Бекітемін
Білім және ғылым вице-министрі
___________ М.Орынханов
«___»__________2013 ж.
5В060200 – «Информатика» мамандығына арналған
«Алгоритмдер және деректер құрылымы» пәні бойынша
Тест спецификациясы
1. Құрастырылу мақсаты:
Тест Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарынының бітіруші курс студенттерінің оқу жетістіктерін сырттай бағалау жүргізуге, оқыту бағыттары бойынша оқу бағдарламаларын игеруін бақылау мақсатында құрастырылған.
2. Міндеті:
ҚР ЖОО бітіруші курс студенттерінің білім деңгейін анықтау.
3. Тест мазмұны мен жоспары:
Тест «Алгоритмдер және деректер құрылымы» пәнінің типтік оқу жоспарына сәйкес оқу материалының келесi тақырыптарынан тұрады:
№ | Мазмұны | Тапсырмалар саны |
1
|
Алгоритмдер. Алгоритмдерді құру қағидалары. Базалық басқару құрылымдар. Алгоритмдердің түрлері және қасиеттері.
|
1
|
2
|
Алгоритмдерді талдау. Алгоритмдерді талдау қағидалары. Алгоритмдердің күрделілігін бағалау.
|
1
|
3
|
Функцияның өсуі. Стирлинг формуласы. О-нотациясы.
|
1
|
4
|
Қарапайым рекурсии. Есептеулердің тиімді негізгі сұлбалары. Арифметиканың алгоритмдері, көпмүшеліліктерді есептеу.
|
1
|
5
|
Деректер типі. Құрылымды және базалық деректер типі. Кірістірілген және саналатын типтер.
|
1
|
6
|
Сілтеуіштер. Жадыны динамикалық үлестіру.
|
2
|
7
|
Деректердің құрылымы. Сызықты және сызықты емес құрылымдар. Стектер, дектер, кезектер. Ақпаратты құрылымдарды өңдеу алгоритмдері.
|
2
|
8
|
Абстрактылы деректер типі. Тізімдерді өңдеу алгоритмдері.
|
2
|
9
|
Рекурсивті алгоритмдер. Бірігу алгоритмдер.
|
2
|
10
|
Рекурсия, рекуррентность и итерация.
|
2
|
11
|
Алгоритмы сортировки. Алгоритмы внутренней сортировки. Алгоритмы внешней сортировки.
|
2
|
12
|
Іздеу алгоритмдері. Сызықты іздеу, екілік іздеу.
|
2
|
13
|
Қатарларды өңдеу алгоритмдері. Кестелерді толтыру алгоритмдері. Қатардың астында іздеу алгоритмдері.
|
2
|
14
|
Бағдарламалау технологиясы және әдістер. Бағдарламаны құрудың технологиясы және оны жүзеге асыру.
|
2
|
15
|
Құрылымды және модулді бағдарламалаудың негізгі қағидалары. Тиімді алгоритмдер және есептеу тиімділігі. Бағдарламаны тестілеу және қалпына келтіру әдістері.
|
2
|
|
Бiр нұсқадағы тест тапсырмаларының саны
|
25
|
4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:
“Алгоритмдер және деректер құрылымы» пәні бойынша тест тапсырмаларының құрылымы мен мазмұны курстың ғылыми және теориялық базаларын толығымен қамтиды студенттердің білімді меңгеруін бағалауға мүмкіндік береді.
5.Тапсырманың орташа орындалу уақыты:
Бір тапсырманың орындалу уақыты – 1,5 минут.
6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:
Тестiнiң бiр нұсқасында – 25 тапсырма.
Күрделілік деңгейі бойынша тесттік тапсырмалар жеңілге (1-ші деңгей) - 8 тапсырма (32%), орташаға (2-ші деңгей) - 11 тапсырма (44%), қиынға (3-ші деңгей) - 6 тапсырма (24%) бөлінеді.
7.Тапсырманың формасы:
Тест тапсырмалары берілген жауаптар нұсқасының ішінен бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін жабық формада ұсынылған.
Нұсқау: Таңдалған жауап Жауап парағындағы тиісті дөңгелекшені толық бояу арқылы белгіленеді.
8. Тапсырманың апробациясы:
Тест Қазақстан Республикасының әр аймағындағы жоғары оқу орындарының бітіруші курс студенттеріне апробацияланады.
Достарыңызбен бөлісу: |