б) Гидролиз дәрежесіне температураның әсері.
Сынауыққа 7-8 мл дистилденген су құйыңдар және оған натрий ацетаты кристалын салыңдар. Тұздың гидролизінің молекулалық, иондық реакция теңдеулерін жазыңдар. Натрий ацетаты ерітіндісі қандай рН мәнін көрсету керек: 7-ден кіші немесе жоғары ма?
Тұз ерітіндісі бар сынауыққа бір тамшы фенолфталеин тамызыңдар және қайнағанға дейін қыздырылған сулы жылытқышқа сынауықты батырыңдар.
Қыздырғанда фенолфталеин түсінің өзгеруін негізге ала отырып ОН- иондары концентрациясының өзгеруі туралы қандай қорытынды жасауға болады? Гидролиз тепе-теңдігі қай бағытқа ығысады? Сынауықты суық суда суытыңдар. Гидролиз тепе-теңдігінің ығысуы тағы да байқала ма?
Тұз гидролизі дәрежесіне температураның әсері туралы қорытынды жасаңдар. Бұл құбылыстың себебін түсіндіріңдер.
в) Тұз гидролизінің дәрежесіне ерітіндінің сұйылуының әсері.
Сынауыққа 2-3 тамшы сүрме (ІІІ) хлориді ерітіндісін құйыңдар және оксосүрме хлоридінің SbOCl ақ тұнбасы түзілгенге дейін тамшылатып су қосыңдар. Бұл тұнба гидролиздің екінші сатысында Sb(OH)2Cl-дан суды бөліп алу салдарынан түзіледі.
Сүрме (ІІІ) хлориді гидролизінің бірінші және екінші сатысындағы молекулалық және иондық теңдеулерін жазыңдар және оның гидролизінің Sb(OH)2Cl түзілгенге дейінгі жалпы теңдеулерін жазыңдар. Сүрме (ІІІ) хлориді бірінші сатысының гидролиз константасын анықтаудың формуласын көрсетіңдер. Гидролиз дәрежесіне ерітіндінің еруінің әсерін осы константа көмегімен анықтаңдар. Қай реактивті қосуымен сүрме хлоридінің гидролиз дәрежесін төмендетуге болады. Өздеріңнің қорытындыларыңды тәжірибемен тексеріңдер.
Тұздардың гидролиз дәрежесіне сұйылтудың әсері туралы ортақ қорытынды жасаңдар. Қандай тұздардың гидролиз дәрежесі ерітіндіні сұйылтқан кезде өзгермейді?
г) Тұздар гидролизіне сутек иондарының концентрациясының өзгеруінің әсері.
Сынауыққа 8-10 тамшы дистилденген су құйыңдар және қалайы (ІІ) хлоридінің кристалын қосыңдар. Ерітіндіні шыны таяқшамен араластырыңдар. Түзілген ақ тұнба қалайының негіздік тұзы SnOHCl болады. Осы тұз қандай процесс нәтижесінде түзіледі?
Молекулалық және иондық реакция теңдеулерін жазыңдар? Гидролизді басу үшін ерітіндіде қай иондардың концентрациясын өсіруге болады? Осы иондарды қосыңдар. Тұнба еріді ме?
Достарыңызбен бөлісу: |