4. Күкіртсутекпен тұнбаға түсіру. Сынауықтарға тұздардың ерітінділерін (3 пунктті қараңдар) құйып, әрқайсысына күкіртсутек қышқылын қосыңдар. Неліктен барлық ерітіндіде тұнба түзілмейтінін түсіндіріңдер. Ерігіштігі бойынша сульфидтер қалай жіктеледі?
ғ 54 жұмыс. Күкірт (ІV) оксиді және оның қасиеттері
Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: технохимиялық таразы, сынауықтар, натрий сульфиді, құм жылытқысы, кәрлен стақан, кәрлен тостаған, газ шығатын түтігі бар айдауға арналған құты, концентрлі күкірт қышқылы бар шаюға арналған шынысауыт, мұз, газ шығатын екі түтігі бар сынауықтар, шырпы, мыс үгінділері, 70% H2SO4, натрий хлориді (қатты), хлор суы, бром суы, калий перманганаты, дихроматы және күкіртсутек ерітінділері.
|
1. Күкірт (ІV) оксидін алу (тартқыш шкафта жасалатын жұмыс).
Сынауыққа натрий сульфитінің бірнеше кристалын салып, оған 2-3 тамшы 70% күкірт қышқылын қосыңдар. Бөлініп жатқан газды абайлап иіскеңдер де, реакция теңдеуін жазыңдар.
2. Күкірт (ІV) оксидінің қасиеттері. (Топ болып тартқыш шкафта жасалатын жұмыс!).
1. 49-суреттегідей құрылғы жинаңдар. Шаюға арналған шынысауытқа (2) концентрлі күкірт қышқылын құйыңдар. Кәрлен стақанды (3) ас тұзымен араластырылған мұзбен толтырып, ортасына құрғақ сынауықты орнатыңдар.
2. Сынауықты жауып, шаюға арналған шынысауытпен жалғаңдар (сурет бойынша). 2. 5 г мыс ұнтағын өлшеп алып, оны айдауға арналған құтыға (1) салыңдар да, ұнтақты жауып
|
тҒратындай мҰлшерде кон-центрлҢ ккҢрт ышылын Ғйыдар. Ғтыны тыын-мен жауып, Ғм жылыт-ышында атты ыздыры-дар. Реакция тедеуҢн жазы-дар.
3. Сынауытара хлор суын, бром суын, ышылданан калий перманганаты жқне дихроматы, фуксин ерҢтҢн-дҢлерҢн Ғйыдар да, кезек-
|
49-сурет. Күкірт (ІV) оксидін алуға арналған құрылғы
|
пен күкірт (ІV) оксидін жіберіңдер. Соңғы ерітіндіні қайнатып, не байқалғанын көріңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар. Күкірт диоксидінің қасиетін сипаттаңдар.
б) 15-20 минуттан соң сынауықты суық қоспадан алып, алынған сұйық күкірт диоксидін кәрлен тостағанға құйып, сұйықтың булануын бақылаңдар.
в) Екі құрғақ сынауыққа бірнеше тамшы сұйық күкіртті ангидрид құйып алып, жанғыштығын, суда ерігіштігін тексеріңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар. Күкірт диоксидінің сулы ерітіндісін сақтап қойыңдар.
г) Сынауыққа 1-2 мл жаңадан дайындалған күкіртсутек қышқылын құйып, оған күкіртті қышқыл қосыңдар. Не байқалады? Реакция теңдеуін жазыңдар. Бұл жағдайда күкіртті қышқыл қандай қасиет көрсетеді?
Достарыңызбен бөлісу: |