Бегенова А. Б., Жҧмақаева А. Н., Майқанов Б. С. Шекарадағы және кӛліктегі ветеринарлық санитариялық бақылау (Оқулық) астана 2014 2



Pdf көрінісі
бет91/205
Дата16.09.2024
өлшемі4.48 Mb.
#503660
түріОқулық
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   205
index

 
 
 
 


163 
ТЕМІР ЖОЛ КӚЛІКТЕРІМЕН ЖАНУАРЛАРДЫҢ БАРЛЫҚ 
ТҤРІН ТАСЫМАЛДАУЫНДА ВЕТЕРИНАРЛЫҚ-
САНИТАРИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ 
Темір жол кӛлігімен ауылшаруашылық жануарлар мен құстардың 
барлық түрлерін (бағалы аңдарды, зертханалық, хайуанаттар бағының 
жануарларын, теңіз аңдарын, араларды, балықтарды қоса, бұдан әрі - 
құстар) тасымалдауға ұсыну «Жӛнелтушінің коса берілген құжаттары» 
деген бағанында кӛрсете отырып, жүкқұжатқа қосымшасымен және 
ветеринарлық қадағалау саласындағы тиісті уәкілетті органдар берген 
ілеспе құжаттар болған кезде жүзеге асырылады. Вагондап 
жӛнелтілімдермен жануарларды тиеу, түсіру кірме жолдарда 
жүргізіледі. 
Жануарларды тасымалдау алдында ветеринарлық бекеттің вет 
инспекторы 2-3 күн бұрын жүк жӛнелтуші шаруашылығына барып, 
келесі шараларды ӛткізеді: аймақтық саулығын; құжаттардың дұрыс 
ресімделуін тексереді; жануарларды клиникалық қарап, термометрия 
ӛткізеді; азықтар, тӛсеніш, суару жабдықтарын, сапалы болуын 
тексереді; жолсеріктермен әңгіме кеңес ӛткізеді. Осы зерттеу 
нәтижелері бойынша акт толтырылып, жануарларды арту стансасына 
жӛнелтуге рұқсат беріледі. 
Жӛнелтуші 3-5 күн бұрын жануарларды кӛліктік азық режиміне 
кӛшіреді. Жануарларды экспортқа әзірлеу 3-ай бұрын «Экспортқа 
жӛнелтілетін жануарлар мен құстарды таңдау, ветеринарлық ӛңдемелеу 
ережелеріне» сәйкес ӛткізіледі. ТМД және алыс шетелдерден келетін 
жануарлар «ҚР жануарларды, жануартекті ӛнімдер мен шикізаттарды 
импорттау кезіндегі ветеринарлық санитарлық шаралар туралы 
нұсқаулыққа» сәйкес жұргізіледі, және індеттік аурулармен ауырған, не 
күдікті жануарларды шет елдерінен енгізу, шығару және біздің ел 
арқылы транзиттеуге қатаң тыйым салынады. Жӛнелтілетін 
жануарларға №1 ветеринарлық сертификат беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет