Беген ауылдық округі әкімінің тұрғындар алдында есеп беру жиынындағы тезисі



Дата01.07.2016
өлшемі23.54 Kb.
#171168
Беген ауылдық округі әкімінің тұрғындар алдында

есеп беру жиынындағы

ТЕЗИСІ

Беген ауылдық округіне қарасты үш елді мекен Беген, Жандос, Беген орман шаруашылығы ауылдары қарайды. Барлығы 1781 адам, оның ішінде Бегенде 1624, Жандоста 45, Беген орман шаруашылығында 112 адам. Мектеп жасына дейін 182 бала, мектеп жасындағы оқушылар саны 308,

16-29 жастағы жастар саны 713 адам, зейнеткерлік жастағылар 279 адам.

Ауылдық округтен көшу-қоныстану бойынша көшкендер саны- 9 адам болса, келгендер саны-17 адамды құрады. Қайтыс болғандар 17 адам болса, 21 нәресте дүниеге келді.

Округте 1 мектеп бар. Онда 308 оқушы дәріс алады. 42 мұғалім жұмыс істейді. Компъютерлік техникамен жабдықталып, интернет жүйесіне қосылып, қажетті пән мұғалімдерімен толықтай қамтылған.

Бастауыш сынып оқушылары барлығы 108 оқушы, 5-11 сыныптарда 75 оқушы, 9 оқушы демеушілікпен барлығы 192 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылған.

Бір дәрігерлік амбулатория, екі фельдшерлік пункттер жұмыс істейді. Барлығы 8 медициналық қызметкер жұмыс істейді. Бір жедел-жәрдем автокөлігі бар.

Окруте 28 шаруа қожалықтары тіркелген, оның ішінде жиырма екі шаруашылық мал өсірумен айналысады, қалғандары ауыл тұрғындарын қатаң мал азығымен және аудан орталығының, Семей қаласының тұрғындары малдарын да шөппен де қамтамасыз етеді. Атап айтсақ: Ризабек» шаруа қожалығы- басшысы О.Асенов, «Әсет» шаруа қожалығы- басшысы Қ.Нұғыманов, «Ерғанат» шаруа қожалығы- басшысы

Б.Байболов. Округ бойынша жоспарға сәйкес 10200 тонна қатаң мал азығы дайындалды. Шөптің бір тіркемесі 12000 теңгені құрады. «Ауылым» шаруа қожалығы 580 га жерге күнбағыс егіп, одан 2030 центнер өнім алса, «Дархан-4» шаруа қожалығы- басшысы Б.Құсайынов 100 га жерге бидай егіп, 800 центнер өнім, 401 га жерге күнбағыс егіп одан 1023 цн өнім алды.

Ауыл тұрғындары 12 га жерге картоп егіп, 1410, 10 га жерге көкөніс егіп, 2130 центнерден өнім алды.

Округте бір наубайхана тұрақты жұмыс істеуде, онда жұмыссыз үш адам жұмыспен қамтыған.

Ауылда бес дүкен, екі дүнгіршек жұмыс істейді.

Ауыл тұрғындарының мал бастары да жылдан жылға өсуде. Ірі қара мал 4050 бас, оның ішінде 1900 сиыр, ұсақ мал -4600 , жылқы- 880 бас, шошқа- 8 бас, құс- 4800 дананы құрады. Ет 8911 центнер, сүт -50200 центнер, жұмыртқа 320000 дана, жүн центнер. өндірілді.

Тұрғындарды газбен қамтамасыз ету арнаулы көлікпен Семей қаласынан тасымалданады. Тұрғындар электр қуатымен 100 пайызға қамтамасыз етілді. Пошта ғимараты жөндеуден өткізіліп, халыққа қызмет көрсету үшін күніне екі сағат жұмыс істейді.

Қоғамдық-саяси басылымдарға жазылу науқаны жоғары деңгейде өтті. Республикалық, облыстық, аудандық басылымдарға жазылу 100 пайызға орындалды. Атап айтсақ, Беген орта мектебінің ұжымы, округ әкімі аппаратының, дәрігерлік амбулаторияның ұжымдары, ауыл тұрғындары белсене ат салысты.

Салық барлық түрлері бойынша 100 пайызға орындалды. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде жыл бойы 10 адам тіркеліп, «Жол картасы» бағдарламасы бойынша 6 адам кәсіби білім алды. 4 адам ауылдың санитарлық жағдайын жақсарту бойынша жұмысқа тартылып, 1 адам құжаттармен жұмыс істеді. Әлеуметтік жұмыс орындарымен «Баққайыр» 2 адам жұмыс істеді. Жоғары оқу орнын тәмәмдаған 1 жас маман іс-тәжірибесінен өтті.

2012 жылы 38 көп балалы отбасы ішінде 124 бала Үкімет тарапынан жәрдемақы алды.

«Қайырымдылық» бағдарламасы бойынша ауылымыздың кәсіпкерлері:

О. Қайроллаев, Б.Құсайынов, Е.Асылгожин, Б.Байболов, К.Кисамиевтар

жалғыз басты адамдарға үнемі көмек көрсетіп тұрады.



Елді мекендерді жарықтандыру бағдарламасы бойынша 15 фонар орнатылды, жалпы округ бойынша 40 фонар орнатылды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет