Диатез
Диатез (
гр.
dіathesіs – бейімділік) - организмнің әдеттегі тітіркендіргіштерге
реакциясы
немесе әйтеуір бір ауруға бейімділік, организмнің тұқым қуалағыштық
немесе жүре пайда болған ерекшеліктеріне байланысты реакция туғызу кабілетінің
бір формасы. Негізінен жас нәрестелерде байқалады.
Ең көп таралған түрі экссудативті - катар диатез. Мұнда зат алмасуы бұзылады, адам
организмі кейбір тағамдарды (көбінесе
сүт
,
жұмыртқа
,
құлпынай
,
цитрустар
,
бал
,
шоколад
) қабылдамауы. Соның салдарынан тізе мен қастық үстіңгі жағында сары
дақтар пайда болады, бет терісі қызарып түлейді, бастық шашы қалың жері
қайызғақтанады. Мұндай балалар тұмауратады,
коньюнктивит
,
отитпен
ауырады,
олардың дәреті жиі бұзылады, организмдерінде судың жиналып қалуы байқалады.
Тері (
экзема
,
нейродермит
,
қышыма
) тыныс алу органдарының (
бронхит
,
демікпе
)
ауруларына бейім болады; балалар инфекциясы ауыр өтеді және ұзаққа созылады.
Диатез әдетте 3—5 жасқа келгенде бәсеңдейді немесе толық жойылып кетеді.
Диатезді емдеу тек қана дәрігердің бақылауымен жүргізілуге тиіс. Ата-ананың өз
бетінше ем қолдана салуьі әсіресе дәрі-дәрмектерді пайдалануы әдетте балалық
жағдайының нашарлауына әкеп соғады. Дәрігер әдетте диатез тудыратын кейбір
тағамдарға қарсы диета белгілейді.
Тері қабынып суланған кезде дәрі-дәрмектер қосылған ванна, ал
нейродермиттер
кезінде — пасталар мен мазьдар (барлық жағдайда да дәрігердің белгілеуі бойынша)
қолданады. Аурудың алдын алу үшін екіқабат әйелдер мен бала емізіп жүрген
аналардың диатез тудыратын тағамдарды барынша шектеулері, ішпеулері (немесе
пайдалануды азайтуы) қажет. Сондай-ақ 3 жасқа дейінгі балаларға да мұндай
тағамдарды берудің қажеті жоқ; кейбір балаларға тамақты бөлек дайындауға тура
келеді.
Аллергия
деген мақаланы қараңыз.
[1][2]
1.
Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990
ISBN 5-89800-008-9
2. Патологиялық анотомия терминдерінің орысша – латынша – қазақша түсініктеме
сөздігі.- Ақтөбе.
ISBN 9965-437-40-8
«
https://kk.wikipedia.org/w/index.php?
title=Диатез&oldid=2870249
» бетінен алынған
Бұл — мақаланың
бастамасы
.
Бұл мақаланы
толықтырып, дамыту (https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%94%D0
Бұл ескертуді
дәлдеп
ауыстыру қажет.
Дереккөздер