6) Өткізу мерзімі: 12-ші апта.
7) Әдебиет:
8) Бақылау (сұрақтар, тестілік тапсырмалар).
Сұрақтар:
1.Асцит деген не?
2. Мелена деген не?
3. Панкреатит кезінде ауырсынудың орналасуы орны қайда?
Тесттер:
1~ Семіру және гиперстеникалық дене пішіні тән патология:
холецистит
өт тас ауруы
холангит
бауыр цирозы
өт жолдары дискинезиясы
2~ Кахексияға дейін жүдеу ... тән патология.
бауыр цирозына
өт тас ауруына
холангитке
холециститке
өт жолдары дискинезиясына
3~ Көбіне эмоциональды құбылмалық, невротикалық өзгерістер тән патология:
өт тас ауруы
бауыр циррозы
холецистит
холангит
өт жолдары дискинезиясы
4~ Бауыр ауруларында сарғаю дамуының ерекшелігі:
теріден басталады
гемолитикалық улар әсерінен
көзден, жұмсақ таңдайдан басталады
цитрустарды шамадан тыс жегеннен
табаннан басталады
5~ Белсенді гепатитпен ауыратын денесіндегі тамыр жұлдызшалары:
ұсақ тамыр ангиомалары
геморрагиялық бөртпелер
терідегі аллергиялық реакция салдары
ксантелазмалар
интоксикация салдары
6~ «Бауырлық алақандар» дегеніміз:
тенар және гипотенар гиперемиясы
саусақтардың «дабыл таяқшаларындай» өзгеруі
тырнақтардың «сағат әйнегі» сияқты өзгеруі
бауырлық интоксикация
ксантелазмалар
7~ Таңқурай түстес тіл сипаты:
бүрлері айқын қызыл түсті тіл
тіл ақшыл лас түсті жамылғы жамылған
қыртыстары жазылған қызыл жылтыр тіл
құрғақ бүрлі тіл
макроглоссия
8~ Бауыр патологияларында эстрогендердің жеткілікті ыдырамауымен түсіндірілетін өзгерістер:
гинекомастия, бауырлық алақандар, тілдің таңқурай түстестілігі
портальды гипертензия
бауыр жетіспеушілігі
коллатералдардың айтарлықтай өсуі
іштің бетінде «медуза басы» қалыптасуы
9~ Портальды гипертензияға байланысты қалыптасатын өзгерістер туралы қате пікір:
өңеш веналарының варикозды кеңуі
іштің бетінде «медуза басы» қалыптасуы
гинекомастия, бауырлық алақандар, тілдің таңқурай түстестілігі +
бауыр жетіспеушілігі
асцит дамуы
10~ Курвуазье симптомы дамуы:
жалпы өт өзегі бітелгеннен
өт қабы шеменінен
өт қабы эмпиемасынан
өт қабы рагінен
өт кабы кабынганнан
11~ Нормостеникалық дене пішінді сау адам бауырының перкуторлық мөлшерлері:
9 х 8 х 7 см
10 х 9 х 8 см
7 х 8 х 9 см
12 х 10 х 8 см
8 х 6 х 4 см
12~ Бауырдың атрофиялық циррозына тән перкуторлы көлемдері:
9 х 8 х 7 см
8 х 6 х 4 см
7 х 8 х 9 см
12 х 10 х 8 см
10 х 9 х 8 см
13~ Гепатомегалияға тән бауырдың перкуторлық көлемдері:
15 х 12 х 10 см
9 х 8 х 7 см
7 х 8 х 9 см
7 х 9 х 10 см
12 х 10 х 8 см
Достарыңызбен бөлісу: |