Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
БАЯНДАМА
Тақырыбы: Ахмет Яссауи, Ахмет Иүгінеки, Жүсіп Баласағұн еңбектеріндегі әдеби сын.
Орындаған: Сакенов Ержан КО-41
Тексерген: Бажикеев Құрмет Қанатұлы
Кіріспе
Ахмет Йассауи, Ахмет Иүгінеки және Жүсіп Баласағұн шығармаларындағы әдеби сын осы көрнекті жазушылар мен ақындардың сыни көзқарастары мен философиялық наным-сенімдерін көрсететін әдеби мұраларының маңызды бөлігін құрайды. Түркі халықтарының тарихындағы әртүрлі тарихи кезеңдерді, мәдени контексттерді бейнелейтін бұл үш тұлға әлем әдебиетінде өзіндік ізін қалдырып, тілімен, сөзімен халқын, мұратын биікке көтерді.
12 ғасырда өмір сүрген қазақтың ұлы ақыны, ойшылы Ахмет Йассауи өз дәуірінің әлеуметтік және діни аспектілерін сынай отырып, өз ойын ақындық және астарлы түрде жеткізген «Даналық кітабын» қалдырды. Оның шығармалары Қазақстанның ұлттық мұрасын байытып, бүгінгі күнге дейін оқырмандарды шабыттандырып келеді.
20 ғасырда белсенділік танытқан қазақ ақын-жазушы Ахмет Йүгінеки өз шығармасын өз дәуірінің әлеуметтік және мәдени аспектілерін сынауға пайдаланды. Оның шығармалары үстірт сюжеттер мен бейнелердің астына сынды жасырып, отаршылдық езгі мен кеңестік модернизация жағдайында бостандық, махаббат және адами қарым-қатынас мәселелерін көтереді.
XI ғасырдағы қырғыздың көрнекті ақыны, философы Жүсіп Баласағұн түркі тілдеріндегі ортағасырлық әдебиеттің маңызды туындысы болып табылатын «Құтадғу білік» («Тақуалық таным») шығармасын жасады. Оның шығармашылығы әлеуметтік кемшіліктерді сынау философиялық және ғылыми толғаулармен ұштасатын символизмі мен аллегориясымен ерекшеленеді.
Бұл баяндамада Ахмет Йассауи, Ахмет Йүгінеки және Жүсіп Баласағұн шығармаларындағы әдеби сынға шолу жасалып, олардың түркі халықтарының мәдени мұрасын байытуға қосқан үлесі мен оқырмандарға тигізген ықпалына тоқталады.
1. Қ.А.Ясауидің өмір жолы мен шығармашылығы.
Қ.А.Ясауи оғыз қыпшақ тілдерінде сөйлейтін түркі халықтарының
бастауларының бірі болған – Ұлы әрі қасиетті тұлға. Оның жазған хикметтері
әлі күнге дейін сақталған, тілі сақталган өзімізбен туыстас халықтар
арасында кеңінен мәлім. Өкінішке орай, біз қазақ халқы олай мақтана
алмаймыз. Біздің халық, әсіресе соңғы буын Ұлы баба мұрасынан мүлде
хабарсыз. Әрине ол үшін біздің замандастарымызды кіналау да орынсыз.
Қ.А.Ясауи бабамыздың өмірбаянын қысқаша талдап өтетін болсақ,
бабамыздың арғы бабалары Әзіреті Әліден кейінгі Мұхаммед Ханафиядан
таралады. Енді бұл өңірге келген бабаларына келетін болсақ, сонау Ысқақ
баптан басталады екен. Кейінгі аталары Махмуд Шайх, одан Ибрахим Шайх. Міне осы Ибрахим Шайх Сайрамдағы Мұса Шайхтың Айша атты қызына үйленеді. Осы Ибрахим Шайхпен Айша отбасында кейбір деректерде үш, кейбірінде екі перзент дүниеге келген. Олардың есімдері Гаухар, Қожа Ахмет және Садыр. Ол замандарда Сайрам шаһарында ірі-ірі үш әулет тұрады екен. Шахтар әулеті, Әмірлер мен Әзіреті Әлиге барып тірелетін Қожалар әулеті. Қ.А.Ясауидін қай жылы дүниеге келгені белгісіз, бірақ 63-жастан кейін 116667 жылдары дүние салған деген мағлұматтар бар, соған қарағанда 63 жастан кейін
қылуетке түскен болса, онда ол жер астында тағы да сонша өмір сүрген,
себебі бұл туралы өз Хикметтерінде жырлап өткен.
Қазіргі таңда Еліміздің мектептері мен жоғары оқу орындарында жаппай
халықтық педагогика, халықтық психология, т.б. халқымызга тән әдет-ғұрып,
салт-дәстүрімізді, тарихымызды, дінімізді, ділімізді, тілімізді және басқа
үлттық сезімімізді оятатын көптеген қосымша пәндер мен арнаулы курстар оқу
«бағдарламасына ендіріліп, соған сай дәрістер жүргізілуде. Осы дәрістердің
бірі — халықтық педагогиканы бағдарламаға сай өткен кезде ондағы Ясауи
еңбектерінің этнопедагогикалық мәселелерін жете қарастырудың салдарынан
оның рухани, мағнауи азығы мол және ол адам баласына өте қажетті дүние
болып табылады. Сондықтан да бұл еңбектер рухани мағнауи құнды болып
саналады.
Жалпы Ясауи еңбектері өте күрделі болып келеді, оларды бірден
игеріп алып кету мүмкін емес. Оның әрбір еңбегінде философиялық, әдеби,
діни, психологиялық, этнопедагогикалық, әлеуметтік, тіл т.б. да тәлім-
тәрбиелік мәселелер кеңінен қарастырылған. Сол себептен де өте ұқыптылықпен
әрбір сөзіне талдау жасап өткізуді қажет етеді. Ясауи өз хикметтерін, құран
кәріммен тең көрген. Ол туралы өзінің хикмет шумағы да бар,
Менің хикметтерім,
Алладан пәрмен.
Оқып ұққанға бар.
Мағынасы — Құран — деп, өз хикметтерінің Алла тарапынан келіп
тұрғандығын баян етеді. Осылай Ясауи туралы қосымша мағлұмат беріп болған
соң, әрбір еңбегіне жеке-жеке тоқталып өткен дұрыс сияқты.
Мәселен, оның әрбір еңбегімдегі отбасы, ақыл-ой, дүниетанымдық,
адамгершілік, эстетикалық, экологиялық, экономикалық, өзін-өзі тәрбиелеу
және қайта тәрбиелеу т.б. тәрбие мәселелерін жеке дара қарастырып шығу өте
құнды болады.
Қандай еңбектері бар, олардың атаулары және баспа арқылы
жарыққа шығуы туралы қысқаша тарихи мағлұматтар беріліп өткені дұрыс.
Себебі, Ясауи еңбектері бізге жетіп келуі үшін көптеген қиыншылықтарды
бастан кешірген, өткізген, солар туралы да аз ғана мағлұматтар берілуі
қажет сияқты.
Сонымен, негізінен біз қандай еңбектерімен таныспыз, соны қарастырып
шығайық. Бірінші, Хикметтер жинағы, Диуани хикмет, бұл еңбегі осы
уақытқа дейін көптеген тілдерге аударылған, ал енді, 1991 жылдан бастап
қазақ тілінде шыға бастады.
Екінші еңбегі, Пақырнама және Мүнажатнама бұл шығармасында бұдан
алдын бірнеше тілдерге тәржімаланып баспаларда басылып шыққан, 1991 жылдан бастап бұл еңбегі де қазақ тілінде жарық көре бастады.
Үшінші еңбегі, Мират-ул-Қулуб, бүл шығармасы жақында Швецияның Упсала деген қаласындағы бір университеттің кітапханасының қолжазбалар қорынан табылды. 2000-жылы Түркияда жарық көрген.
Төртінші болып, Ясауи өміріне байланысты аңыз әңгімелер мен хикметтер
жинағы, бұлар да көптеген тілдерге аударылып, жарық көрген. Тарихы терең
көрген Түркістан атты Түркістанның 1500 жылдық мерей тойына арналған
мерекелік жинақта да Ясауи туралы көптеген мағлұматтар бар.
Сонымен Ясауидің бірінші еңбегі Диуани хикмет.
Диуани хикмет сол замандар бойы ел аузында айтылып қол жазба түрінде
сақталған.
Ахмет Ясауи тәрбиесінің адамға ықпал ету күшіне сенді, адамгершілігі
мол адам қаталдыққа бармайды деп есептеледі. Тек дұрыс тәрбие ғана
ақымақтық істерден сақтандырады, сондықтан мінез-құлықты түзеу тәрбиенің
басты мақсаты.
Адамгершілік қалыптарын ұсыну сол кездегі ойшылдардың алдында тұрған
аса құнды проблемалық мәселе болды. А.Ясауи де халыққа дұрыс жол сілтеп, нағыз адам болу үшін қандай шарттар керек екенін көрсетуді өзінің басты парызы деп білген. Оның өмірде неге ұмтылып, неден безіну керектігін бейнелейтін моральдық ұғымдарын оқып, үйренудің бүгінгі кезең үшін мәнді тұсы жастардың тәртібі, этикалық және эстетикалық көзқарастарын қалыптастыру ісінде тәлім-тәрбиелік бағдар бола алатын мүмкіндігінде.
Қ.А.Ясауи мұраларындағы Даналық кітабында негізінен төрт ғақлия мадақталады.
1. Шариғат — ислам заңдары мен әдет-ғұрыптарынын негіздері, яғни мұсылмандық жолын қастерлеп, соны тәлім-тәрбиеге үлгі-өнеге етіп жырлау.
Мұсылмандықтың жалпы адам баласының тәлімі екендігін жырға қосып, қиын адамгершілік тәрбиесінің асқан өнегесін көрсетеді.
2. Тариқат — сопылық ой мақсаттарды насихат — өсиет ету. Яғни жыр өрнектері арқылы ұрпақты имандылыққа, шыншылдыққа, әділеттікке, тазалыққа, адалдыққа тәрбиелеп, татулыққа үйрету. Сөйтіп оқушыны мейірімділікке, қайырымдылыққа, қонақжайлыққа тәрбиелейді. Тәрбиенің бұл салаларының қайнар көзі халықта екенін қалдықсыз айтады.
3. Мағрифат — дін жолын танып, оқып білу, яғни Алланың ақ жолын ардақтап, соған тағзым етіп, тағлым алу – адамгершілік парыз екенін әсерлі сөзбен жеткізіп, ұрпақты ұлағаттылыққа тәрбиелеу. Ақын ғаріп, пақыр, жетім-жесірлерді сүйсең, оларға жақсылық жасасаң Алла тағала саған риза болып, ісіңді оңдайды, мақсатыңа жеткізеді дейді. Сөйтіп ұстаз оқырмандарға адамгершілік тәрбиесінің ең түйінді тұжырымдарын жыр арқылы әсерлендіре жеткізеді, Алланың ақ жолы – адамгершіліктің шырағы екенін оқушы мен тыңдаушыға сезіндіре жырлайды.
4. Хақиқат — құдайға құлшылық ете білу, яғни бүкіл әлемді жаратушы Алланы танып-біліп, оған табыну, құдайдың құдіретіне сену әрбір мұсылманның
парызы екенін сөз құдіретімен түсіндіріп, ұрпақты имандылыққа тәрбиелеу Иман нұры, Хақиқат дариясы, Ақіреттің азығы арқылы адамның күнадан таза болуына жол ашып беру мақсаттарын жырлайды. Бұл еңбегінде ғұлама ғалым Түркістанның пірі негізінен төрт мәселені қарастырады. Біріншісі — Алланы тану, екіншісі Алланы ұлықтау, үшіншісі — дүниедегі күналар мен әділетсіздікті қаралау және әділетсіздіктің құрбаны болған пенделерді қорғау, оларды әділеттілікке бастау, төртіншісі — бұл дүниенің қара дақтарын пенделерге жұқтырмау үшін жалған дүниеден бас тарту. Міне осындай күрделі-күрделі төрт мәселені үздіксіз қарастырып оны өз хикметтерінде жырлап отырады.
2. Қожа Ахмет Иасауи (“Диуани хикмат”) және Сүлеймен Бақырғани еңбектері.
Ахмед Яссауи –түркі тілдес халықтардың орта ғасырдағы аса көрнекті ақыны, есімі ислам әлеміне машһур болған ойшыл қайраткері. Ол мұсылман қауымының дәстүрлі қағидаларын жырлаған сопылық әдебиеттің түркі халықтары арасындағы мейлінше танымал, ірі өкілдерінің бірі болды. Ахмет Яссауи кезінде “жахрия” (экстаз) немесе “Яссауия” деп аталып кеткен сопылық-мистикалық ағымның негізін қалады.
“Диуани хикмат” (“Даналық кітабы”) – түркі тілді халықтардың XII ғасырдан сақталған әдеби ескерткіштерінің бірі саналады. Бұл өлеңдер жинағы қазақ әдебиетінің де орта ғасырлық нұсқасы болып табылады. Өйткені Яссауи Хикматтарының тілін ұзақ жылдар бойы зерттеген көрнекті совет ғалымы А.К. Боровковтың пікірі бойынша “Даналық кітабы” оғыз –қыпшақ тілінде өмірге келген әдеби туынды.
Бұл өлеңдер жинағының алғашқы түп нұсқасы сакталмаған. Ең ескі нұсқасы XV- ғасырдың орта кезінде араб емлесімен көшірілген. “Даналық кітабы” Қазан (1887-1901ж), Стамбул (1901), Ташкент (1902-1911 ж.) баспаларының бірнеше рет жеке-жеке кітап болып басылып шығады.
Ахмет Яссауи өлеңдер жинағының ең толық нұсқасы Қазан басылымы болып табылады. Мұнда 149 хикмат берілген. Соның 109 хикматы Яссауидің өзінікі екені даусыз. Қалғандары шәкірттері тарапынан жазылып жинаққа еніп кеткен жыр жолдары болса керек.
Түркия ғалымы М. Ф. Кепрюлю-заде Ахмет Яссауи хикматтарының жазылу тарихын, поэтикасын, әлеуметтік бағыт — бағдарын тұңғыш рет әдебиеттану ғылымы тұрғысынан жан-жақты зерттеп, ол туралы келелі ғылыми еңбек жазғаны мәлім. Ғалым 1928 жылы Ахмет Яссауи поэзиясын ғылыми негізінде жүйелеп, Стамбул баспаларының бірінен жеке кітап етіп шығарды.
Белгілі орыс ғалымдары А.Н. Самойлович, Е.Э. Бертельс, А.К. Боровков, Г.Ф. Благова, т.б. Ахмет Яссауи жырларын зерттей келіп, кезінде оны жоғары бағалады, әрі ақынның өзінен кейінгі сөз зергерлеріне тигізген әсері зор болғанын ерекше атап көрсетті.
Сондай-ақ Ахмед Яссауи поэзиясының зерттеу ісіне Э.Р. Рустамов, Н. М. Маллаев, В.И. Зохидов сияқты өзбек ғалымдары да едәуір үлес қосты.
“Даналық кітабында” негізінен төрт нәрсе мадақталады. Олар: “шариғат”-ислам заңдары мен әдет ғұрпының жинағы, “тариқат”- сопылықтың идеясы, мұрат-мақсаты, “маьрифат”- дін жолын танып, оқып білу; “хақиқат” құдай және оған жақындау. Ахмед Яссауидің ойынша, “Шариғатсыз”, “тариқат”, “тариқатсыз” ” маьрифат”, “маьрифатсыз” “хақиқат” болуы мүмкін емес. Бұлардың бірі екіншісіне өту үшін қажетті басқыш болып табылады.
Әділдік жолына түсу, ақиқатты іздеп табу, адамның рухани өмірінің таза болуы сияқты құбылыстарды Ахмед Яссауи ислам дінінің шарттары арқылы түсіндіруге әрекет жасады . Соның өзінде, ақын әлеуметтік қайшылықтар мен теңсіздіктерді сынап, халық мүддесін ескергісі келмеген тәкәппар жандарды әшкерелеп отырады. Халықты ізгі қасиеттерге, адамгершілікке үндейді.
Бүкіл әлемдегі түркі тілдес халықтарға ортақ мұра саналатын Ахмед Яссауидің ғажап жырларын оқып – үйренуге, зерттеуге, жариялауға біздің елімізде соңғы кезге дейін тиым салынып келгені мәлім. Тек елімізде қызу жүріп жатқан қоғамды қайта құру, жариялылық процесінің арқасында ғана Ахмед Яссауи туралы ашық сөйлесуге мүмкіндік туды. Ақын жырларын зерттеу, тәржіма жасау істері шындап қолға алына бастады.
Бұған 1990 жылы қазан айының 23-27 жұлдызында Түркістан қаласында ЮНЕСКО-ның бағдарламасы бойынша “Яссауи әлемі” деген атпен өткізілген халықаралық ғылыми конгрестің материалдары толық дәлел. Ахмед Яссауи мұрасын танып – білу, оны қоғам игілігіне пайдалану қажеттігі осы халықаралық маслихатта ерекше атап көрсетілді.
Белгілі әдебиет зерттеушісі Р. Бердібаев қазақ көркем сөз өнері мен Ахмед Яссауи поэзиясы арасындағы дәстүр жалғастығы туралы айта келіп, “түркі әдебиетінде жиі ұшырайтын “иман нұры” , “захар көзі”, “сырдың көзі”, “табиғаттың ләззаты”, “махаббат майданы”, “маьрифат бостандығы”, “хақиқат дариясы”, “ғашықтың дерті”, “махаббат бостандығы”, “гүл шарабы”, “көңіл кәбәбі”, “Дәрислам сарайы”, “ақиреттің азығы”, “махаббат жүгі”, “маьрифат бұтағы”, “үміт құрығы”, “шариғаттың көйлегі”, “ғашық дүкені”, “мехнаттың дариясы”, “дүрдің кені”, “жан даласы”, “шайтан жолы”, “нәпсі шайтан”… тәрізді бейнелік қатарлар бұрыннан келе жатқан тамаша дәстүр айдынына апарды ”, — деп жазды.
Ахмет Яссауидің сопылық – мистикалық сарындағы ой-пікірлерін оның шәкірттері жалғастырып, кезінде көптеген хикмат – жырлар жазғаны мәлім.Ғұлама ақынның ел ішінде ең танымал болған дарынды шәкірттерінің бірі Сүлеймен Бақырғани еді. Ақынның туған жылы белгісіз, 1186 жылы қайтыс болған. Оны жұрт Хакім ата деп атаған.
Сүлеймен Бақырғани да өзінің гуманистік бағыттағы ой — түйіндерін ислам діні қағидалары тұрғысынан түсіндіруге әрекет жасайды. Ал біз соңғы кезге дейін дін атаулыға сыңаржақ қарап, оның адамды ізгі қасиеттерге үндейтін ілгерішіл ролін теріске шығарып келдік. Сол себепті Сүлеймен Бақырғани өлеңдері де күні бүгінге дейін зерттелмей, жарияланбай келеді. Бертін келе Бақырғани жыр-жинаған “Бақырғани кітабы” деп атайды. Бұл жинақтағы өлеңдер өзінің тақырыбы, мазмұны, құрылысы жағынан Ахмет Яссауидің “Даналық кітабына” ұқсас болып келеді.
Бақырғани өлеңдері кезінде ел арасында ауызша да мейлінше кең тараған. Әсіресе оны ел аралаған дәруіштер көп айтатын болған. Бертін келе Бақырғани жырлары ел аузынан жиналып, 1877 жылы Қазанда жеке кітап болып басылып шығады.
Сүлеймен Бақырғанидің “Ақыр заман кітабы” және “Бибі Мариям кітабы” деп аталатын екі дастаны бар. Олар негізінен діни аңыз-әңгімелер сюжетіне құрылған. Сопылық – мистикалық ой-пікірлерді уағыздайды. Сонымен бірге, бұл дастандарда оқырманды ізгі қасиеттерге үндеу сарыны да бар.
Кезінде күллі түркі тілдес халықтарды тамсандырған Ахмет Яссауи мен Сүлеймен Бақырғанидің хикмат-жырлары қазақ әдебиеті тарихынан тиісті орнын алып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |