Бегенова А. Б., Жҧмақаева А. Н., Майқанов Б. С. Шекарадағы және кӛліктегі ветеринарлық санитариялық бақылау (Оқулық) астана 2014 2



Pdf көрінісі
бет98/205
Дата16.09.2024
өлшемі4.48 Mb.
#503660
түріОқулық
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   205
index

 
 


175 
Жабайы жануарларды темір жол кӛлігімен тасымалдау 
ережелері 
Жабайы жануарларды тасымалдауға мұқият әзірлену керек және 
ветеринарлық бақылау қатаң болуы тиіс. Жабайы жануарлар қолайсыз 
жағдайларға ӛте сезімтал, сондықтан оңай күйзеліске ұшырайды. 
Тасымалдауға дені сау, 30 күн оқшауда болған жануарлар 
жіберіледі. Жабайы жануарлардың қапаста тамақтануға үйренгендігіне, 
ветеринарлық ӛңдеуден ӛткеніне кӛз жеткізу керек. Оларды арнайы 
берік торларда тасымалдайды. Олар бір қатарда қарап, күтіп, азықтану 
үшін орын қалдырып орналастырады, торларды жақсылап бекітеді. 
Ірі жыртқыштар салынған торларды (барыс, жолбарыс, сілеусін, 
гиена) ұсақ және тұяқтылардан жеке орналыстырады. Азықтандыру 
жеке рацион бойынша оны жӛнелтуші құрайды, оларды тасымалдауға 
дейін қалай азықтандырса, солай азықтандыру қажет. 
Жабайы жануарларды күту, азықтандыру үшін бір вагонға 2 
жолсерік тағайындалады. Тасымалдау алдында (3-4 күн бүрын) олар 
арнайы дайындықтан ӛту керек. Жол жүру кезінде ауырған, 
жарақаттанған жануарлар болса, жедел түрде хабарлайды да, кӛмек 
кӛрсетеді. 
 
Цирктік және зоопарктік жануарларды темір жол кӛлігімен 
тасымалдау ережелері 
Жануарларды жӛнелтер алдында мұқият қарап зерттейді, жылқы, 
есек, пони, қашар ӛзге тақтұяқтылар мен түйелерді маңқаға, ешкілерді 
туберкуллезге, бруцеллезге, маймыл мен құстарды туберкулезге, піл, 
мүйізтұмсық, жыртқыштарды гельминтозға зерттейді. Ит, түлкі, 
қасқырларды құтыру мен обаға егеді. Темір жол арқылы тасымалдауға 
тек қана теріс нәтиже бергендері ғана жіберіледі. Ветеринарлық 
куәлікте ӛңдеу орнын, уақытын белгілейді. Егер бір жылда осы аталған 
жануарларды қайтадан тасымалдаса, онда ӛңдеуден ӛткізбейді. 
Арту орнына жануарларды арнайы дайындалған фургондарда 
жеткізеді де, бірден вагонға артады. Ірі зоопарктік жануарларды берік 
металл дӛңгелекті торларда жеткізіп, вагонға енгізеді де, бекітеді. Ірі 
цирктік, зоопарктік тақтұяқтыларды және жұптұяқтыларды байлап
немесе бос жеткізеді, ұсақ жануарларды және құстарды торда 
тасымалдайды. 
Піл, 
мүйізтұмсық, 
бегемоттарды 
1-2 
басқа 
жабдықталған арнайы вагондарда, теңіз жануарларын су құйылған 
ыдыстарда, жыландарды электржылуы бар торларда тасиды. 
Азықтандыру режимі мен ұсталуы тасымалдауға дейінгідей 
болады. Рационына ет, балық, туралған ет арнайы екі түбі бар 
жәшіктерде сақталады, түбінің астында мұз салынады. Жыландарды 
ұсақ жануарлармен (тірі асыранды құс, тышқан, қояндармен) 
азықтандырады. Келіп жеткен стансада жануарларды түсіріп алып 30 


176 
күнге оқшауға қояды, ал цирктік жануарларды 2-3 күн дем алдырып, 
циркте жұмыс ӛткізеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет