Бегенова А. Б., Жҧмақаева А. Н., Майқанов Б. С. Шекарадағы және кӛліктегі ветеринарлық санитариялық бақылау (Оқулық) астана 2014 2


Балық және балық ӛнімдерін тасымалдауды бақылау



Pdf көрінісі
бет123/205
Дата16.09.2024
өлшемі4.48 Mb.
#503660
түріОқулық
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   205
index

Балық және балық ӛнімдерін тасымалдауды бақылау. Балық 
және балық ӛнімдерін жылдың барлық мерзімінде рефрижераторлы 
кемелерде тасымалдайды. Балық суытылған, мұздатылған, тұздалған, 
қақталған, кепкен немесе маринадталған ӛнім түрінде тасымалдануға 
жіберіледі. Мұздатылған, салқындатылған балық ӛнімдері тығыз, 
серпінді, желбезектері таза ашық-қызыл түсті немесе қызыл түсті болу 
керек. 
Рефрижераторлы трюмдарда мұздатылған балықтың тұтастығын 
сақтау үшін үнемі тӛмен температура (шамамен -20°С) және ӛте 
жоғарғы салыстырмалы ауа ылғалдылығы (95-100%) сақталу керек. Сәл 
тұздалған балық ӛнімі үшін температура 0-3°С және салыстырмалы ауа 
ылғалдылығы 90-95%, ысталған балық, температурасы 0-4°С, 
салыстырмалы ауа ылғалдылығы 75-80% болуы керек. 
Балықты тасымалдау қорабы түрі – жартылай мықты картон. 
Жәшік, қораптарының негізгі су ӛткізбейтін материалы екі қабатты 


231 
гофринденген картон. Қораптың үстіңгі жағына сым, шпагат 
байланады.
Картон жәшіктерін әдеттегі тәртіппен таңбалайды. Әрбір балық 
ӛніміне тән тауар белгісін трафарет арқылы бояу салып, қағаздан 
жасалған белгі жабыстырады. Жәшіктегі таңба ашық кӛріну керек. 
Пішіні сурет, түс және шрифт бойынша ерекшеленетін белгілер бірдей 
тараға салынған балық ӛнімдерін ажыратуға мүмкіндік береді. Картон 
қорабы жүкті, әсіресе ашық теңізде арту операциясы кезінде астына 
тӛселетін материал болмаған жағдайда зақымдалуы мүмкін. Жүкті 
әртүрлі зақымданудан сақтау үшін үстіне тақтай немесе брезент 
тӛсейді.
Балық сапасына температура тербелісі кӛп әсер етеді, ӛнімдер 
босап, ұлпалардың бұзылуына соқтырады. Және де температуралық 
режимнің бұзылуы ӛнімнің бұзылуына немесе тауарлық сапасының 
тӛмендеуіне әкеледі. Әсіресе жазда температураны, ылғалдылықты
мұқият 
қадағалап 
отыру 
керек. 
Балықтың 
жібу 
кезінде 
микроорганизмдердің ӛмір сүруі дамиды; майлар тотығады, ақуыздың 
денатуарациясы күшейеді, аутолиз және басқа да үрдістердің болуымен 
күшейеді. Балықтың майының тотығуы оның тотықсыздануынан және 
кейбір бактерия түрлерінің ӛміршеңдігінің күшеюіменен сипатталады, 
ыдыраған балық майы ұшпалы май қышқылдарын қалыптастырады. 
Кебу нәтижесінде балық салмағы тӛмендеп сапасы ӛзгереді. Кебу 
кӛлемінің ұлғаюына жабдықтау, салу үрдісі, трюмдерде балықтарды 
орналастыру, суыту жүйесі және тасымалдау ұзақтығы да әсер етеді.
Тұздалған балықты ағаш бӛшкелерге және тығыз, ағаштан 
жасалған жәшіктерде, ал кептірілген балықты жәшікте немесе қаптарда 
тасымалдауға болады. Суық әдіспен ысталған балықты, қақталған және 
балық ӛнімдерін мықты жәшіктерде, қабырғаларындағы қуыс тесігінің 
диаметрі 2-3см болған жағдайда тасымалдайды. Ыстық ысталған 
балықты су кӛлігімен тасымалдауға болмайды. Суық ысталған 
балықтарды ағаш бӛшкелерде тасымалдайды, мұнда 30 және 100кг 
дейін ысталған балық сыяды және жылдық мерзіміне қарамастан, 
жолда 15 тәуліктен артық болмау керек. 
Балық ұнын құрғақ кемелерде тасымалдайды. Трюмдер ағаш 
брустарымен қапталу керек, жүк және кеме арасында 20см кеңістік 
қалу керек, жүктің жоғарғы бӛлігі -0,5 – 1м, жақсы желдетілуге 
мүмкіндік туғызады.
Рефрижераторлық емес әдеттегі кемелерде балық ӛнімдерін жыл 
мерзіміне қарай және рейстің ұзақтығын ескере отыра тасымалдайды. 
Мұндай кемелерде жылдың барлық мерзімінде кептірілген, қақталған, 
қатты тұздалған балықты, сонымен қатар сельд, металл тарадағы балық 
консервелерін, балықтардың техникалық майларын және теңіз 
жануарларын тасымалдайды. Қатты тұздалған, оның ішінде сельдь 


232 
балықтарды кӛлемі 250л бӛшкелерде және массасы 70кг жәшіктерде 
тасымалдайды. Қатты тұздалған балық құрамындағы тұз мӛлшері 14%-
н аспау керек. Жәшіктердің темір рента немесе сымдармен бекітеді. 
Жылдың суық мерзімінде тұрақты минусты температурада әдеттегі 
кемелерде тұздалған және суық ысталған балықтарды тасымалдайды. 
Кептірілген және қақталған балықтарды желдеткіштері бар ағаш 
жәшіктерде, сонымен қатар тоқылған корзинада, салмағы 50кг-қ 
қатарда тасымалдайды. Бұл ӛнімдер салмағы 150кг дейін болады, 
ыдыс-қорап таза бӛгде иіссіз, қаптар мықты шпагатпен тігіледі.
Қақталған 40-70кг жәшіктерде тасымалдайды. Жәшіктер екі 
жағынан тегіс тақтаймен, металл лента немесе сыммен тартылған күйде 
дайындалады. Жәшік ішіне пергамент тӛселеді, жәшік қабырғаларында 
3-4 дӛңгелек кеңістіктер болады. Тұздалған балық ӛнімдерінің ӛзіндік 
иісін ескерген жӛн, себебі басқа ӛнімдерге сіңіп кетуі әбден мүмкін. 
Қақталып – тұздалған балық ӛнімдерін 15 тәуліктен артық 
тасымалдауға болмайды.
Тірі балық және теңіз жануарларын кӛлемі 350л металл 
бӛшкелерде немесе 250л мықты ағаш бӛшкелерде немесе арнайы 
сауыттарда тасымалдайды, іш жақтары су ӛткізбейтін құрылыммен 
жабылған, 
сонымен 
қатар 
герметикалық 
ыдыс-қораптарда 
тасымалдауға болады.
Әртүрлі 
балық 
уылдырықтарын 
бӛшкелерде, банкаларда, 
жәшіктерде тасымалдайды. Жәшіктер металл лентамен тартылған
құлыптары бар түрде болады, оларды жӛнелтуші пломбылайды. 
Жӛнелтуші бӛшкелерді үстінен және тӛмен жағынан пломбалайды. 
Мысалы, бекіре балықтарының түйіршікті уылдырығын 50л емен 
бӛшкелерінде, ішкі жағы парафин, ал сыртын алиф қабатымен 
жабылған күйде тасымалдайды. Албырт (лосось) түйіршікті 
уылдырықты 100л бӛшкелерде, ішінен парафинделген жағдайда 
тасымалдайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет