Бекітемін Ұто директоры Қ. С.Әбдиев 2013 ж



Дата11.06.2016
өлшемі43.54 Kb.
#127295
Бекітемін

ҰТО директоры

___________________ Қ.С.Әбдиев

2013 ж. «_____»____________
«5В070300-Ақпараттық жүйелер"

«5В070400-Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету"

мамандықтарына арналған

«Математикалық анализ» пәні бойынша

Тест спецификациясы

1. Құрастырылу мақсаты:

Тест Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарынының бітіруші курс студенттерінің оқу жетістіктерін сырттай бағалау жүргізуге, оқыту бағыттары бойынша оқу бағдарламаларын игеруін бақылау мақсатында құрастырылған.



2. Міндеті:

ҚР ЖОО бітіруші курс студенттерінің білім деңгейін анықтау.



3. Тест мазмұны мен жоспары:

Тест «Математикалық анализ» пәнінің типтік оқу жоспарына сәйкес оқу материалының келесi тақырыптарынан тұрады:






Мазмұны

Тапсырмалар саны

1

Жиындар және оларға қолданылатын амалдар. Математикалық логика элементтері. Теоремалар. Интервалдар. Маңайлар.

2

2

Сандар тізбегі. Сандар тізбегінің шегі. саны. Ақырсыз кішкене және ақырсыз үлкен шамалар.

2

3

Функцияның нүктедегі шегі. Шегі бар функциялардың қасиеттері. Функциялардың үзіліссіздігі. Үзіліс нүктелері және олардың түрлері. Кесіндіде үзіліссіз функциялардың қасиеттері

2

4

Ақырсыз кішкене және ақырсыз үлкен функцияларды салыстыру. Айқындалмағандықтарды ашу. Тамаша шектер.

2

5

Бір айнымалды функцялардың дифференциалдық есептеулері. Туындының анықтамасы оның механикалық және геометриялық мағынасы. Дифференциалдау ережелері. Функция дифференциалы. Жоғарғы ретті туындылар және дифференциалдар.

2

6

Туындылары бар функциялар туралы теоремалар. Лопиталь ережесі. Тейлор формуласы және қатары.

2

7

Туындылары бойынша функцияларды зерттеу. Функцияны зерттеу және оның графигін салу

1

8

Анықталмаған интегралдар, олардың қасиеттері. Айнымал ауыстыру әдісі. Бөліктеп интегралдау. Рационал бөлшектерді интегралдау. Кейбір иррационал өрнектерді интегралдау. Тригонометриялық функцияларды интегралдау

2

9

Анықталған интегралдар. Қасиеттері. Ньютон-Лейбниц формуласы және оның анықталған интегралдарды есептеуге қолданылуы.. Жазық фигура ауданы, доға ұзындығы, айналу денесінің көлемі. Меншіксіз интегралдар. Бірінші және екінші текті меншіксіз интегралдар. Меншіксіз интегралдардың жинақтылық белгілері

2

10

Көп айнымалы функциялар. Көп айнымалды функциялардың анықталу аймағы. Шек. Үзіліссіздік. Функцияның дербес өсімшелері. Жоғарғы ретті дербес туындылар. Толық дифференциал. Жоғарғы ретті дифференциалдар. Көп айнымалды функциялардың экстремумдері. Функцияның ең үлкен және ең кіші мәндері.

2

11

Дифференциалдық теңдеулер. Интегралданатын дифференциалдық теңдеулердің негізгі класы.

1

12

Жоғарғы ретті дифференциалдық теңдеулер. Сызықтық жоғары ретті дифференциалдық теңдеулер.

1

13

Еселі интегралдар. Екі еселі және үш еселі интегралдарды қайталамалы интегралдарға келтіру арқылы есептеу.

1

14

Қатарлар. Сандық қатардың кейбір қасиеттері. Мүшелері теріс емес қатарлар. Қатарлардың жинақтылығының кейбір белгілері. Лейбниц қатары.

2

15

Функциялық қатар ұғымы. Дәрежелік қатарлар. Абель теоремасы. Тейлор қатары.

1




Бiр нұсқадағы тест тапсырмаларының саны

25


4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:

Тест тапсырмалары студенттердің теориялық және практикалық оқу материалдарын саналы меңгеру дәрежесін, оқу барысында үйренген әдістер мен тәсілдерді берілген нақты есептерді шешуге пайдалану қабілетін анықтауға мүмкіндік береді.



5.Тапсырманың орташа орындалу уақыты:

Бір тапсырманың орындалу уақыты – 1,5 минут.



6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:

Тестiнiң бiр нұсқасында – 25 тапсырма.

Күрделілік деңгейі бойынша тесттік тапсырмалар жеңілге (1-ші деңгей) - 8 тапсырма (32%), орташаға (2-ші деңгей) - 11 тапсырма (44%), қиынға (3-ші деңгей) - 6 тапсырма (24%) бөлінеді.

7.Тапсырманың формасы:

Тест тапсырмалары берілген жауаптар нұсқасының ішінен бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін жабық формада ұсынылған.

Нұсқау: Таңдалған жауап Жауап парағындағы тиісті дөңгелекшені толық бояу арқылы белгіленеді.

8. Тапсырманың апробациясы:



Тест Қазақстан Республикасының әр аймағындағы жоғары оқу орындарының бітіруші курс студенттеріне апробацияланады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет