«Бекітемін» Қр бғМ вице-министрі Иманғалиев Е. Н



Дата13.06.2016
өлшемі53.63 Kb.
#133546
«Бекітемін»

ҚР БҒМ вице-министрі ____________ Иманғалиев Е.Н.

«___»___________2016 ж.


Орта білім берудегі оқу жетістіктерін сырттай бағалау бойынша

биология пәнінен тест спецификациясы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына, Жалпы білім беру ұйымдарына білім беретін пәндердің оқу бағдарламасына және Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2014-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары негізінде құрастырылған құжат.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2014-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарына сәйкес 2013 жылы Ұлттық тестілеу орталығында оқушылардың функционалдық сауаттылығын бағалауға арналған тест тапсырмаларының базасы қалыптастырылды.

Функционалдық сауаттылық бойынша әзірленген тест тапсырмаларының түрлері:

1) математикалық сауаттылық – адамның қоршаған әлемінде математиканың рөлін түсіну және анықтай алу, жақсы негізделген математикалық пайымдарды айта алу, жасампаз, қызығушы және ойлаушы азаматқа тән қазіргі кездегі және болашақтағы қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін математиканы қолдана білу қабілеттілігі;

2) жаратылыстану-ғылыми сауаттылық (биология, химия, физика, география) – қоршаған ортаны, ондағы адамның қатысуымен туындайтын түрлі өзгерістерді түсініп, ғылыми әдіс-тәсілдер арқылы зерттеп, түрлі бақылаулар мен тәжірбиелер негізінде шешімін тапқан мәселелерді өмірлік жағдайларда жаратылыстану-ғылыми білімдері негізінде қолдана білу қабілеттілігі;

3) оқу сауаттылығы (қазақ тілі, орыс тілі) – мәтін мазмұнын көздеген мақсатына жету үшін қолдана білу, қоғамдық өмірге белсенді араласуы үшін білімі мен мүмкіндіктерін дамыту мақсатында жазбаша мәтіндерді түсіну, ұғыну қабілеттілігі.

Тест базасын қалыптастыру Ережесіне сәйкес барлық тест тапсырмалары екі сараптамадан және апробациядан өткізілді.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын бағалауға арналған тест тапсырмаларының мазмұны халықаралық салыстырмалы (PISA, PIRLS т.б.) зерттеулерде қолданылатын тапсырмаларға ұқсас келеді.



1. Мақсаты: 9 сынып оқушыларының биология пәні бойынша дайындық деңгейі мен функционалдық сауаттылықтарының қалыптасқандығын бағалау.

2. Тест мазмұны. Тест тапсырмаларының қиындығы 3 деңгейде беріледі: бірінші деңгейде – 21, екінші деңгейде – 12, үшінші деңгейде – 7 тапсырма.

Биология пәні бойынша тест тапсырмалары Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде жасалған оқу бағдарламасына сай құрастырылған.





Бөлім



Тақырып



Тақырыпша

01

Ботаника

01

Өсімдіктер

01

Өсімдік жасушасы мен ұлпасы

02

Өсімдіктердің мүшелері және олардың түр өзгерістері

03

Өсімдіктердің негізгі тіршілік әрекеттері.Тыныс алу. Көбею

04

Жоғары сатыдағы және төменгі сатыдағы өсімдіктер

05

Гүлді өсімдіктердің топтарға бөлінуі

06

Бактерия, вирус, қына, саңырауқұлақтар


02

Зоология

02

Жануарлар

01

Біржасушалы жануарлар

02

Көпжасушалы жануарлар

03

Желілі жануарлар (Омыртқалылар)

03

Адам анатомиясы

03

Адам анатомиясы мен физиологиясы

01

Адам – биологиялық түр ретінде. Адам организміне жалпы шолу. Адам организмінде мүшелер жүйесінің қызмет бірлігі. Мүшелер жүйесі қызметінің гуморальдық реттелуі

02

Сезім мүшелері– анализаторлар. Жүйке жүйесі

03

Тірек-қимыл жүйесі

04

Ағзаның ішкі ортасы. Жүрек –қан тамырлар жүйесі

05

Тыныс алу жүйесі

06

Ас қорыту жүйесі

07

Ағзада заттар және энергия алмасуы. Зәр шығару жүйесі. Тері

08

Адамның көбеюі мен жеке дамуы. Мінез-құлық және психика. Адам денсаулығы

04

Функционалдық сауаттылық

04

Қолдануға арналған тапсырмалар

01

Өсімдіктер

02

Жануарлар

03

Адам анатомиясы


05

Анализге арналған тапсырмалар

01

Өсімдіктер

02

Жануарлар

03

Адам анатомиясы

06

Синтезге арналған тапсырмалар

01

Өсімдіктер

02

Жануарлар

03

Адам анатомиясы

3. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:

Оқу бағдарламасы бойынша оқушылар биология курсынан меңгеруі тиіс:

1) тірі организмдердің жалпы ортақ белгілерін;

2) өсімдік жасушасының құрылысын;

3) өсімдік организмі мен ортаның өзара байланысын;

4) негізгі жүйелік категорияларды,түрлердің белгілерін, тірі табиғат Дүниелерін, Бөлімдерді, Кластарды, жануарлардың Тұқымдастарын;

5) адам организмінің құрылыс ерекшеліктерін;

6) денсаулықты сақтау үшін гигиеналық талаптарды;

7) адамның өмір сүру ұзақтығы мен денсаулығына жағымсыз экологиялық факторлардың әсерін;

8) адам денсаулығына зиянды әдет-дағдылардың қауіпті әсері туралы;

9) кемтар ұрпақтың дүниеге келу қатерінің факторларын білуі тиіс.

4. Тапсырмалар формасы:

Тест бір дұрыс жауапты (берілген бес жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты таңдау) 25 тапсырмадан және бір немесе бірнеше дұрыс жауапты 15 тапсырмадан тұрады. Таңдаған жауапты жауап парағында берілген пәнге сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет. Тест тапсырмасын толығымен орындау – 90 минут.

5. Жеке тапсырмалар мен жалпы жұмысты бағалау:

Дұрыс орындалған бір дұрыс жауапты тест тапсырмасы үшін оқушы 1 балл, дұрыс орындалмаған тапсырмаға – 0 балл алады.

Дұрыс орындалған бір немесе бірнеше дұрыс жауапты тест тапсырмасы үшін оқушы 2 балл, бір қате үшін – 1 балл, екі және одан да көп қате үшін – 0 балл алады. Толық тест бойынша максималды балл – 55.

6. Тест тапсырмаларын апробациядан өткізу:

Тест тапсырмалары ҚР мектептерінің 9 сыныптарында апробациядан өтеді.




Ұлттық тестілеу орталығының директоры

Қ. Әбдиев


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет