Бекітемін Ұто директоры Қ. C.Әбдиев 2014 ж



Дата16.07.2016
өлшемі42.76 Kb.
#203783
Бекітемін

ҰТО директоры

___________ Қ.C.Әбдиев

2014 ж. «___»_____________

«Қазіргі қазақ тілі негіздері» пәні бойынша

5В010200 - Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

мамандығына арналған

Тест спецификациясы
1. Құрастырылу мақсаты:

Тест Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарынының бітіруші курс студенттерінің оқу жетістіктерін сырттай бағалау жүргізуге, оқыту бағыттары бойынша оқу бағдарламаларын игеруін бақылау мақсатында құрастырылған.



2. Міндеті:

ҚР ЖОО бітіруші курс студенттерінің білім деңгейін анықтау.



3. Тест мазмұны мен жоспары:

Тестке «Қазіргі қазақ тілі негіздері» пәні бойынша типтік оқу жоспары негізіндегі оқу материалы келесі бөлімдер түрінде енгізілген.







Мазмұны

Тапсырма саны

1

Тіл біліміне кіріспе

Тіл білімі және оның объектісі, басқа ғылымдармен байланысы. Тілдің қоғамдық мәні мен қызметі. Тіл және ойлау. Тіл және сөйлеу. Тіл білімінің салалары.



3

2

Фонетика

Фонетика туралы түсінік және оның зерттелу жайы. Дыбыс туралы ұғым. Дауысты дыбыстар және олардың жіктелуі. Дауыссыз дыбыстар, олардың жіктелуі. Бастауыш сынып «Қазақ тілі» оқулығындағы тілдің дыбыстық жүйесіне қатысты тақырыптар. Буын, оның түрлері. Буын үндестігі. Дыбыс үндестігі және оның түрлері. Бастауыш сынып «Қазақ тілі» оқулығындағы буын және дыбыс үндестігі кездесетін тақырыптар. Орфоэпия, орфография, графика.



3

3

Лексикология

Сөз және оған тән белгілер. Сөз мағынасы және оның түрлері. Сөздің ауыспалы, келтірінді мағынада қолданылу тәсілдері. Омонимдер. Синонимдер. Антонимдер. Фразеологизмдер. Мақал-мәтелдер және олардың мәні. Бастауыш сыныптарда оқытылатын лексикалық ұғымдар. Қазақ тілінің негізгі сөздік қоры мен сөздік құрамы туралы түсінік. Сөздік құрамның толығу жолдары. Сөздердің стильдік мәніне қарай бөлінуі және оның түрлері. Диалект сөздер. Кәсіби сөздер. Терминдер. Көнерген сөздер, олардың түрлері. Неологизмдер. Қазақ тілі лексикографиясы. Лингвистикалық сөздіктер.



4

4

Сөзжасам

Сөзжасам туралы жалпы түсінік. Сөзжасамның негізгі тәсілдері. Морфемалар. Жалаң сөз. Күрделі сөздер және оның түрлері. Сөзжасамға қатысты ұғымдардың бастауыш сынып бағдарламасы мен «Қазақ тілі» оқулықтарында берілу жайы.



4

5

Морфология

Грамматикалық ұғымдар. Грамматикалық форма және грамматикалық категория туралы ұғым. Грамматикалық категориялар және олардың сөз таптарымен ара қатынасы. Сөз таптары. Зат есім. Көмекші есім. Сын есім. Сан есім. Есімдік. Етістік. Етістіктіңлексикалық-грамматикалық категориялары. Үстеу. Шылау сөздер. Еліктеу сөздер. Одағай сөздер



4

6

Синтаксис

Синтаксис туралы жалпы түсінік. Сөйлем. Сөйлемнің грамматикалық белгілері. Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінетін түрлері. Сөз тіркесі. Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен түрлері. Сөйлем мүшесі. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері. Айқындауыш мүше және оның түрлері. Оқшау сөздер және оның түрлері. Жай сөйлемнің құрылысына қарай бөлінетін түрлері. Құрмалас сөйлем. Салалас құрмалас сөйлем. Сабақтас құрмалас сөйлем. Аралас құрмалас сөйлем. Синтаксистен бастауыш сыныпта берілетін материалдар. Бөгде сөз, оның түрлері.



4

7

Емле және тыныс белгілері

Қазақ емлесінің кейбір мәселелері. Тыныс белгілерінің мәні және атқаратын қызметі. Тыныс белгілерінің түрлері және олардың қолданылуы.



3




Барлығы:

25




  1. Тапсырма мазмұнының сипатамасы:

Тестілік тапсырмалар қазақ тілінің барлық салаларын түгелдей қамтиды. Фонетика, лексика, сөзжасам, морфология, синтаксис салалары негізінде теориялық материалдар толықтай игеріліп, «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының ерекшелігіне сәйкес мектепке дейінгі оқыту орталықтарындағы тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктеріне сәйкес тілді игеру мүмкіндіктері ескеріле отырып, әріптерді тану, дыбыстарды дұрыс айту, интонацияны дұрыс қойып сөйлеуге, сондай-ақ көбірек лексикалық қорды жинақтауға септігі тиердей фонетика, лексика, морфология салаларына тапсырмалар көбірек дайындалып, басымдық берілді.

5.Тапсырманың орташа орындалу уақыты:

Бір тапсырманың орындалу уақыты – 1,5 минут.



6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:

Тестiнiң бiр нұсқасында – 25 тапсырма.

Күрделілік деңгейі бойынша тесттік тапсырмалар жеңілге (1-ші деңгей) - 8 тапсырма (32%), орташаға (2-ші деңгей) - 11 тапсырма (44%), қиынға (3-ші деңгей) - 6 тапсырма (24%) бөлінеді.

7.Тапсырманың формасы:

Тест тапсырмалары берілген жауаптар нұсқасының ішінен бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін жабық формада ұсынылған.



Нұсқау: Таңдалған жауап Жауап парағындағы тиісті дөңгелекшені толық бояу арқылы белгіленеді.

8. Тапсырманың апробациясы:

Тест Қазақстан Республикасының әр аймағындағы жоғары оқу орындарының бітіруші курс студенттеріне апробацияланады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет