Беген ауылдық округінің 2013 жылдың
9-айында әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы
БАЯНДАМА
Беген ауылдық округіне қарасты 3 елді мекен бар. Беген, жандос, Лесхоз
Беген ауылында 309- аула онда 1624 адам, Жандоста -10 аула онда 45 адам, лсехозда 22-аула онда 112 адам тұрады.
Округте 1 орман шаруашылығы , 1 мектеп, 1 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік пункт жұмыс істейді.
2013 жылдың тоғыз айының қорытындысы нәтижесінде Беген ауылдық округінде төмендегі жұмыстар атқарылды.
Халық өмірінің даму деңгейі басты критерий болған және солай қала береді. Соңғы 3 жыл ішінде Беген ауылдық округі тұрғындарының табысы айтарлықтай жоғарылады. Округте аз қамтылған 38 ,,,,отбасы тіркелген, оның ішінде 114 ,,,бала балаларға арналған жәрдем ақы алады және әлеуметтік көмек алатын отбасылар тіркелген жоқ. 2013 жылдың тоғыз айында округтің кәсіпкерлерімен 27 жаңа жұмыс орындары ашылды. Жеке меншік мал бағуға 18 адам қамтылды. Жұмыспен қамту орталығынан округ бойынша 27 адам кәсіби білім алып, өздерін жұмыспен қамтып отыр. (автомашина жөндеу, шаштараз, жүргізуші, аспазшы, электр дәнекерлеуші)
Қазақстан Республикасы Президентінің алға қойған міндеттері: ол ауылшаруашылылығын, кәсіпкерлікті және фермерлікті дамыту. Ауылдық округте барлығы 28 шаруа және фермер қожалықтары бар. 2013 жылы шаруа қожалықтарымен 1380 га егін егілді, оны ішінде бидай 200 га, күнбағыс 1180 га.
Ет өндіру 4647 цн., сүт 52590 цн., жұмыртқа 273 мың дана. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда ет 2,1, сүт 2 , жұмыртқа, 7 пайызға
өскен. Ауылшаруашылығы малдары оның ішінде ірі қара мал 5525, ұсақ мүйізді мал 5365, жылқы 1118 басты, құс 5250 дананы құрайды
Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңын орындау мақсатында жыл бойы ауылшаруашылығы жануарлары серологиялық тексеруден өткізілді, бірдейлендіру жұмыстары жүргізіліп, компъютерлік базасына енгізілді. Ауылдық округі бойынша бруцеллезге шалдыққан мал бастары тіркелген жоқ. Бородулиха ауданында аусыл ауруының шығуына байланысты округте қаңтар-ақпан айларында жоспардан тыс ІҚМ мен ҰММ вакцинацияланды. Биылғы жылы ветеринария саласына Нива автокөлігі пайдалануға берілді.
Инвестиция тарту бойынша: «Олжас» шаруа қожалығының басшысы О.Қайроллаев 2 бас асыл тұқымды бұқаны 1 млн теңгеге, 1 МТЗ-82 тракторын 3 млн 300 мың сатып алды.
«Асылгожа» шаруа қожалығының басшысы Е.Асылгожин 2 бас асыл тұқымды бұқаны 700 мың теңгеге сатып алды.
«Дархан-4» шаруа қожалығының басшысы 1 МТЗ-82 тракторын 3 млн 300 мың , шөп шабатын агрегат (сенокосилка) 650 мың теңгеге, 3 бас асыл тұқымды бұқаны 1 млн 100 мың теңгегебарлығы 5 млн 050 мың теңгені құрайтын сомаға инвестиция тартты.
«Қонақ» шаруа қожалығының басшысы Е.Конаков шөп шабатын агрегат (сеокосилка) 650 мың теңгеге сатып алды.
«Ілгідай» шаруа қожалығының басшысы К.Оспанова 1 трактор МТЗ-82
3 млн 300 мың теңгеге, 1 дана шөп жинайтын агрегат (прессподборщик)
1 млн 562 мың теңгеге, 3 бас асыл тұқымды бұқаны 1 млн 050 мың теңгеге барлығы 5млн 912 мың теңгені құрайтын сомаға инвестиция тартты.
«Ерғанат» шаруа қожалығының басшысы 1 млн 027 мың теңгеге 3 бас асыл тұқымды бұқаны сатып алды.
Бюджетке жергілікті салықтан түскен түсім 1379916 теңгені құрады.
Ауылдық округте шағын және орта бизнес дамуда, 5 дүкен, 2 дүнгіршек, 1 наубайхана жұмыс істейді.
«Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы
Кәсіпкерлікті дамыту бойынша жүзеге асырылғаны:
Ағымдағы жылдың 9-айының ішінде 6 адам атап айтқанда: Кумаров Талап Жұмабекович, Шагирова Самал Билемовна, Кусаинова Гульмира Толеуовна, Мейрамгалиев Сансызбай Агыбаевич, Нугыманов Медет Кадырханович, Жапаров Даурен Даулетович, «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша несие алып, қазіргі уақытта сол бағдарлама бойынша жұмыс жасап отыр.
Осы жылдың қазан айында «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша 28 млн теңгеге 10 адамның жобасы қорғалып, несие беріледі.
Жеке кәсіпкер Л.Н.Кисамиева қатымхананы жаңарту, қаржыландыру көзі 3млн теңге несие, ғимараттың жөндеу жұмыстарын жүргізіп, ағымдағы жылдың екінші тоқсанында іске қосты.
Жеке кәсіпкер Р.Ж.Сарсембаева өз қаражатына бос тұрған ғимаратты жөндеуден өткізіп, ағымдағы жылдың 4-тоқсанында дүкеннің ашылуын жоспарлап отыр.
Білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша округте 1 орта мектеп бар, 38 жоғары білімді мұғалімдер жұмыс істейді. 248 оқушы дәріс алады. 25 баланы қамтитын «Балауса» толық күнді шағын орталығы жұмыс істейді. Даярлық тобында 22 бала оқиды. Тегін тамақпен 61 оқушы қамтамасыз етілген. 117 оқушыға әлеуметтік көмек көрсетілді. Мектептің спорт залында волейбол, баскетбол, үстел теннисі, шахмат, дойбы, күрес, тоғыз құмалақ секциялары жұмыс істейді. Көркемөнерпаздар үйірмесі мереке күндері, айтулы даталарда ауыл тұрғындарына, аудандық мәдениет үйінің сахнасында концерттік нөмірлерін көрсете біледі.
Беген орта мектебіне 870 тонна қатты отын қажет болса , бүгінгі күнге 386 тонна отынмен қамтамасыз етілді.
Округте «Семей орманы» МОТР мемлекеттік мекемесінің Беген филиалы жұмыс істейді. Жыл бойына маусымдық жұмыстарға 75 жұмыс орны құрылды.
Беген ауылында 1 дәрігерлік амбулатория және лесхоз бен Жандос ауылында медициналық пункт жұмыс істейді. Онда 1 жоғары санатты дәрігер, 4 медбике, 1 тазалықшы, 1 күзетші, 1 жедел –жәрдем автоқөлігінің жүргізушісі жұмыс істейді.
2013 жылы 14 жасқа дейінгі 380 бала, 92 жасөспірім, тұрғындардан жүрек-тамыр ауруын анықтауда 244 адам тексерілді. Онкологиялық ауруларды анықтау үшін мемлекеттік бағдарламаға сәйкес округ тұрғындары арасында скрининг өткізілді 478 адам тексеруден өткізілді. Туберкулездің алдын алу мақсатында Семей қаласынан жылжымалы флюорограф әкелініп, округтің 1080 тұрғыны флюорографиялық тексеруден өткізілді.
2013 жылы дүниеге 13 нәресте дүниеге келсе, 11 адам қайтыс болды.
Соңғы 5 жылда ана өлімі тіркелген жоқ, округте дүниеге бала туу көрсеткіші 7 пайызға өсті.
Округ бойынша туберкулез ауруымен 3 адам науқастанды. 1 адам (Е.Жошабаев) қайтыс болды.
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігінің № 145 бұйрығы негізінде тұрғындардың жекелеген санаттары профилактикалық тексеруден өткізілді.
Инфрақұрылымды дамыту бойынша атқарылған жұмыстар:
Көшелерді жарықтандыру:
Беген ауылында қосымша 10 көше шамы орнатылды, қаржыландыру көзі- аудандық бюджет.
Санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілді, көктемгі-күзгі кезеңде қоқыс шығарылды, қаржыландыру көзі- аудандық бюджет.
«Чистая пятница», «Сенбіліктер» өткізілді, жеке меншік аулаларда санитарлық тазалық жүргізілді. «Семей орманы» МОТР мемлекеттік мекемесінің Беген филиалында «Марш парков» өткізілді.
Ауылдық округі әкімінің ғимаратының аумағында абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Республикалық бюджететен 890 мың теңге қаражат бөлініп, ауылдағы иесіз тұрған үйлердің орындары тазартылды.
Құқық бұзушылықтың алдын алуда округ тұрғындары арасында белсенді рөл атқаратын әйелдер кеңесі, Ардагерлер кеңесі. Демалыс және мереке күндері кешкі мезгілдегі би кештерінде кезекшілік ұйымдастырылады, сондай-ақ түнгі мезгілде көшеде жүрген кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыстар жүргізіледі.
Округте 7 адамнан құралған Елбасының Жолдауын түсіндіріп, насихаттайтын ақпараттық-насихаттау тобы жұмыс істейді. Саяси-қоғамдық басылымдарға жазылу жұмыстары жоғары дәрежеде өтеді.
Округте 47 тыл еңбеккері, 32 Алтын алқа, 26 Күміс алқа иеленген көп балалы аналар бар.
Округ әкімінің 2013 жылы ауыл тұрғындарының алдында берген есебінде ескертулер мен ұсыныстар айтылды.
-А.Рустемов: Телефон байланысының дұрыс жұмыс істемеуі туралы.
Акционерлік қоғамының басшысы А.Құрманбаевқа жазбаша түрде жеткізіліп, кемшіліктер шеттетілді. Қазіргі уақытта телефон байланысы дұрыс жолға қойылып , бақылауға алынды.
-Ж.Кайдаров: Су құбыры жұмысының дұрыс істемейтіні туралы.
Аудандық шаруашылық құқығымен жүргізуге негізделген мемлекеттік көп салалы кәсіпорынның бастығына бұл ұсыныс жазбаша түрде жеткізіліп, 2013 жылы жаз айында жөндеу жұмыстары жүргізілді.
2013 жылға арналған міндеттер:
-орталық көшені абаттандыру,
-стелланы орнату,
-ауыл ішіндегі жолдарға ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізу.
Беген ауылдық
округінің әкімі Н.Асылгожин
Достарыңызбен бөлісу: |