Бейорганикалыќ Ќосылыстардыѕ негізгі кластары


Диполь – бірінен-бірі белгілі қашықтықта орналасқан шамалары бірдей, таңбалары қарама-қарсы екі нүктелік электр зарядтардың жиынтығы. Донор



бет187/189
Дата05.11.2022
өлшемі5.26 Mb.
#464071
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   189
химия дәрістер (1) (1)

Диполь – бірінен-бірі белгілі қашықтықта орналасқан шамалары бірдей, таңбалары қарама-қарсы екі нүктелік электр зарядтардың жиынтығы.
Донор – байланыс түзуге қос электронды орбиталін, яғни электрон жұбын жұмсайтын атом.
Еріткішішінде еріген зат молекула, не тіпті ион түрінде біркелкі болып араласатын орта.
Ерітінді – ең кемі екі компоненттен тұратын біртекті жүйе.
Ерітіндінің концентрациясы – ерітіндінің белгілі көлем не салмақ бірлігіндегі еріген заттың мөлшері.
Изотоп – элемент атомдарының массасында айырмашылығы бар әрбір түрі.
Ингибитор – реакцияны баяулататын заттар.
Индикатор – сутек иондарының концентрациясына қарай өз түсін өзгертіп, ерітіндінің қышқыл, бейтарап, не сілтілік екенін көрсететін арнаулы реактивтер.
Иондық байланыс – қарама-қарсы зарядталған иондардың электростатикалық тартылысуы.
Калориметр – физикалық не химиялық процесте бөлініп шығатын немесе сіңірілетін жылудың мөлшерін өлшейтін құрал.
Катализ – катализатордың әсерінен реакция жылдамдығы өзгеретін процесс.
Катализатор – реакцияның жылдамдығын өзгертіп, бірақ реакция нәтижесінде өздері химиялық өзгермей қалатын заттар.
Катод – тотықсыздану процесі жүретін электрод.
Кермек су – табиғи сулардың құрамында еріген күйде кальций мен магний тұздарының көп болуы.
Коваленттік – бір элементтің өзі әртүрлі жағдайларда коваленттік, не иондық көрсететін валенттілігі.
Коваленттік байланыс – бір немесе бірнеше электрон жұптары арқылы түзілетін химиялық байланыс.
Кешенді қосылыстар – қатты күйінде де, еріген күйінде де тұрақты болып келетін жоғары ретті қосылыстар.
Конденсация – газ күйінен сұйық немесе қатты күйге біріншітекті фазалық ауысу.
Коррозия – қоршаған ортаның әсерінен металдардан жасалған бұйымдардың өздігінен бүліну процесі.
Кристаллогидраттар – құрамына судың молекулалары кіретін кристалдық түзінділер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   189




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет