарламасы аясында 40 адам жұмысқа тартылып, тоғай ішін күл – қоқыстан тазалау жұмыстары, зират қорщауларын ақтау, сырлау жұмыстары жүргізілді. Бұған 404,0 мың теңге қаржы бөлініп, толығымен игерілді.

600,0 мың теңгеге 10000 дана гүл алынып, орталық алаң, З, Ақышев ОМ алдына, Ж. Шанин көшесі бойына гүлдер егілді.

Жергілікті бюджеттен бөлінген 1984,0 мың теңгеге М.Ж. Көпеев, Бектұров, Абай және Ж. Аймауытов көшелері бойына жаңадан көше жарықтары орнатылып, Қ. Сәтбаев, М. Әуезов пен шағын мөлтек аудандағы көше жарықтары ауыстырылды.

Баянауыл ауылдық округі бойынша 2015 жылы 72 құқық бұзушылық тіркелген. Оның 34-і мал ұрлығы. Ашылғаны - 24.



2015 жылы ауылдық округ әкімі аппаратына әр түрлі тақырыптағы 222 өтініш түсті. Оңын 197-і жеке тұлғалардан, 25-і заңды тұлғалардан.

2015 жылы ауылдық округ бойынша 1784 қара мал есепте тіркелген. Оның 930 сиыр, 136 жылқы, 1650 қой мен ешкі және 5 шошқа. Құстар саны – 1300. Өткен жылы 18 қара малдан бруцеллез ауруы анықталып, уақытылып оқшауландырылып, тапсырылды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет