Бекітемін
ҰТО директоры
___________ Әбдиев Қ.С.
«___»__________2015 ж.
«5В060700» – «Биология» мамандығы үшін
«БОТАНИКА» пәні бойынша
Тест спецификациясы
1. Құрастырылу мақсаты:
Тест Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарынының бітіруші курс студенттерінің оқу жетістіктерін сырттай бағалау жүргізуге, оқыту бағыттары бойынша оқу бағдарламаларын игеруін бақылау мақсатында құрастырылған.
2. Міндеті:
ҚР ЖОО бітіруші курс студенттерінің білім деңгейін анықтау.
3. Тест мазмұны мен жоспары:
Тест «Ботаника» пәнінің типтік оқу жоспарына сәйкес оқу материалының келесi тақырыптарынан тұрады:
№
|
Мазмұны
|
Тапсырма саны
| -
|
Кіріспе. Өсімдіктердің биосферадағы және адам өміріндегі маңызы. Өсімдіктер клеткасының негізгі ерекшеліктері.
|
2
| -
|
Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер ұлпалары
|
2
| -
|
Тұқым, өскін. Жер беті және жер асты өсу
|
3
| -
|
Тамыр және тамыр жүйелері
|
2
| -
|
Өркен және өркендер жүйесі
|
2
| -
|
Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің репродуктивтік биологиясының морфологиялық негіздері
|
2
| -
|
Төменгi сатылы споралы өсiмдiктер.
|
2
| -
|
Саңырауқұлақтар және саңырауқұлақтәріздес организмдер
|
2
| -
|
Жоғарғы сатылы немесе архегониальді өсімдіктер
|
2
| -
|
Гүлдер бөлімі немесе жабықтұқымды өсімдіктер. Магнолиопистер класы
|
2
| -
|
Даражарнақты гүлді өсімдіктер немесе лилиопсидтер
|
2
| -
|
Өсімдіктердің пайда болуы және эволюциясы
|
2
|
|
Бір нұсқадағы тест тапсырмаларының саны:
|
25
|
4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:
“Ботаника» пәні бойынша тест тапсырмаларының құрылымы мен мазмұны курстың ғылыми және теориялық базаларын толығымен қамтиды студенттердің білімді меңгеруін бағалауға мүмкіндік береді.
5.Тапсырманың орташа орындалу уақыты:
Бір тапсырманың орындалу уақыты – 1,5 минут.
6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:
Тестiнiң бiр нұсқасында – 25 тапсырма.
Күрделілік деңгейі бойынша тесттік тапсырмалар жеңіл (1-ші деңгей) - 8 тапсырма (32%), орташа (2-ші деңгей) - 11 тапсырма (44%), қиын (3-ші деңгей) - 6 тапсырма (24%) деп бөлінеді.
7.Тапсырманың формасы:
Тест тапсырмалары берілген жауаптар нұсқасының ішінен бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін жабық формада ұсынылған.
Нұсқау: Таңдалған жауап Жауап парағындағы тиісті дөңгелекшені толық бояу арқылы белгіленеді.
8. Тапсырманың апробациясы:
Тест Қазақстан Республикасының әр аймағындағы жоғары оқу орындарының бітіруші курс студенттеріне апробацияланады.
Достарыңызбен бөлісу: |