“Бейнелеу өнері және сызу сабақтарында оқушылардың визуалды мәдениетінің инновациялық технологиялар арқылы дамыту” /06. 02



бет1/3
Дата05.05.2024
өлшемі459.03 Kb.
#500588
түріСабақ
  1   2   3
Сәндік-қолданбалы өнер арқылы оқушыларды ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ БІЛІКТІЛІК АРТТЫРУДЫҢ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ «ӨРЛЕУ» АҚ Ақтөбе облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты “Бейнелеу өнері және сызу сабақтарында оқушылардың визуалды мәдениетінің инновациялық технологиялар арқылы дамыту” /06.02-17.02.2017ж./ Дюзелбаева Г,УАлға ауданы Ақырап негізгі мектебі.

Тақырыбы:

Сәндік-қолданбалы өнер арқылы оқушыларды ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу

Мақсаты: Сәндік қолданбалы өнер түрлерімен таныстыру. Оқушыларды ұлттық салт -дәстүрге, ұлттық өнер ерекшеліктеріне деген қиялын дамыту, сәндік бұйымдарды дұрыс бейнелеуге баулу және отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Міндеті: - Қазақтың сәндік-қолданбалы өнері жайлы білу; - Ұлттық қолөнерді қастерлеу ; - Сәндік-қолданбалы өнер түрлері; - Тоқыма тоқу өнері.

Кіріспе

Қазақ халқының ұлттық қолөнері- бұрынғы өткен бабаларымыздан бізге жеткен асыл мұра. Асыл мұраны, тарихымызды, көне мәдениетімізді қастерлеу, өркендету және жалғастыру- әрбір ұрпақ үшін қасиетті парыз. Өйткені онда ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық ерекшелік, форма, ою-өрнектер ғана емес, сондай-ақ салт-дәстүріміз, тарихымыз халықтық мінезіміз қалыптасқан.

Қазақтың тұңғыш суретшісі Ә.Қастеевтің: «Мен өнерді таудың бұлағынан, қойдың құлағынан, ешкінің мүйізінен, әжемнің киізінен үйрендім» деуі содан болса керек.


Өнерлінің алтыны қолында,
байлығы жатыр жолында...

Негізгі бөлім

Сәндік қолданбалы өнер деп тек қана практикалық жағынан емес, эстетикалық мәні жағынан да маңызды дайындалған және көркем жасалған өндірістік немесе қолөнер арқылы өмірге келген көркем туынды жасауды айтады. Сәндік қолданбалы өнерді әзірлеу үшін мынадай материалдарды қолданады: ағаш, сүйек, тас, әйнек, табиғи және жасанды заттар. Сәндік қолданбалы өнердің түрлері:

  • керамика (фарфор),
  • әйнек (ыдыстар, құмыра, мозайкалар),
  • көркем оймыш ( ағаш, тас, сүйек,пластмасса),
  • металдан жасалған көркемдік бұйымдар (зергерлік бұйымдар),
  • жиһаздар (сәндік маталар, киімдер),
  • ойыншықтар.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет