Бекітемін
Білім және ғылым вице-министрі
___________М. Орынханов
2013 ж. «______»_____________
5В080300- «Аңшылықтану және аң шаруашылығы»
мамандығына арналған
«Трофейлік іс» пәні бойынша
Тест спецификациясы
1. Құрастырылу мақсаты:
Тест Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарынының бітіруші курс студенттерінің оқу жетістіктерін сырттай бағалау жүргізуге, оқыту бағыттары бойынша оқу бағдарламаларын игеруін бақылау мақсатында құрастырылған.
2. Міндеті:
ҚР ЖОО бітіруші курс студенттерінің білім деңгейін анықтау.
3. Тест мазмұны мен жоспары:
Тест «Трофейлік іс» пәнінің типтік оқу жоспарына сәйкес оқу материалының келесi тақырыптарынан тұрады:
№
|
Мазмұны
|
Тапсырмалар саны
|
1
|
Аңшылық трофей экспертизасы
|
1
|
2
|
Аңшылық жануарлардың трофейі және селекциясы
|
4
|
3
|
Бұғылар тұқымдасы
|
2
|
4
|
Қуыс мүйізділер тұқымдастары
|
2
|
5
|
Қабан, құдыр аңшылығынан алынатын аңшылық трофей
|
1
|
6
|
Бұлан, елік, солтүстік бұғы және зубрдың аңшылығынан алынатын аңшылық трофей
|
2
|
7
|
Таутеке және басқа да жабайы ешкілердің өкілдерінің аңшылығынан алынатын аңшылық трофей
|
4
|
8
|
Қара құйрық, бөкен, зерен аңшылығынан алынатын аңшылық трофей
|
4
|
9
|
Таксидермия негіздері
|
1
|
10
|
Аңшылық трофейлерді безендіру және жануарлардың шошаласын жасау тәсілдері
|
4
|
|
Бір нұсқадағы тест тапсырмаларының саны:
|
25
|
4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:
Тест тапсырмалары студенттерге трофей, трофейлік аңшылық нысандары болып саналатын аңдар биологиясының ерекшеліктері және оларды бағалау туралы білімдерін анықтауға мүмкіндік береді.
5.Тапсырманың орташа орындалу уақыты:
Бір тапсырманың орындалу уақыты – 1,5 минут.
6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:
Тестiнiң бiр нұсқасында – 25 тапсырма.
Күрделілік деңгейі бойынша тесттік тапсырмалар жеңілге (1-ші деңгей) - 8 тапсырма (32%), орташаға (2-ші деңгей) - 11 тапсырма (44%), қиынға (3-ші деңгей) - 6 тапсырма (24%) бөлінеді.
7.Тапсырманың формасы:
Тест тапсырмалары берілген жауаптар нұсқасының ішінен бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін жабық формада ұсынылған.
Нұсқау: Таңдалған жауап Жауап парағындағы тиісті дөңгелекшені толық бояу арқылы белгіленеді.
8. Тапсырманың апробациясы:
Тест Қазақстан Республикасының әр аймағындағы жоғары оқу орындарының бітіруші курс студенттеріне апробацияланады.
Директор Қ.Әбдиев
Достарыңызбен бөлісу: |