Бекітемін Білім және ғылым вице-министрі М. Орынханов 2013 ж



Дата25.02.2016
өлшемі48 Kb.
#21897
Бекітемін

Білім және ғылым вице-министрі

______________ М.Орынханов

2013 ж.«______»_____________

«5B051100 – Маркетинг» мамандығына арналған

«Маркетингтік зерттеу» пәні бойынша

Тест спецификациясы
1. Құрастырылу мақсаты:

Тест Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарынының бітіруші курс студенттерінің оқу жетістіктерін сырттай бағалау жүргізуге, оқыту бағыттары бойынша оқу бағдарламаларын игеруін бақылау мақсатында құрастырылған.



2. Міндеті:

ҚР ЖОО бітіруші курс студенттерінің білім деңгейін анықтау.



3. Тест мазмұны мен жоспары:

Тестіге «Маркетингтік зерттеу» пәні бойынша типтік оқу жоспары негізіндегі оқу материалы келесі бөлімдер түрінде енгізілген.






Тақырыптың мазмұны

Тапсырмалар саны

1

Маркетингтік зерттеулердің теориялық негіздері. Маркетингтік зерттеудің мәні, мазмұны және ұйымдастыру

2

2

Маркетингтік зерттеулерді жүргізудің негізгі бағыттары

2

3

Маркетингтік зерттеулердегі ақпарат

2

4

Маркетингтік зерттеулерді жоспарлау

2

5

Маркетингтік зерттеулерді жүргізу үрдісі

2

6

Маркетингтік зерттеулерді ұйымдастыру және этика

2

7

Маркетингтік зерттеулерді жүргізудің жалпы әдістері

1

8

Бақылау жүргізу әдісі

1

9

Эксперимент жүргізуді ұйымдастыру

1

10

Пікір сұрау жүргізу

2

11

Іріктемені жоспарлау

1

12

Маркетингтегі сандық және сапалық зерттеулердің жіктелуі

1

13

Маркетингтегі фокус-топ әдісі

2

14

Зерттеудің панелдік әдісі

2

15

Маркетингтің талдаулық жүйесі және нәтижелерді әзірлеу

2




Тестінің бір нұсқасында тапсырмалар саны

25


4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:

«Маркетингтік зерттеу» пәні әдістемелік және тәжірибелік түрде шаруашылық субъектілердің әрекеттерімен байланыстырылған. Тест мәтіндері нарық заңдарына сәйкестірілген, ғылыми сенімді және өндірістің тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін көтеруге бағытталған. Тапсырмалар мазмұнының сипаттамасы білімнің сапалық денгейін айқындауға мүмкіндік береді, маркетингтің қазіргі концепциасын ойластыруға, Қазақстанның мекемелері мен кәсіпорындарының іс-әрекетінде іске асыруға мүмкіндік береді. Пәннің мазмұнын оқу мен игеру оған әсерін тигізеді.



5.Тапсырманың орташа орындалу уақыты:

Бір тапсырманың орындалу уақыты – 1,5 минут.



6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:

Тестiнiң бiр нұсқасында – 25 тапсырма.

Күрделілік деңгейі бойынша тесттік тапсырмалар жеңілге (1-ші деңгей) - 8 тапсырма (32%), орташаға (2-ші деңгей) - 11 тапсырма (44%), қиынға (3-ші деңгей) - 6 тапсырма (24%) бөлінеді.

7.Тапсырманың формасы:

Тест тапсырмалары берілген жауаптар нұсқасының ішінен бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін жабық формада ұсынылған.

Нұсқау: Таңдалған жауап Жауап парағындағы тиісті дөңгелекшені толық бояу арқылы белгіленеді.

8. Тапсырманың апробациясы:

Тест Қазақстан Республикасының әр аймағындағы жоғары оқу орындарының бітіруші курс студенттеріне апробацияланады.


Директор Қ.Әбдиев

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет