Беген ауылдық округі әкімінің тұрғындар
алдында есеп беру жиынындағы
ТЕЗИСІ
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың халыққа жолдаған «Нұрлы жол- путь в будущее» атты кезекті Жолдауын басшылыққа ала отырып, игі жұмыстар атқаруда. Округте 7 адамнан құралған Елбасының Жолдауын түсіндіріп, насихаттайтын ақпараттық-насихаттау тобы жұмыс істейді. Жыл бойы 4 дөңгелек үстел, 71 кездесулер өткізілді. Саяси- қоғамдық басылымдарға жазылу жұмыстары жоғары деңгейде өтеді.
Білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша:
Онда 224 оқушы дәріс алады. 37 мұғалім, 47 техникалық қызметшілер жұмыс істейді «Балауса» шағын орталығында толық күнді келумен 25 бала, қысқа мерзімді күнді келумен 1 топ шағын орталықта 25 бала қамтылған.
Ауылымыздың тумасы, Астана қаласының тұрғыны Қайрат Касенбековтың демеушілігімен ай сайын арнайы есеп-шотқа 45 мың теңгеден аударып, 67 баланы бал және сүтпен қамтамасыз етіп отыр. ҰБТ-ға 11 қатысып, 63,3 орташа пайызы. Биылғы жылы «Алтын баурсақ» фестивалі өткізіліп, біздің округ жүлделі бірінші орынға иеленді.
Денсаулық сақтау:
Жыл сайын тұрғындардың жекелеген санаттары профилактикалық тексеруден барлығы- 1140 адам тексеруден өткізілді. . Ана өлімі тіркелген жоқ, бір бала өлімі болды. Қайтыс болғандар 11 адам болса, 26 нәресте дүниеге келді.
Ауылшаруашылығын дамыту бойынша жүзеге асырылғаны:
Окруте 28 шаруа қожалықтары тіркелген, оның ішінде жиырма екі шаруашылық мал өсірумен айналысады . Атап айтсақ: Ризабек» шаруа қожалығы- басшысы О.Асенов, «Әсет» шаруа қожалығы- басшысы Қ.Нұғыманов, «Ерғанат» шаруа қожалығы- басшысы Б.Байболов. Округ бойынша жоспарға сәйкес 9700 тонна қатаң мал азығы дайындалып, 102 пайызға орындалды. Шөптің бір тіркемесі 15000 теңгені құрады.
«Ауылым» шаруа қожалығы – басшысы С.Кабдылкаков 310 га жерге күнбағыс егіп, одан 1550 центнер өнім алды.
«Дархан-4» шаруа қожалығы- басшысы Б.Құсайынов 50 га жерге масақ құйрықтылар (смесь колосовых) егіп, 705 центнер өнім, 270 га жерге күнбағыс егіп одан 1350 центнер өнім алды.
«Олжас» шаруа қожалығы –басшысы О.Кайроллаев 150,5 га жерге масақ құйрықтылар (смесь колосовых) егіп одан 2122 центнер өнім, 300 га жерге күнбағыс егіп одан1500 центер өнім алды.
«Қонақ» шаруа қожалығы –басшысы Е.Конаков 200 га жерге күнбағыс егіп одан 1000 центнер өнім алды.
«Бекарыс» фермерлік шаруашылығы басшысы А.Шамитов 20 га жерге картоп егіп одан 4100 центнер өнім алды.
Биылғы жылы сүт өндіру фермасын ашып, қажетті құрал-жабдықтарды сатып алды.
Ауыл тұрғындары 12 га жерге картоп егіп 2460 центнер, 10 га жерге көкөніс егіп, 2130 центнерден өнім алды.
Округте екі наубайхана, бес дүкен, екі дүнгіршек жұмыс істеуде, онда жұмыссыз 14 адам жұмыспен қамтылған.
Шаруа қожалықтарының басшыларымен асыл тұқымды аталық мал сатып алу, аналық мал басын көбейту жұмыстары жүргізілуде. Ауыл шаруашылық техникаларын жаңарту жұмыстарын жүргізуде, «Қазақагрофинанс» АҚ лизинг арқылы «Ерғанат» шаруа қожалығының басшысы Б. Байболов биылғы жылы несиеге МТЗ – 82 маркалы тракторын 6 млн 500 мың теңгеге, өз қаражаты есебінде КД –Ф-4,0 П шөп шабатын агрегатын 480 мың теңгеге сатып алды. «Қонақ» шаруа қожалығының басшысы Е. Қонақов өз қаражатының есебіне МТЗ -89 маркалы тракторын 4 млн теңгеге, 1 бас асыл тұқымды бұқаны 430 мың теңгеге,
«Фариза» шаруа қожалығының басшысы Р.Толенбекова 1 бас асыл тұқымды бұқаны 320 мың теңгеге сатып алды.
«Жантемір» шаруа қожалығының басшысы Т. Нуралдинов өз қаражаты есебінде 200 мың теңгеге шөп шабатын агрегат алды.
«Бекарыс» фермерлік шаруашылығының қожалығының басшысы А. Шамитов Беларус – 892 маркалы тракторын 3 млн. 320 мың теңгеге, шөп шабатын агрегатты 530 мың теңгеге, прессподборщикті ( шөп жинайтын агрегат) 2 млн. теңгеге, аша мен ковшы бар универсалды қондырғыш (навеска), дән ұнтақтағыш – ЗД -0,5 -У (зернодробилка) және шөп, сабан кескіш –КР -02 құралдарын 1 млн. 20 мың теңгеге барлығы 7 млн. 500 мың теңге қаражатына сатып алды.
«Ілгідай» шаруа қожалығының басшысы К. Оспанова шілде айында 3 млн 600 мың теңгені құрайтын МТЗ -82,1 маркалы тракторын өз қаражаты есебінде сатып алды. Сонымен қатар 30 бас асыл тұқымды құнажын және 1 бас асыл тұқымды бұқа сатып алды. Тартылған инвестиция - 20 млн 170 мың теңгені құрайды.
Биылғы жылы 17 адам «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының екінші бағыты бойынша ауылда кәсіпкерлікті дамытуға ықпал ету жұмыстарына 2014-2017 жылдары мал шаруашылығын дамытуға несие алып мал сатып алып, жұмыс жүргізіп жатыр.
Ауыл шаруашылық малдарының аса қауіпті ауруларына қарсы егу жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілді. Округ бойынша барлық ауылдарда қоғамдық мал табындары ұйымдастырылған және шаруа қожалығы басшыларымен келісім-шарт жасалған.
Округ бойынша 55 қаңғыма ит жойылды.
Инфрақұрылымды дамыту бойынша атқарылған жұмыстар:
«Чистая пятница», сенбіліктер тұрақты түрде өткізіліп тұрды. «Семей орманы» МОТР мемлекеттік мекемесінің Беген филиалында «Марш парков» өткізілді. Тұрғындарды газбен қамтамасыз ету арнаулы көлікпен Семей қаласынан Округте 47 тыл еңбеккері, 32 Алтын алқа, 26 Күміс алқа иеленген көп балалы аналар бар.
Салық барлық түрлері бойынша 100 пайызға орындалды. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде жыл бойы 10 адам тіркеліп, «Жол картасы» бағдарламасы бойынша 11 адам кәсіби білім алды. 8 адам ауылдың санитарлық жағдайын жақсарту бойынша жұмысқа тартылып, 1 адам құжаттармен жұмыс істеді. Жоғары және арнаулы оқу орнын тәмамдаған 4 жас маман іс-тәжірибесін өтіп жатыр.
«Өрлеу» бағдарламасы бойынша 8 жұмыссыз адам жұмысқа орналасып, 2 адам кәсіби білім алуда.
2014 жылы 30 көп балалы отбасы ішінде 100 бала Үкімет тарапынан жәрдемақы алды.
«Қайырымдылық» бағдарламасы бойынша ауылымыздың кәсіпкерлері:
О. Қайроллаев, Б.Құсайынов, Е.Асылгожин, Б.Байболов, К.Кисамиевтар
жалғыз басты, қарт адамдарға үнемі көмек көрсетіп тұрады.
тасымалданады. Тұрғындар электр қуатымен 100 пайызға қамтамасыз етілді. Пошта ғимараты жөндеуден өткізіліп, халыққа қызмет көрсету үшін күніне екі сағат жұмыс істейді. «аумақтарды дамыту» бағдарламасы аясында округ ғимаратының қоршаулары жөндеуден өткізілді.
Құқық сақтау тәртібі:
Құқық бұзушылықтың алдын алуда округ тұрғындары арасында белсенді рөл атқаратын әйелдер кеңесі, Ардагерлер кеңсі жұмыс істейді. Демалыс және мереке күндері кешкі мезгілдегі би кештерінде кезекшілік ұйымдастырылады.
2014 жылдың округ тұрғындары алдында есеп беру кездесуінде айтылған сын-пікірлер;
Су құбырының жұмысы, Лесхозға қосымша көше шамдарын орнату, Жандос ауылына қысқы уақытта жолды тазалау туралы бәрі мезгілімен орындалды.
2015 жылғы 1-ші жартыжылдыққа арналған міндеттер:
- ауыл ішіндегі жолдарға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу,
-Ұлы Отан соғысынында қаза тапқан жерлестердің ескерткішін жөндеуден өткізу,
ас беру.
Округ әкімі Н.Асылгожин
Достарыңызбен бөлісу: |