Өлшеудің орташа квадраттық қателігі.
Әр өлшемнің қателігі болады. Сондықтан да дәлірек өлшем алу үшін 4-5 рет қайталап өлшеу керек. Әр өлшеген сайын затты таразыдан алып тұру керек. Бір өлшемнің екінші өлшемнен айырмашылығын таразының арретирі арқылы білуге болады.
Өлшеу кезінде жіберілген қателікті орташа квадраттық қате түрінде өрнектеуге болады. Айталық, n рет өлшеу жүргізіліп, мынадай нәтижелер алынды делік:
а=(а1, а2
аn)
Осы мәндердің орташа арифметикалық шамаларын табамыз:
а=(а1, а2
аn)/n.
Орташа квадраттық қате ( мына өрнекпен анықталады:
Осылайша заттың салмағы: А(а((
Тапсырма: Лаборанттан алынған (салмағы 1-ден 100 г-ға дейінгі) екі затты 0,01 г-ға дейінгі дәлдікпен технохимиялық таразымен өлшеңдер. Өлшемнің орташа квадраттық қателігін табыңдар.
ІІ БӨЛІМ. ЖАЛПЫ ХИМИЯ
2.ЗАТТАРДЫ ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТАЗАЛЫҒЫН АНЫҚТАУ
Теориялық кіріспе
Лабораториялық жұмыстарда қолданылатын заттар жеткілікті таза болуы тиіс.
Әр таза заттың түсі, балқу температурасы, тығыздығы және тағы да басқа физикалық қасиеттері болу керек, сондықтан заттың тазалығын осы қасиеттерін білу арқылы анықтауға болады. Заттың тазалығын бағалау үшін сандық бағаланған қасиеттері жеткілікті. Алынған нәтижелерді берілген заттың кестесі арқылы салыстырады. Практикада көбінесе оның балқу температурасын, қайнау температурасын және тығыздығын анықтайды. Заттардың құрамындағы қоспалар олардың балқу температурасын төмендетеді және бастапқы балқудан толық балқығанша таза заттар сияқты соңғысы қалмайды. Құрамында қоспалар болғанда сұйықтардың қайнау температурасы көтеріледі және қайнағанда тұрақты болып қалмайды.
Заттардың тазалығы туралы түсінік қазіргі бейорганикалық химияда үлкен орын алуда. Нақты таза заттар табиғатта кездеспейді. Сондықтан да мүлдем ерімейтін заттар жоқ және кез-келген зат қоспалармен араласқан. Сондықтан қоспалар заттың құрамын өзгертеді.
Таза заттар алудың қиыншылықтарының үш негізгі аспектісі бар:
Заттың қасиетін тек оны керекті дәрежеде таза күйінде алу арқылы анықтауға болады. Әртүрлі заттардың бірдей дәрежедегі қасиеттерін анықтау, олардың тазалығы бірдей болғанда ғана мүмкін болады.
Заттарды қажетті тазалыққа дейін тазартуға мүмкіндік беретін әдістерді таңдап алу.
Тазалықты бақылауды жеткілікті сезімтал және селективті әдістермен қамтамасыз ету. (Я.А. Угай. Неорганическая химия. 1989. 46-47 б).
Ғылым мен техниканың даму барысында таза заттар алуда соңғы он жылдықта химияның жетістіктері өте зор және техникалық прогресс те аз емес. Соңғы 40-50 жылда таза заттар туралы түсінік өзгеріп (әсіресе "химиялық таза"), лабораториялық реактивке деген сұраныс өсті. Таза заттар өндіру кезінде әдетте, қоспалардың құрамын 0,1-1(-ке, яғни пайыздың жүзге дейінгі үлесіне дейін оңай төмендетуге болады. Әрі қарай тазарту өте күрделі де қиын болып табылады. Реактивтермен жұмыс істеген кезде олардағы қоспа құрамын бір ретке төмендету реактивтің бағасының өсуіне әкеледі. Сондықтан өте дәлдікті қажет етпейтін жұмыстарға тазалығы жоғары препараттарды қолданып керек емес.
Реактивтердің мынадай квалификациялары бар: "таза", (т)"анализ үшін таза" (а.ү.т.), "химиялық таза" (х.т.), "аса таза" (а.т.) Соңғысы өз кезегімен бірнеше маркаларға бөлінеді.
"Таза" квалификациялы реактивтер әр түрлі лабораториялық жұмыстарда оқу және өндірістік сипатта үлкен сұраныспен қолданылуы мүмкін.
"Анализ үшін таза" реактивтер аты көрсетіп тұрғандай аса дәлділікпен орындалатын аналитикалық жұмыстарға арналған. "А.ү.т." препараттарындағы қоспалардың аз болатындығы соншалықты, әдетте анализ нәтижелерінде көп қате болмайды. Бұл реактивтерді ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолдануға толық мүмкіндік бар. Соңғысы, "химиялық таза" квалификациясының реактивтері жауапты ғылыми зерттеулерге арналған, олар сонымен бірге жұмыс ерітінділерінің титрлерін тағайындауға арналған заттар ретінде қолданылады. Осы үш квалификация жалпылама қолданылатын барлық реактивтерді қамтиды. Тазалығы өте жоғары ("аса таза") препараттар нақты мақсатқа қолдануға негізделген, оларда қоспалардың тіпті миллион үлесінің пайызы болмайды. Мұндай аса таза заттарды тек қана берілген фазаларда қоспалардың әртүрлі таралуына негізделген тазалаудың арнайы физика-химиялық әдістерінің көмегімен алуға болады. "Аса таза" квалификациялы заттарды сублимация, экстракция, хроматография, кристалдау, зоналық балқыту арқылы алуға болады. Жәй аналитикалық және ғылыми жұмыстарды орындау үшін аса таза қымбат заттарды қолданудың қажеті жоқ.
Қазіргі заманғы реактивтер өндірісінде қайта кристалдау, химиялық тұнбаға түсіру, транспорттық реакциялар, дистилдеу, ректификация, экстракция, зоналық балқыту, иондық алмасу және адсорбция әдістері қолданылады. Лабораторияда заттарды тазалау үшін олардың агрегаттық күйіне байланысты осылардың кейбіреулері қолданылады.
Қатты заттарды тазалау әдетте екі әдіспен жүзеге асады: қайта кристалдау және бірден буландыру; сұйықтарды-сүзу мен айдау; газдарды-әртүрлі химиялық реагенттермен қоспаларды жұту.
Достарыңызбен бөлісу: |