Бейнеу ауданының елдi мекендерi аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою



Дата30.06.2016
өлшемі88.54 Kb.
#167987
Маңғыстау облыстық мәслихатының

2014 жылғы «_____»______________

№ ______ шешiмiмен бекiтiлген

 

Бейнеу ауданының елдi мекендерi аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою


ҚАҒИДАСЫ
 

  1. Жалпы ережелер

 

1. Бейнеу ауданының елдi мекендерiнiң аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету Қағидасы (бұдан әрi - Қағида) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» Кодексiнiң 3-бабының 2-тармағына және 311-бабына және 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» заңының 6-бабының 2-2 -тармағына сәйкес жасақталған.

2. Бейнеу ауданының елдi мекендерiнiң аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету тәртiбiн реттейдi.

 


  1. Иттердi және мысықтарды тiркеу тәртiбi

 

3. Туғанына үш ай толған иттер, екi ай толған мысықтар «Бейнеуветсервис» мемлекеттiк коммуналдық кәсіпорнында (бұдан әрi – «Бейнеуветсервис» МКК) тiркеуден өтедi.

4. Тiркеу барысында иттер мен мысықтардың иесi осы Қағиданың талаптарымен таныстырылады. Жануарлардың иесi Қағидамен танысқандығын Тiркеу кiтабына қол қоюмен куәландырылады.

5. Иттер мен мысықтарды тiркеуден өткiзгеннен кейiн жануарлардың иесi есебiнен белгiленген үлгiге сәйкес ветеринариялық паспорт берiледi.

6. Тiркеу және қайта тiркеу кезiнде иттер мен мысықтардың иелерi мына құжаттар мен мәлiметтердi ұсынады:

иесiнiң жеке басын куәландыратын құжаты;

мекен-жайы, байланыс телефоны;

иттiң немесе мысықтың түрi, жынысы, аты, туылған күнi, түсi, ерекше белгiлерi немесе жануардың сипаты.

7. Иттер және мысықтар сатылған, жоғалған, өлген, басқа тұлғаға берiлген жағдайларда жануарлардың иесi оларды есептен шығару немесе қайта тiркеу үшiн екi апталық мерзiмде «Бейнеуветсервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына хабарлауы қажет. Иттер мен мысықтардың иелерi мекен-жайын өзгерткен жағдайда жануарлар 15 жұмыс күн iшiнде тiркелуге жатады.
2
3. Иттердi және мысықтарды асырау және серуендету тәртiбi

8. Иттер тұқымдарына қарамастан үш айлық жасынан бастап құтырма ауруына, обаға және эпизоотиялық көрсеткiштер бойынша лептоспирозға, микроспорияға қарсы егiлуi, сонымен қатар гельминттерге тексерiлуi немесе профилактикалық дегельминтизация жасалуы қажет.

9. Мысықтар екi айлық жасынан бастап жануарлар мен адамдарға ортақ жұқпалы ауруларға қарсы, эпизоотиялық көрсеткiштер бойынша микроспорияға қарсы егiлуден, гельминтоздарға тексерiлуден өтедi.

10. Егер иттер мен мысықтардың иесi заңды тұлға болса, ол иттер мен мысықтарды асырау және серуендету үшін жауапты адам тағайындайды.

11. Жануарлардың иесi дер кезiнде, осы Қағидада белгiленген мерзiмде мiндеттi ветеринарлық шараларды өткiзедi, жануарлардың карантиндiк режимiн сақтайды, жұқпалы ауруларды жою бойынша шараларды өткiзедi.
      12. Иттер мен мысықтарды асырау және серуендету санитарлық-гигиеналық, зоогигиеналық талаптарды және осы Қағиданы сақтаған жағдайда жүзеге асады:

бiр ғана отбасынан тұратын тұрғын үй-жайларда;

бiрнеше отбасынан тұратын тұрғын үй-жайларда, тек өзiне тиесiлi аумақта асырау және серуендету (пәтердiң барлық тұрғындарының жазбаша келiсiмiмен);

кәсiпорындарда, ұйымдарда және мекемелерде, көп пәтерлi үйлерде, бау-бақшаларда, азаматтардың коммерциялық емес бiрлестiктерiнде, демалыс орындарында байлаулы түрде немесе торда және айналадағылардың мазаларын алмайтын және қауiп келтiрмейтiн жағдайда асырау және серуендету.

13. Көп пәтерлi тұрғын үйдiң пәтерiнде бiр отбасыға жалпы саны үштен асатын үлкен және орта тұқымды ит пен алты айға дейінгі жастағы мысықайлары бар үш мысықтан артық асырауға тыйым салынады.

14. Ортақ пайдаланылатын орындарда (ас әзiрлейтiн бөлмелер, кiреберiстер, баспалдақ алаңдары, жертөлелер, шатырлар, лоджиялар, балкондар мен қосалқы жайлар), үйлердiң алдындағы аумақтарда (жеке тұрғын үй қоры үйлерiнiң алдындағы аумақтарынан басқа), қонақ үйлерде және жатақхана дәлiздерiнде көзi нашар көретiн адамдарды жетектейтiн иттерден басқа иттер мен мысықтарды асырауға және серуендетуге тыйым салынады.

15. Қонақ үйлерде қонақ үй әкiмшiлiгiнiң келiсiмiмен, жануарлардың ветеринариялық паспорты болған және санитарлық-гигиеналық ережелер сақталған жағдайда иесi итiмен немесе мысығымен тұрақтауына жол берiледi.

16. Иттер және мысықтар жекелеген тұрғын үй қорындағы үйлерде, ғимараттарда және оларға тиесiлi аумақтарда осы аумақтың иесiнiң рұқсатымен немесе басқа да өкiлеттi тұлғаның келiсiмiмен асырау және серуендету керек. Иттер қашып шыға алмайтын, адамдарға немесе басқа жануарларға шабуыл жасамайтын және өтiп бара жатқан адамдарды қаба алмайтын қоршалған аумақта асыралуы және серуендетілуі керек. Кiреберiсте осы маңда иттiң бар

3

екендiгi жөнiнде кемiнде 20х30 сантиметр көлемiнде иттiң суретi бар «Ит күзетедi!», «Охраняется собакой!» деген ескерту тақтайша iлiнедi.



17. Егер асырау және серуендету жағдайлары санитарлық-гигиеналық және зоогигиеналық нормалармен сәйкес келген жағдайда жеке тұрғын үй қорындағы үйлерде жалпы саны үштен аспайтын ит асырауға жол берiледi.

18. Иттердi арнайы бекiтiлген, қоршалған жерлерде серуендету керек. Егер ондай жерлер болмаса, иттердi серуендету құла далада жүзеге асырылады;

19. Мыналарға рұқсат етiлмейдi:

1) тiркелмеген (есепке алынбаған) және егiлмеген иттер мен мысықтарды асырауға;

2) иттер мен мысықтарды балалар алаңдарында, спорттық алаңдарда, мектепке дейiнгi және оқу орындарының, емдеу мекемелерiнiң аумақтарында және қоғамдық шаралар өткiзiлетiн орындарда серуендетуге;

3) декоративтi түрiнен басқа иттердi тұмылдырықсыз және ұзын шылбырда серуендетуге;

4) мас адамдар мен 14 жасқа толмаған жасөспiрiмдерге иттердi серуендетуге;

5) адамдардың шомылуына арналған орындарда, су бұрқақтарда және бастау көздерiнде иттер мен мысықтарды шомылдыруға.

20. Иелерi байлап кеткен иттерден басқа, қоғамдық орындарда иесiз жүрген иттер қаңғыбас иттер болып саналады және арнайы қызметтердiң аулауына жатады.

21. Қаңғыбас иттер және мысықтар аулауды жергiлiктi атқарушы органмен келiсiм-шарты жасалған ветеринария саласындағы мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорын жүзеге асырады.

 

4. Иттер және мысықтар сату-сатып алу және тасымалдау

      22. Иттердi және мысықтарды белгiленбеген орындарда, сондай-ақ ветеринарлық анықтамасыз және құжаттарсыз саудаға салуға тыйым салынады.

23. Иттердi және мысықтарды саудаға салу, тек тиiстi ветеринарлық құжаттары болған жағдайда олар 2,5-3 айға толғанда ғана жол берiледi. Егер иттер және мысықтар ветеринарлық паспортынсыз 2,5-3 айға толмай сатылған жағдайда, сатып алушыға күшiктiң және мысықтың денсаулық жағдайы жөнiндегi анықтаманы ветеринария саласындағы кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар бередi.

24. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес иттердi және мысықтарды саудаға салу жануарлар шаруашылығы қоры (клубы), питомниктер, зоодүкендер және мамандандырылған базарлар арқылы рұқсат етiледi.

25. Иттердi және мысықтарды Бейнеу ауданының елдi мекендерiнiң аумағына әкелу, оның iшiнде шет мемлекеттерден әкелу немесе Бейнеу

4
ауданының елдi мекендерiнiң аумағынан тыс жерге әкету Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

26. Бейнеу ауданының елдi мекендерiнен тыс жерге иттердi және мысықтарды тасымалдауға (орын ауыстыруға) және әкелуге ветеринария саласындағы өкiлеттi мемлекеттiк орган берген егiлгендiгi туралы ветеринариялық куәлiгi және арнайы үлгiдегi ветеринарлық паспорты болған жағдайда рұқсат етiледi.

27. Иттердi және мысықтарды әуе, темiржол, автомобиль, сонымен қатар су көлiгiмен тасымалдау осы көлiктердiң түрлерiнде жолаушыларды, багажды және жүктердi тасымалдау Ережелерi негiзiнде жүзеге асырылады.

 

5. Ереженiң сақталуын бақылау
28. Бейнеу ауданының елдi мекендерiнiң аумағында иттердi және мысықтарды асырау және серуендету Қағидасының сақталуын бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өкiлеттiк берiлген мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.

 

6. Қорытынды ережелер

29. Осы Қағиданың талаптарын бұзғаны үшiн жауапкершiлiк Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес белгiленедi.

 

Маңғыстау облыстық маслихатының 2014 жылғы № ______ «Бейнеу ауданының елді мекендері аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету Қағидасы туралы» шешіміне негіздеме-анықтама





Р/с №

Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1

Нормативтік құқықтық актіні ұсынатын мемлекеттік орган

Бейнеу ауданының әкімдігі

2

Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сүйене отырып, нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігі (мемлекеттік органның құзыреті)

Қазақстан Республикасының «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексiнiң 3-бабының 2-тармағы, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңының 6-бабының 2-2-тармағы


3

Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негізі (нақты мақсаттары, себептері және акт неге байланысты қабылданды)

Бейнеу ауданының елдi мекендерiнiң аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендетуді реттеу мақсатында

4

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты олардың өзгергені немесе күші жойылды деп танылғаны туралы мәліметтер

-



5

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекiтiлген Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу қағидаларының 17-тармағының талаптарын ескере отырып, олардың жойылғаны туралы актiлердiң деректемелерiн көрсете отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттiк тiркеуден бас тартылған нормативтiк құқықтық актiлер туралы мәлiметтер


-


6

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдердің қысқаруын көздей ме

-


7

Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәлімет


Бейнеу аудандық ауыл шаруашылығы
және ветеринария бөлiмi,

Бейнеу ауданының iшкi iстер


бөлiмi,

Қазақстан Республикасы Ауыл


шаруашылығы министрлiгi Ветеринариялық
бақылау және қадағалау
комитетiнiң Бейнеу аудандық
аумақтық инспекциясы



8

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қорғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпараттар құралдарында жариялау туралы мәліметтер

9861


111111111 ----- -- --

9

Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімі (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін)

-



«Бейнеу аудандық ауыл шаруашылығы

және ветеринария бөлімі» ММ басшысы С.Қабиев




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет