Бегенова А. Б., Жҧмақаева А. Н., Майқанов Б. С. Шекарадағы және кӛліктегі ветеринарлық санитариялық бақылау (Оқулық) астана 2014 2



Pdf көрінісі
бет38/205
Дата16.09.2024
өлшемі4.48 Mb.
#503660
түріОқулық
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   205
index

 
 
 
 
 
 
 


67 
ВЕТЕРИНАРЛЫҚ БАҚЫЛАУҒА ЖАТАТЫН ТАУАРЛАРҒА 
ҚОЙЫЛАТЫН БІРЫНҒАЙ ВЕТЕРИНАРЛЫҚ-
САНИТАРИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР 
Ветеринария саласын бақылауға жататын тауарларға кӛрсетілген біріңғай
ветеринарлық-санитариялық талаптар
Біріңғай ветеринарлық талаптар Халықаралықіндетке эпизоотиялық
бюросының (ХЭБ) ұсынысымен келісілген
Біріңғай талаптар
Мал дәрігерлік бақылауға жататын, біріңғай тауарлар
тізіміне қосылған тауарларға деген талаптарды реттейді: 
Кеден одағының аумағына
үшінші мемлекеттерден әкелу
Кеден одағының мүшелерімен
мемлекеттердің арасындағы
тасымалдау
Асыл тҧқымды және қолданыстағы ірі қара малды кедендік 
одақтың аумағында және (немесе) Тараптар арасында тасымалдау 
(орнын ауыстыруда) кезінде қойылатын ветеринарлық талаптар 
Кедендік одақтың аумағына тасымалдауға және жақтар арасында 
орнын ауыстыруға бруцеллезге, аусылға, лептоспирозға қарсы 
вакцинацияланбаған, жануарлардың жұқпалы ауруларынан сау 
аумақтардан шығарылатын дені сау асыл тұқымды және қолданыстағы 
ірі қара малға рұқсат беріледі, аталған жұқпалы ауруларға 
жататындары; 
- ІҚМ кеуекті энцефалопатиясы – ХЭБ Кодексінің ұсыныстарына 
сәйкес атанған ауру бойынша аз мӛлшерде аймаққа бӛліп немесе 
қауіптілікті бақылауға ала отырып осы ел аумағында немесе әкімшілік 
аумақта; 
- аусыл – аймаққа бӛлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе 
әкімшілік аумақта соңғы 12 ай бойы; 


68 
- контагиозды плевропневмония, везикулярлы стоматит, блутанг,
ІҚМ обасы - аймаққа бӛлу тәртібіне сәйкес ел аумағында немесе 
әкімшілік аумақта соңғы 24 ай бойы; 
- індетті іріңді дерматит - аймаққа бӛлу тәртібіне сәйкес ел 
аумағында немесе әкімшілік аумақта соңғы 3 жыл бойы; 
- лептоспироз - шаруашылық аумағында соңғы 3 ай бойы; 
- лейкоз - шаруашылық аумағында соңғы 12 ай бойы; 
- бруцеллез, туберкулез және паратуберкулез - шаруашылық 
аумағында соңғы 6 ай бойы; 
- сібір жарасы - шаруашылық аумағында соңғы 20 күн бойы. 
ХЭБ Кодексі ұсынылғандардан басқа күйісті жануарлардың 
ақзаттары бар азықтарды беруге болмайды. Карантин кезінде 
жануарлар клиникалық қараудан ӛтеді, күнделікті дене температурасы 
ӛлшенеді, бруцеллез, туберкулез, паратуберкулез, лейкоз, трихомоноз, 
кампилобактериоз, хламидиоз, лептоспироз және импортердің талабы 
бойынша басқа індетті ауруларға диагностикалық зерттеулер ӛткізеді. 
Асыл тұқымды жануарға қатысты қосымша инфекциялық 
ринотрахеит және ірі қара малдың вирусты диареясына зерттейді (егер 
жануарлар алдын ала вакцинацияланбаса). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет