«Бекітемін» Қр бғМ вице-министрі Иманғалиев Е. Н



Дата02.07.2016
өлшемі70.33 Kb.
#172046
«Бекітемін»

ҚР БҒМ вице-министрі ____________ Иманғалиев Е.Н.

«___»___________2016 ж.


Орта білім берудегі оқу жетістіктерін сырттай бағалау бойынша

қазақ әдебиеті пәнінен тест спецификациясы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына, Жалпы білім беру ұйымдарына білім беретін пәндердің оқу бағдарламасына және Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2014-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары негізінде құрастырылған құжат.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2014-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарына сәйкес 2013 жылы Ұлттық тестілеу орталығында оқушылардың функционалдық сауаттылығын бағалауға арналған тест тапсырмаларының базасы қалыптастырылды.

Функционалдық сауаттылық бойынша әзірленген тест тапсырмаларының түрлері:

1) математикалық сауаттылық – адамның қоршаған әлемінде математиканың рөлін түсіну және анықтай алу, жақсы негізделген математикалық пайымдарды айта алу, жасампаз, қызығушы және ойлаушы азаматқа тән қазіргі кездегі және болашақтағы қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін математиканы қолдана білу қабілеттілігі;

2) жаратылыстану-ғылыми сауаттылық (биология, химия, физика, география) – қоршаған ортаны, ондағы адамның қатысуымен туындайтын түрлі өзгерістерді түсініп, ғылыми әдіс-тәсілдер арқылы зерттеп, түрлі бақылаулар мен тәжірбиелер негізінде шешімін тапқан мәселелерді өмірлік жағдайларда жаратылыстану-ғылыми білімдері негізінде қолдана білу қабілеттілігі;

3) оқу сауаттылығы (қазақ тілі, орыс тілі) – мәтін мазмұнын көздеген мақсатына жету үшін қолдана білу, қоғамдық өмірге белсенді араласуы үшін білімі мен мүмкіндіктерін дамыту мақсатында жазбаша мәтіндерді түсіну, ұғыну қабілеттілігі.

Тест базасын қалыптастыру Ережесіне сәйкес барлық тест тапсырмалары екі сараптамадан және апробациядан өткізілді.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын бағалауға арналған тест тапсырмаларының мазмұны халықаралық салыстырмалы (PISA, PIRLS т.б.) зерттеулерде қолданылатын тапсырмаларға ұқсас келеді.



1. Мақсаты: 9 сынып оқушыларының қазақ әдебиеті пәні бойынша дайындық деңгейі мен функционалдық сауаттылықтарының қалыптасқандығын бағалау.

2. Тест мазмұны. Тест тапсырмаларының қиындығы 3 деңгейде беріледі: бірінші деңгейде – 21, екінші деңгейде – 12, үшінші деңгейде – 7 тапсырма.

Қазақ әдебиеті пәні бойынша тест тапсырмалары Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде жасалған оқу бағдарламасына сай құрастырылған.





Бөлім



Тақырып



Тақырыпша

01

Ежелгі дәуір әдебиеті

01

Ежелгі дәуір әдебиеті

01

Көне түркі дәуіріндегі әдебиет «Алып Ер Тоңа» дастаны, «Күлтегін жазуы» «Қорқыт ата кітабы» «Оғыз қаған» жыры

02

Ислам дәуіріндегі әдебиет Әбунасыр әл-Фараби, Ахмет Иүгінеки, Ахмет Йасауи, Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашғари, Рабғузи, Сайф Сараи

02

Ауыз әдебиеті

01

Ауыз әдебиеті - А

01

Тұрмыс-салт жырлары

02

Ертегілер

03

Мақал-мәтел, жұмбақтар

04

Аңыздар, әпсаналар (діни әңгімелер)

05

Шешендік сөздер

02

Ауыз әдебиеті - Ә

01

Батырлар жыры. «Алпамыс батыр»

02

«Қобыланды батыр»

03

«Қамбар батыр»

04

Лира-эпостық жырлар. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу»

05

«Қыз Жібек»

06

Айтыс, түрлері

03

ХV – XVIII ғғ. әдебиеті

01

Жыраулар поэзиясы

01

Асан қайғы, Қазтуған, Доспамбет

02

Жиембет, Ақтамберді, Шалкиіз жырау

03

Үмбетей, Шал ақын, Бұхар жырау

04

ХІХ ғасырдағы әдебиет

01

ХІХ ғ. І жартысындағы әдебиет

01

Махамбет Өтемісұлы

02

Сүйінбай Аронұлы, Дулат, Шортанбай Қанайұлы, Нысанбай жырау

02

ХІХ ғ. ІІ жартысындағы ағартушылар

01

Ыбырай Алтынсарин. Өмірі, шығармашылығы

03

Абай Құнанбайұлы

01

Өмірі, өлеңдері

02

Поэмалары мен қарасөздері

05

ХХ ғ. І жартысында-ғы әдебиет

01

ХХ ғ. басындағы әдебиет

01

Ш. Құдайбердіұлы, А. Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, С.Торайғыров, С.Дөнентаев, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров

06

Ұлы Отан соғысы және одан кейінгі жылдардағы әдебиет

01

Ұлы Отан соғысы және одан кейінгі жылдардағы әдебиет

01

Қ.Аманжолов. Ж.Жабаев

02

С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов

02

Мұхтар Әуезов

01

Өмірі, шығармашылығы, 20-30 ж. әңгімелері

02

«Абай жолы» роман-эпопеясы

07

ХХ ғ. ІІ жартысында-ғы әдебиет

01

ХХ ғ. ІІ жартысындағы поэзия

01

М.Мақатаев, Қ.Мырзалиев; Т.Молдағалиев, Ф.Оңғарсынова, Ж.Молдағалиев, М.Әлімбаев

02

О.Сүлейменов, М.Шаханов, Ж.Нәжімеденов, Т.Айбергенов, Х.Ерғалиев, Қ.Бекхожин, К.Ахметова

02

ХХ ғ. ІІ жартысындағы проза мен драматургия

01

І.Есенберлин, Ә.Нұрпейісов, Т.Ахтанов, М.Мағауин, Д.Исабеков, Қ.Ысқақов, А.Сейдімбеков, Қ.Әбдіқадыров

02

О.Бөкей, Қ.Жұмаділов, Б.Соқпақбаев, Ә.Кекілбаев, Ш.Мұртаза, С.Мұратбеков Т.Әлімқұлов, С.Жүнісов, С.Сарғасқаев

08

Әдебиет теориясы

01

Көркемдегіш, бейнелеуіш құралдар

01

Троп және оның түрлері

02

Фигура және оның түрлері

03

Өлең құрылымы, ұйқасы

3. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:

Оқу бағдарламасы бойынша оқушылар қазақ әдебиеті курсынан меңгеруі тиіс:

1) халық ауыз әдебиетінің үлгілері, туындының тектік, жанрлық сипаты, әдебиет және фольклор туралы жалпы ұғымдарды анықтау, қазақ ауыз әдебиетінің басты жанрларының (тұрмыс-салт жырлары, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, ертегілер, аңыз-әңгімелер, шешендік сөздер, эпостық жырлар, лиро-эпостық жырлар) негізгі белгілері;

2) ежелгі дәуір әдебиеті, ХV-ХVІІІ ғасырлардағы жыраулар поэзиясы, ХІХ-ХХ ғасырлардағы қазақтың классикалық әдебиеті, қазіргі кезең әдебиетінің үлгілерін, шетел әдебиетінің жекелеген үздік туындыларын зерделеу;

3) халық ауыз әдебиеті, XIX-XX ғасыр әдебиетінің үлгілерін, жанрларын талдай білу, көркем шығарманың негізгі мазмұнын, идеялық-тақырыптық мәнін айқындай алу, көркем шығармадағы негізгі ойды, авторлық ұстанымды анықтай білу, көркем шығармадағы оқиғаға, кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне өз көзқарасын білдіре алу;

4) көркем шығармаға қатысты тақырып, идея, сюжет, композиция, көркем бейне, типтік образ, әдеби мінез, көркем бейнелеу құралдары секілді ұғымдарды білуі, олардың көркем туындыдағы қызметін танып, талдай алу.



4. Тапсырмалар формасы:

Тест бір дұрыс жауапты (берілген бес жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты таңдау) 25 тапсырмадан және бір немесе бірнеше дұрыс жауапты 15 тапсырмадан тұрады. Таңдаған жауапты жауап парағында берілген пәнге сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет. Тест тапсырмасын толығымен орындау – 90 минут.

5. Жеке тапсырмалар мен жалпы жұмысты бағалау:

Дұрыс орындалған бір дұрыс жауапты тест тапсырмасы үшін оқушы 1 балл, дұрыс орындалмаған тапсырмаға – 0 балл алады.

Дұрыс орындалған бір немесе бірнеше дұрыс жауапты тест тапсырмасы үшін оқушы 2 балл, бір қате үшін – 1 балл, екі және одан да көп қате үшін – 0 балл алады. Толық тест бойынша максималды балл – 55.

6. Тест тапсырмаларын апробациядан өткізу:

Тест тапсырмалары ҚР мектептерінің 9 сыныптарында апробациядан өтеді.




Ұлттық тестілеу орталығының директоры

Қ. Әбдиев


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет