Бекітемін
ҰТО директоры
___________ Әбдиев Қ.С.
«___»__________2015 ж.
«5В060600» – «Химия» мамандығы үшін
«АНАЛИТИКАЛЫҚ ХИМИЯ» пәні бойынша
Тест спецификациясы
1. Құрастырылу мақсаты:
Тест Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарынының бітіруші курс студенттерінің оқу жетістіктерін сырттай бағалау жүргізуге, оқыту бағыттары бойынша оқу бағдарламаларын игеруін бақылау мақсатында құрастырылған.
2. Міндеті:
ҚР ЖОО бітіруші курс студенттерінің білім деңгейін анықтау.
3. Тест мазмұны мен жоспары:
Тест «Аналитикалық химия» пәнінің типтік оқу жоспарына сәйкес оқу материалының келесi тақырыптарынан тұрады:
№
|
Мазмұны
|
Тақырып саны
|
1
|
Сапалық талдаудағы айқындау және идентификациялау әдістері. Катиондар мен аниондарды сапалық талдау.
|
2
|
2
| Аналитикалық химиядағы химиялық реакциялар мен процесстердің түрлері: қышқылды-негіздік, комплекс түзілу, тотығу-тотықсыздану, тұнба түзілу. |
7
|
3
|
Аналитикалық химиядағы бөліп шығару, бөлу және концентрлеу әдістері: тұндыру; экстракция; хроматография.
|
5
|
4
|
Сандық талдау әдістері. Гравиметрия.
|
2
|
5
|
Сандық талдау әдістері. Титриметрия: қышқылды-негіздік, комплексоногметрлік; тотығу-тотықсыздану, тұндырып титрлеу.
|
7
|
6
|
Электрохимиялық талдау әдістері. Потенциометрия. Потенциометриядағы қолданылатын электродтардың жіктелуі және сипаттамасы. Тура потенциометрия. Потенциометрлік титрлеу.
|
2
|
Бір нұсқадағы тест тапсырмаларының саны:
|
25
|
4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:
«Аналитикалық химия» пәні бойынша тест тапсырмаларының құрылымы мен мазмұны курстың ғылыми және теориялық базаларын толығымен қамтиды студенттердің білімді меңгеруін бағалауға мүмкіндік береді.
5.Тапсырманың орташа орындалу уақыты:
Бір тапсырманың орындалу уақыты – 1,5 минут.
6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:
Тестiнiң бiр нұсқасында – 25 тапсырма.
Күрделілік деңгейі бойынша тесттік тапсырмалар жеңіл (1-ші деңгей) - 8 тапсырма (32%), орташа (2-ші деңгей) - 11 тапсырма (44%), қиын (3-ші деңгей) - 6 тапсырма (24%) деп бөлінеді.
7.Тапсырманың формасы:
Тест тапсырмалары берілген жауаптар нұсқасының ішінен бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін жабық формада ұсынылған.
Нұсқау: Таңдалған жауап Жауап парағындағы тиісті дөңгелекшені толық бояу арқылы белгіленеді.
8. Тапсырманың апробациясы:
Тест Қазақстан Республикасының әр аймағындағы жоғары оқу орындарының бітіруші курс студенттеріне апробацияланады.
Достарыңызбен бөлісу: |